Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының кезекті маусымының қарлығашы – «Бұлбұлдар түні» болды. Режиссер – театр ұжымының басшысы Талғат Теменов болса, Ресей драматургі Валентин Ежовтың шығармасын қазақшалаған - Әшірбек Сығай.
Спектакльдің әу мазмұны төмендегіше, оқиға 1945 жылдың мамыр айында, немістер елінің шағын ғана Кенигсберг қаласында өтеді. Жеңіс туын жаңа ғана желбіреткен шақ, кеңес солдаттарына жергілікті тұрғындармен жеке байланысқа шығуға қатаң тыйым салынған. Спектакль жеңіс әнін шаттана шырқап, азапты күндер айырылмас дос болған автоматтарды ауырсынған солдаттардың қуанышын бейнелеумен басталады. Көңіл шат, көкей серуенге тартады. Взводтың үздік сарбазы Петр Бородиннің серуені күтпеген кездесумен басталды. Кездейсоқ жолыққан Инга есімді әке-шешесі, бар жақыны соғыс өртінде кеткен неміс қызы Петрдің жүрегін де өртеп береді. Ал адал, тегі басқа болса да, түйгені ортақ, қайғысы бір сарбазға Инганың да уақыт өте жүрегі жылып береді. Алайда, заман қатал, заң басқа. Қос ғашықтың үстінен түскен лейтенант Федоровский дереу бас қолбасшыға хабарлап, жас жігітті трибуналға жіберіп, Сібірге айдататын болады. Шаруаға осы уақытта араласқан полковник Лукьянов өз басын қатерге тіге отыра, жас жігіттің өмірін сақтау үшін бір түнде құжаттарын әзірлеп, алғашқы эшелонмен елге аттандырып жібереді. Ал Петр болса, жас ғашығына уағдаласқан күйі темір күймеге отырып қоштасып кете барады...
Оқиға желісі осыған саяды. Басты рөлдерге Мұхитдин Шынтаев, Нұрлан Әлімжан, Гауһар Шәріпова мен Жанар Мақашевалар таңдалып алынған екен. Бұл спектакль - кейінің театрдағы алғашқы қадамы.
Орыс драматургының туындысын тәржімалауда, дәлірек айтқан халқымыздың ұлттық ұстанымына лайықтауда Әшірбек Сығайдың ерен еңбегі байқалады. Рас, тікелей аударылған тіркестердің көптігі де көзге ұрды. Ол, әрине, аудармашының драмтург ойынан алыстағысы келмегені болар, десе де, құлаққа жағымды естілмейтін «Тоқтаңызшы, орыс солдаты», «Сіз мені түсініңізші» сынды тіркестер көп-ақ. Нақты айтқанымызда, «әдеби театр тілінен» алшақтау жазылыпты. Дегенмен, елең еткізер, жүректі елжіретер тұстары да жоқ емес. Әсіресе, спектакльдің екінші бөліміндегі полковник Лукьянскийдің сөздері әсерлі шыққан. «Жас сарбаздың басын бәйгеге тіге алмаймыз. Оған неміс қызын ғашық еткен де оның кеңес сарбазына лайықты бітім-болмысы»! Жалпы, спектакльде жақсы ашылған бірден-бір образ – осы поковниктің бейнесі.
Спектакльдің тұңғыш көрсетіліміне «әп, бәрекелді!» деп баға бергенімізбен, «әттеген-ай, осы тұс керек пе еді?» деген сәттеріміз болғанын да жасырмаған абзал. Әсіресе, балаларға арналған театр болғандықтан, «театр тәрбиесін» де естен шығармау керек еді. Бұл – Петр мен Инганың бүйір түйістіре отырып, сахна төрінде темекі будақтататын тұсы жайында айтқымыз келгені. Оған қоса, Петрдің: «Неге темекі шегесің?» деген сауалына Инганың: «Қарын ашқанда, жалғыздықты ойлап, көзге жас тығылғанда бұл да бір сүйеніш» деген жауабы артық емес пе деп ойлап қалдық. Бұл арқылы соғыс қиындығының көрінісі ашыла түскенімен, тәрбиелік жағынан тым артық кеткендік болар. Оны басқа көрініспен де білдіруге болар ма еді?.. Спектакльдің өн бойында осы тектес «театр тәрбиесіне» сай келе қоймайтын тағы бірнеше көрініс болды. Ал ән-әуен көркемдеуі, безендіру ісінде мін таппадық. Ерекше эффектілерді қолдануды тәжірибеге енгізгені анық сезілді. Әсіресе, бомба жарылған тұста төбеден сусыған топырақ қираған қаланың көрінісн айқын сезіндірді. Бірақ, бастысы – спектакльдің айтар ойы айқын, оны көрерменге жеткізе білгендері де қуантты. Режиссер Т. Теменов өзі:
-Бұл спектакль үш тақырыптың жиынтығы: әлемді дүр сілкіндірген соғыс, екі империя арасындағы тайталас және осының бәрін жеңіп шыққан махаббат құдіреті. Біз осыны көрсеттік. Оған қоса бұл әскери-патриоттық тақырыптағы спектакльді жастарға жеткізуге асықтық. Өйткені олар бүгінге бейбіт өмірді сый еткен ағаларының азапты күндерін білуі керек, -дейді.
среда, 5 ноября 2008 г.
Tastan tarih izdegen...

Рәсімді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин сөз сөйлеп ашты: «Ұзаған ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары әдебиетімізде жаңа буын өкілдері дүниеге келді. Олардың да алды, міне, ер жасын еңсеріп, есеп беру кешін өткізіп жатыр. Бүгінгі тойдың иесі, қаламгер ұстаз, ақын, тарихшы, тілші-баспагер Сағатбектің бұл толқынның ақ шортаны екені аян. Өрге жүзіп келеді, өрге сүйреп келеді».
Қаламгердің өз есеп беру шығармашылық кешін «Тамырсыз таста тарих бар...» атауының да өзіндік маңызы ерекше. Оны кеш барысында замандас аға-інілеріне жария етті. Бала күнінен туған жердің тау-тасынан тарихтың сырын тыңдап өскен ұланның биыл қанша жыл іздеп келген Ереуілтөбені тапқан сүйіншісі бар екен. «Тарихи төбеге бір ескерткіш қою – ардың ісі, біздің ісіміз» дейді тарихшы. «Ереуілтөбе – елдіктің айғағы». Осыдан 28 жыл бұрын осы Сағатбектің бастама көтеріп, ұйымдастыруымен Ереуілтөбеге Қарқара жайлауынан бір ескерткіш қойылған еді. Қарқара көтерілісінің 90 жылдығы мерейтойында бұл ескерткіш қайта бір жаңартылды. Бірақ бұл ескерткіш дәл Ереуілтөбенің үстінде тұрған жоқ. Бүгінгі той иесінің көңілі жаңа ескерткіштің төбенің нақ төрінен бой көтергенін көксейді.
Ақын замандастарының жалаң тілегі мен жапқан шапанын ғана дәметпегені байқалады. Сондықтан ба, сөз кезегін дәстүр жаңғырту ісі мен тарихнамаға үңілумен алмастырып отырды. «Таста тамыр жоқ, бірақ тарих бар». Кештің баяндамасын көпке оқыған ақын, профессор Бауыржан Жақыптың әңгімелеуінше, тілшілерді түлеткен қарашаңырақтағы Сағатбектің ұстаздық ұлағатына бас июге болады. Оған кіші де, үлкен де шәкірт. Ал оның өзі – бәріне шәкірт. Дейтініміз, шәкіртпен шәкіртше сөйлесе біледі. «Шәкірттен де үйренетін нәрсе мол» дейді ұстаздың өзі. Соның белгісі болар, ағайының шығармашылық кешіне білімгерлері мол жиналды.
Ақын үшін туған жер тарихы аса қымбат. Оны ешкімге қиғысы келмейді, ешкімнен алабөлек ұстамайды да. Бұл кеште Сағатбек: «Мен бала күнімнен Қарқара бір менікі, менің жалғызым деп ойлаушы едім. Сөйтсем, енді ғана Қарқараның Кавказда да, Қырғызда да, бер жағы, Қытай, моңғолда да, бірталай мен баспаған жерде де бар екенін білдім. Сөйтсем, жалғызым жатта да бар екен. Ендігі мен үшін өмірлік мақсат – Қарқарасы бар барлық мекенді аралап шығу болып отыр. Туған жеріңнің бір топырағын зерттеудің мұндай үлкен сапарға бастайтынын кім білген?» деп, қаламгер ағаларға базына айта отырып, өз мақсатын жеткізді. Қарқара жайлауына жанын бере, талантын төге еңбек еткендердің бірден-бірі – осы Сағатбек Медеубек болса керек. Оның мәтіні мен әуезін де өзі жазған, 2000 жылғы «Жаңа ғасырға жаңа ән» байқауында дипломант атандырған «Қарқара» әні де бар. Ал 1995-те «Қайта оралған Қарқара саздары» атты концерт ұйымдастырғаны да есте. Бұл ақынның жаңа қырларын аша көрсетсе керек. Замандастарының бірі Сәкеңді қаламгер санаса, бірі ұстаз тұтады. Бірі оның тарихи байламдарына бас ұрса, енді бір топ ұлт жанашырының әсерлі әңгімелерінен-ақ жақын тұтады. Той барысында дәстүрлі әншіміз Сәуле Жанпейісованың «Ақ толғай» әнін де өзінің үйренген әдеттегі мақамымен емес, Сағатбектің нұсқасымен орындауы да біраз нәрседен хабар береді. Әсем нақыштағы ән әсерлі де шықты.
Сағатбектің қаламгерлік қырын танытатын «Сүндет той», «Ою хан мен Жою хан», «Сазды аспаптар сыры», «Жетісудың күйлері» мен «Жетісу әндері» кітаптары оқулыққа айналып үлгерді. Ал публицистикалық және ғылыми-танымдық мақалаларының өзі 300-ге жуықтайды. Ал таяуда оның «Байбөрі. Байбөрі!» поэмасын дүниеге әкелді. Оның қай шығармасы болмасы, тарихпен астасып жатады, яғни негізінде шындық бар. Сағатбек Медеубек – жанардың адамы. Жанарға сөйлейді, жанармен сөйлейді. Көзге тіке қарау – шыншылдықтың белгісі. Оның жанары - жүрегінің айнасы.
-...Көзіме қара,
Жоқ па деп қулық айласы.
Көзім – жүрегімнің айнасы.
Айнада сенің бейнең бар,
Оқылмаған сөйлем бар.
Түсіне қара,
түйсіне қара...
Жалт берер жанар тайғасын...

воскресенье, 2 ноября 2008 г.
Akynga arnau
Жүрегім нәзік жырға сусап мүлде,
Жүргенде, жырыңменен дем беріп ең,
Мойнымды көкке создым құсап гүлге.
Ақыннан қолқалаған қашанғы өлең,
Көңілім жай таппасын білем енді,
Асылзат, жыр күтемін асау дөнен.
Құламас бұл асаудан шын ақын деп,
Талайды мінгізгенмен бестіге ерттеп,
Шылбыр емес, ұстайды құлағын дөп.
Солардан көш бойы озық нәзік ақын,
Сүйсініп өлеңіңе айтарым бар,
Болса да жарасымсыз жасыма тым.
Демегін ақыл айтты балапан құр,
Әпке деп елжіреп ем, әттең бір жайт,
Ініңнің ақ көңілін табалап тұр.
Қыжылтып, қырнап, қинап тамағымды,
Қаза қып намазымды мен ішейін,
Жырыңа жолатпашы арағыңды.
Рас-ақ, кетер одан шалқып әнің,
Бойды алып, ойыңды алып, дегенменен,
Қалар ем, жырдан жөргек аңқығанын.
Масайратып, шала мас қылғандайын,
Қытықтатып танауды, самал есіп,
Жусан исі шығар ма ед жырдан дәйім.
Түсінем, қоғам – қасқыр, озған күші,
Жанға сөзі батса да, тісі тәнге,
Өтінем, жыр иісін бұзбаңызшы!!!
Жүргенде, жырыңменен дем беріп ең,
Мойнымды көкке создым құсап гүлге.
Ақыннан қолқалаған қашанғы өлең,
Көңілім жай таппасын білем енді,
Асылзат, жыр күтемін асау дөнен.
Құламас бұл асаудан шын ақын деп,
Талайды мінгізгенмен бестіге ерттеп,
Шылбыр емес, ұстайды құлағын дөп.
Солардан көш бойы озық нәзік ақын,
Сүйсініп өлеңіңе айтарым бар,
Болса да жарасымсыз жасыма тым.
Демегін ақыл айтты балапан құр,
Әпке деп елжіреп ем, әттең бір жайт,
Ініңнің ақ көңілін табалап тұр.
Қыжылтып, қырнап, қинап тамағымды,
Қаза қып намазымды мен ішейін,
Жырыңа жолатпашы арағыңды.
Рас-ақ, кетер одан шалқып әнің,
Бойды алып, ойыңды алып, дегенменен,
Қалар ем, жырдан жөргек аңқығанын.
Масайратып, шала мас қылғандайын,
Қытықтатып танауды, самал есіп,
Жусан исі шығар ма ед жырдан дәйім.
Түсінем, қоғам – қасқыр, озған күші,
Жанға сөзі батса да, тісі тәнге,
Өтінем, жыр иісін бұзбаңызшы!!!
понедельник, 5 мая 2008 г.
Burkittin tagdyryn sot sheshedi
Еңбекшіқазақ ауданы, Нұра ауылының тұрғыны, қария құсбегі Насыр Мәметовтің қос бүркітінен айырылып қалғанына, бір жылдан асыпты. Республикалық бүркітшілер сайысына қатыстыруға баптап, «енді, міне» деп отырған сәтте облыстық орман шаруашылығы мамандары қаруланып кеп, қарияның құстарын тартып әкетіпті. Сондағы таққан айыптары – бүркіттерге чип тағылмаған. Ақсақалдың айтуынша, ол құстарға чип тағу қажеттігін кейін ғана естіген. Оған дейін орман шаруашылығынан ешкім де келіп, не ескертпеген, не ақпараттандырмаған болып шықты. Тек 2007 жылдың төртінші айының төрті күні автоматпен қаруланып келген де, әй-шәйға қарамастан, бүркіттерді алып кете барған. Н.Мәметовтың өзі «Жалайыр Шора» құсбегілер орталығының белді мүшесі. «Он сегіз жылдан бері баптап келген құстарды бір жыл бойы бапсыз қалдыру деген, оның тырнағын не тұмсығын қырқып тастаудан да қауіпті», – дейді Н.Мәметов. Оның құстары – талай мәрте түрлі дәрежедегі бәйгелердің алдын бермей келген бүркіттер. Бүгінде ол құстар орман шаруашылығының арнайы хайуанаттар бағында ұсталып отырған көрінеді. «Бап көрген, түлкі, қасқыр алатын құстарды тар қапаста ұстау – қырандарды қорлау ғой. Тым құрығанда, басқа құсбегінің қолына берсе де не кетеді? Елімізде онсыз да құсбегілік өнерді жаңғыртуды енді-енді ғана қолға алып жатқанда, қолында билігі барлардың мына қылығын түсіне алмай қойдық», – дейді Н.Мәметов. Ашынған ақсақал құстарын қайтаруды сот арқылы шешіп жатыр. Сот мамырдың 5-іне белгіленіпті. Қыран құстардың тағдыры қансонарда емес, Шелек ауылдық сот ғимаратында шешілетіні тым күлкілі-ақ.
Uilengimiz keledi-ak...
Еліміздің демографиялық ахуалына үңілсеңіз, түрлі жағдаятқа көзіңіз қанығады. Соңғы екі-үш жылда дүние есігін ашқан бала санының өскеніне қалпағымызды көкке атқанымызбен, отбасы құрушы жастарымыздың аздығы қатты алаңдатады. Әсіресе, мұрты тебіндеп қана емес, бурылдана бастаса да, үйленуге асықпайтын жастардың жайбасарлығы қынжылтып тұр. Ай арулардың да жайы осындай. Қызмет қуып, гендерлік саясатты өзінше саралап түсінген қыздар қауымы да жасы отыздан асқанша тұрмыс құру жайын жоспарға енгізуден қалып барады... Халқымыздың демографиялық ахуалын жақсарту Елбасы Жолдауында өзекті мәнге ие болды. 2015 жылға қарай халық санын 20 миллионға жеткізу жоспарының бір бағыты да осы жас отбасыларды қолдауға негізделген.Белгілі демограф ғалым Мақаш Тәтімовтің болжамдары алдағы 10 жылдың көлемінде жастар тойына зар болып қалуымыз хақ. Олай дейтініміз – отау құратын жастағы бозбалалар мен бойжеткендер саны күрт азайып кеткен. Ол көрсеткіш әлі де кемі оны жыл өтпей өсе қоймайды. Мақаш атаның уайымы да осы, жастардың үй болуға асықпауы – еліміздің демографиясына төнген қауіппен тең. Есеппен үйленетін жастардың отбасылық өмірі мәнді өтетіні де күмәнді. Өйткені есеп құрудың өзіне пәленбай жыл жұмсалып, жасы отыздан асқанда алғаш әке, ана атанатын жастар ары кетсе, екі-үш балалы болудан арыға бармасы сөзсіз. Ал шаңырақ үшін бір-екі уықтың аздық ететіні сынды балалардың аздығы да елдікті ойлаған ердің ісі емес. Адам баласының түсінігінде отбасы – шаттық ұялаған отау ретінде сақталса, оны халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген. Киіз туырлықты халық үшін қасиет пен киенің символы болған бұл ұғым соңғы уақыттары өз мәнін жоғалтып бара жатқаны сезіледі. Ақырында, ері үйдің иесі, әйелі үйдің киесі болған сонау дәуірлердегі дәстүрлі отбасының классикалық үлгісін кейінгі ұрпақ көрмеден тамашалайтын күнге келмесек болғаны. Біз осылай аттандап жатқанда, жастардың пікірі тіпті де бөлек. «Үй болудан қашып жатқан біз жоқ, бірақ сәбилердің обалына қалмас үшін оларға тиісті жағдай жасауымыз қажет қой. Тым құрыса, басымызда баспана болса дейміз» дейді басым көпшілігі. Кейінгі жылдары той қамы да, оның жол-жоралғыларын атқару, жас отбасының еншісін беру – бәрі де еселеніп қымбаттап кеткеніне көз жеткізіп жүрміз. Қарапайым ғана той өткізуге 10 мың АҚШ долларынан кем қаржы жұмсалмайды. Ал жастарды отау қылып бөлек шығару – көп үшін қиялға ғана айналып кетті. Үй бағасының қымбаттауы, «бала-шағамен көшіп-қонып қайда барам?» деген уайым да жастардың үйленуін тым тежеп жіберген. «Қайта кейінгі кезде несие беріліп қана, біршама той осы қарыз ақшамен атқарылып жүр. Әйтпесе, бойдақ жастарымыз бұдан әлдеқайда көп болар ма еді?» дейді статист Есен Үсібәлиев. Иә, тойдан қаржы аямайтын халық үшін несиелеудің бір пайдасы осы болды.Рас, жастардың әлеуметтік ахуалы олардың санасын билеп үлгергені байқалады. Десек те, «Бас екеу болмай, мал төртеу болмайтынын» да естен шығармаған жөн. Таразы басы тең емес. Бірақ қай жағы салмақты екенін теңгергеннің оқырманның көңілі ғана сезбек болар.
понедельник, 21 апреля 2008 г.
Togyz jetimnin tagdyryn kim oilaidy?
Республикалық «Қазақстан әйелдері» қозғалысы кеше өткізген мәжілісте осыдан бір ай бұрын Алматы облысының Қарасай ауданы Ақсай шатқалында болған оқиға сөз болды.
Еске түсірсек, 20 наурыз күні «Базис А» корпорациясы директорларының бірі, бетон зауытының директоры Сергей Игнатьевтің меншігіндегі жотадағы үйдің құм мен тастан қаланған қоршауы іргетасымен қопарылып, сайдағы бір үйді жермен жексен етіп, бірнеше баспанаға зақым келген-ді. Соның салдарынан 5 адам қаза болып, бір бала ауыр жарақатпен ауруханаға түскен, 9 бала жетім қалған.
Оқиғадан бері бір ай уақыт өтсе де Игнатьевтің үстінен Қылмыстық кодекстің 23-бабы бойынша бір ғана қылмыстық іс қозғалған. Яғни, бұл оқиға табиғат апаты ретінде бағаланып, Игнатьев ешқандай жазаға тартылмайды деген сөз. Бірақ былтыр Игнатьевтің жеке меншігіндегі жерден төменде орналасқан бау-бақша кооперативінің мүшелері қауіпті оған талай мәрте ескерткенімен, директор құлақ аспаған болып шықты. Тіпті апат болған күнде де шығынды өзі көтеретіндігін құлаққағыс жасаған. Республикалық «Қазақстан әйелдері» қозғалысының төрайымы Дәметкен Әленованың айтуынша, Қарасай ауданы әкімшілігі қаза болғандарды жерлеуге жан басына 30 мың теңге бөлумен шектелген де, «оқиға осымен бітті» дегендей, қол қусырып отыр. «Тоғыз жетімнің екеуі тұл жетім. Оларға қарасатын ешкім жоқ».
Баспанасы топырақ астында қалған Жүзімбай Найманбаевқа және көршісіне жер беріліп, оған үй салып беруді Игнатьев міндетіне алғанмен, қазір ол бұдан жалтарып отырған көрінеді. «Кооператив атынан Игнатьевке жолығайық десек, күзетшілері маңына жолатпайды. Уәде еткен үйі мен жерін бермесе, шиеттей балалармен басқа барар жеріміз жоқ» дейді зардап шегуші Найманбаев.

Aldagy 15 jylda studentter sany kurt azayady
Елімізде жоғары білім беру жүйесінде соңғы алты жылда үлкен өзгерістер болды. Түбегейлі реформалаудың түпкілікті нәтижесін әлі уақыт көрсетеді, десе де қазіргі жағдай қуантып отырған жоқ. Мәселен, оқу бітірген жас мамандар кадрларға сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Әсіресе, экономика салалары бойынша маман тапшы. Оның үстіне, ауыл шаруашылығы саласын бітірген мамандар жеткілікті деңгейде қызметке орналасып жатқан жоқ. Ал дипломы бар түлектер көп жағдайда өзге қызметті таңдап жатыр. Білім саласында қордаланып үлгерген осы тектес өзекті мәселелер кеше Ортаазиялық баспасөз клубында өткен «Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы мен мәселелері» атты дөңгелек үстелде сөз болды.
Жиында алғашқы сөз кезегін алған Білім және ғылым министрлігі жоғары және одан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Гүлзада Мұхтарованың айтуынша, министрлік тарапынан қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік сапаға лайық еуростандарттар бойынша жүргізу үшін жағдай жасалып келеді. Елбасы белгілеген нанотехнология, биотехнология, ғарыш саласын игеру сынды бес бағыт бойынша жетекші оқу орындарын қалыптастыру мақсаты алға қойылған. Алайда жаңалықтың лебі әзірге сезілмей отыр. Бұл жөнінде «Министрлік баяу, бірақ дұрыс бағытта жұмыс жасап келеді» дейді департамент директоры. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Зұлхайыр Мансұров өз кезегінде елімізде жаңа реформаларды жетекші оқу орындарында енгізіп, солар қалыптастырған ізбенен өзге оқу орындары да жаңа стандарттарға көшу қажеттігін тілге тиек етті. Бұл тұрғыдан алғанда, материалдық қор, білім беру деңгейі, кәсіби кадрлер құрамы жөнінен төмен сапалы жекеменшік ЖОО-лар тағы бір аттестациялаудан өтуді қажет етеді.
Еуразиялық нарық институтының ректоры Нұрсейіт Айтқали болса, жаңа жүйелер ішінен ҰБТ мен гранттарды үлестіру ісіндегі олқылықтарды атап өтті.
– Өткен жылы 185 үміткердің қолында тестің дайын жауаптары болғаны белгілі болды. Бұл грант бөлінісінде үлкен мөлшер боп есептеледі. Бұдан білім саласы жемқорлық дертіне шалдыққаны айқын көрінеді. Екіншіден, студенттерді мамандыққа бөлгенде кемшіліктер кетіп жатыр. Бір экономика факультеттерінің студенттерін алайық. Оқу бітірген соң, жартысы – қаржы саласының мамандары, ендігі жартысы – бухгалтерлер мен аудиторлар боп шығады. Ал еліміздің бар мекемесі маркетологтар мен менеджерлерге, экономиканың басқа да көптеген салаcының мамандарына зәру. Оларға ұсынар мамандарымыз жоқ. Неге? Өйткені грант санын бөлу, одан ары салалық мамандықтарға бөлу жүйесі реттелмеген, – дейді Н.Айтқали.
Дөңгелек үстелде Ортаазиялық университет ректоры Мақаш Тәтімов білім саласына қатысты демографиялық тұрғыдағы тың деректерді келтірді. Оның мәлімдеуінше, республика бойынша алдағы 15 жыл көлемінде студенттер саны күрт азаяды. «Мәселен, мен Алматы қаласы бойынша ғана статистикалық мәліметтерді әзірледім. Бірақ қалыптасқан жағдайды осыдан-ақ көруге болады. Үш жыл бұрын қала бойынша ЖОО-ға қабылданған студенттер саны 13 мыңға жуықтаса, өткен жылы бұл есеп 9 мыңға түсіп кеткен. Ал 6 жылдан соң бұл есеп 5 мыңға дейін құлдырайды. Елде бала тууының өсуі соңғы 1-2 жылда ғана байқалды. Олар ЖОО-ға тапсырам дегенше кемі 15 жылдай уақыт керек» дейді М.Тәтімов. Бұл ретте құлақ түрерлік қорытынды – білім алушылардың азайған шағы – білім саласын ретке келтіріп алудың ең тиімді тұсы. «Бұл – саннан сапаға көшетін белес» дейді ғалым.
Дөңгелек үстел әңгімесіне өзек болған екінші бір маңызды мәселе – қазақстандық жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресті жою болды. Жиынға қатысушылардың бұл мәселедегі пікір-ұсыныстары бір жерден шықты. Ең бастысы, оқу мен методикалық құралдардың сапасын жақсарту қажет. Өйткені министрлік тарапынан қадағалаудың аздығы мен білім алушылар тарапынан оқуға деген қызығушылықтың төмендігі. Төмендігі – білім беру әдісінің тартымсыздығынан. «Сондықтан жемқорлардың ізіне шырақ алып түсіп, оларға қарғыбау салғаннан түсетін олжа аз. Ал өз кемшіліктерімізді жойып, жемқорлықтың болуына мүмкіндік қалдырмасақ, бір оқпен екі қоян атамыз» десті мамандар.
Auyl bilimi alandatyp tur

Қазақстанда білім беру саласына бөлінген қаржы соңғы жеті жылда 7 еседей артқанымен, ауыл мектептеріндегі білім сапасында ешқандай да оң өзгеріс жоқ. Айталық, ҰБТ қорытындысы бойынша, нәтиже көрсеткіштері жөнінен ауыл мектептерінің түлектері қалалық құрбы-құрдастарынан 15 пайызға төмен нәтиже көрсеткен. Ал еліміздегі 8 мың мектептің 75 пайызы ауылдық екенін ескерсек, мәселенің қаншалықты ушығып тұрғаны ап-айқын көрінеді. Бұл туралы «Сандж» зерттеу орталығының мамандары мәлімдеді.
Мәселеден шығудың өзіндік амалын ұсынған «Сорос-Қазақстан» қоры «Сапалы білімге қол жеткізу: Қазақстан Республикасында ауыл мектептері оқушыларының мүмкіндіктері мен шектеулері» атты бастама көтерді. Қордың «Бюджеттік мөлдірлік және есеп беру» атты жобасының үйлестірушісі Жәнібек Хасанның айтуынша, 10 ай бойы Қазақстанның барлық ауылдарында 132 мектеп директоры, білім беру қызметкерлері және ата-аналар қауымдастықтарымен зерттеу жұмыстары өткізілмек. «Ауылдық аймақтарда білім беру қызметі сапасын көтеру, мектептерді қаржыландыру жүйесін орталықтандыру бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу жоспарланып отыр. Біздіңше, мектептерді қаржыландыруды, яғни оның бюджетін жоспарлауды жоғарыдан емес, төменнен жүргізу керек. Басқаша айтқанда, мектеп қызметкерлері мен ата-аналар қауымдастығы бірлесіп осы мәселені шешулері керек деп ойлаймыз», – дейді Ж.Хасан.
«Сандж» зерттеу орталығының вице-президенті Айгүл Тағатованың айтуынша, ауыл мұғалімдерінің орташа айлық жалақысы 29 мың теңгені ғана құрайды. Оның үстіне жергілікті білім беруді қаржыландыру жүйесінің дұрыс реттелмеуіне байланысты мұғалім мектепке ай сайын 1,5 мың теңге бөліп отырады. Оған қоса біліктілігін арттыруға, көрнекі құралдар әзірлеуге жұмсайтын шығындары бар.
– Еліміздегі оқушылардың 47 пайызы ауылдық мектептерде оқып жатқанда, біз бұл мектептердің материалдық қоры жағын, ондағы мұғалімдердің біліктілік және әлеуметтік мәселелерін естен шығармауға тиіспіз. Бүгінде ауыл мектептерінде жоғары дәрежелі педагог мамандар тапшы, қаржыландыруы жеткілікті емес, оның үстіне материалдық қоры да мүлде стандартқа сай келмейді, – дейді А.Тағатова.
Қазіргі таңда солтүстік аймақта бір оқушыға кететін шығын 86 мың теңгені құраса, оңтүстік облыстарда бұл шығын 45 мың теңге көлемінде. Бірақ бұл айырмашылық ауылдық жерлерде мүлде құлдырап кетеді. Осылайша ауыл мектебінің оқушыларына жұмсалатын қаржы мүлде мардымсыз. Оны көп жағдайда мұғалімдер өз қалталарынан өтеп отыр.
Жиында ауыл мектебін көркейтудің бірқатар ұсыныстары да алға тартылды. «Ең алдымен ауыл мектептерінің материалдық-техникалық оқу базасын жақсартуды қолға алу керек. Екіншіден, жаңашыл әдістерді толыққанды жүзеге асыру мақсатында мектеп кітапханасын оқулықтар, әдеби және әдістемелік кітаптар, баспасөз басылымдарымен жабдықтап, мектептің ғылыми орталықтармен және жоғары оқу орындарымен байланысын нығайту кезек күттірмейтін іс. Сондай-ақ ауыл мектептерінің өзін-өзі қаржыландыруы үшін, ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие және ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен айналысу үшін, оған қажетті техникалар алу үшін мемлекеттік деңгейде көмек берілсе», – дейді мамандар.
Bala Nartay - Bauyrjan
Жас талант – Бауыржанның әншілік қыры сонау бала күнінде, бес-алты-ақ жасынан байқалған екен. Десе де, өмірін өнер жолына арнаған, әке Әлімхан Оспанов, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі ұлының бұл әуестігін балалық әсершілдікке балайды. Содан да Бауыржан ержетіп, мектепті тамамдағанда, оны консерваторияға емес, техникалық мамандық беретін оқу ордасына бағыттайды. Бірақ әуелейтін әсем әннің құдіреті бәрібір де Бауыржанды сахнаға жетелей берген...
Қазір оқуынан тыс уақыттың бәрін вокалдан беретін мұғалимасы Тұрсынай Метербайқызының студиясында өткізеді. Әзірге репертуарында 4 сүйікті әні бар. Олар «Қарындасыма», «Сен мені кімім дейсің?», «Келші, қарғам», «Жеңешем» әндері. Талай тыңдарман тарту еткендіктен бе, әсіресе, алғашқы әні жанына жақын. Осы әнімен жақында ғана Қызылорда қаласына сапарлатқанда облыстық «Сырлы саз – нұрлы Отанға» байқауында жүлделі орынды еншілеп қайтты. «Қарындасыма» жастардың да сүйікті әніне айналған. Бауыржан бірқатар ән байқауларында бақ сынап, жеңімпаз, жүлдегер атанып жүр. Өткен жылы ғана «Қазақша караоке» байқауында бағы жанса, «Жүректен жүрекке», «Әнді сүйсең, менше сүй», «Балауса» би тобының кешінде көрермен көзайымына айналды. Әсіресе, дәстүрлі әндерді дәл нақышымен орындайтын қоңыр даусы құлаққа жағымды.
Бауыржан Сыр өңірінің танымал ақын, сазгері Нартай Бекежановтың тікелей ұрпағы болып келеді. Содан да құрдас, ауылдастарының бәрі мұны «бала Нартай» деп атап кетсе керек. – Орындап жүрген әндерімнің көбі – әкемнің інісі Әлімхан Оспановтікі. Ол кісі дүниеден ерте озса да, артына көптеген әдемі әндер қалдырған болатын. Соларды Арман Дүйсенов ағамызға жаздырып, орындаймын, – дейді жас әнші. Қазір әндерін 400-500 АҚШ долларына жаздырып жүр. Негізгі демеушісі – әкесі, ағалары.
Бүгінде жас әншілердің көбі рэп, кейбірі, тіпті ауыр рок стильдеріне бет бұрып жатқанда, Бауыржан жүрекке жылы тиетін халықтық әндерді айтуға бет бұрыпты. «Қазақ халқының төл мәдениеті, өнері бар. Оны өзіміз дамытпасақ, ешкім біз үшін балақ түрінбейді. Ал рэп сынды басқа бағыттарды өзгелер дамыта берсін», – дейді «бала Нартай». Бауыржан альбом шығаруға да асығар емес. Әнші болатын жан ең алдымен жеке әндерімен халыққа танылуы керек. Ал альбом сол халыққа танылған әндердің жинағы деп есептейді ол. Сондықтан қазір жақсы әндерді жаздырып, соларды бар нақышымен орындауға көңіл бөліп жүр.
Бүгінде Бауыржанның әкесі – Әшімхан аға ұлының танымал емес, талантты әнші болуы үшін барын сап жүр. Десе де, ұлын «Сәтбаевтың» оқу ордасына бағыттап жібергеніне де өкінбейді. «Жігітке жеті өнер де аз. Елімізге техника саласын игерген де әнші керек», – деп қалжыңдайды қамқор әке. Онысын талапты ұлы да қуаттайды.
понедельник, 7 апреля 2008 г.
"Aikyn" aspanga myn shar ushyrdy
Сенбі күні «Айқын» газетінің журналистері Алматының арбатында жиналып, басылымның мыңыншы нөмірі жарыққа шығар алдында өз оқырмандарымен жүздесті. Көктемнің бұлтты күні де тілшілер мен оқырмандар қауымының қуанышын баса алған жоқ. «Айқындықтар» әуелетіп ұшырған мың шар басылымның мерекелік нөмірінің хабарын әр тарапқа сүйіншілеп әкетті. «Айқынның» түсі – қызғылт пен ақ түстен терілген шарлар мен газеттің жаңа сандары, «Айқынның» таңбасы басылған бас киімдер оқырмандарға таратылды.
Жүрекжарды лебіздерін айтуға арнайы келген оқырмандар тек газет бетінен ғана есімдері таныс қалам иелерімен жүзбе-жүз әңгіме-дүкен құрып, мәре-сәре. Әсіресе, болашақ журналистер – Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттері журналист ағай-апайларымен танысып, ақыл-кеңестерін зейін қоя тыңдады. Тілшілер мен оқырмандардың емен-жарқын кездесуі әзіл-қалжың әңгімеге толы болды.
Әдемі кездесудің естелігі «Айқынның» тәжірибелі таспагері Айтжан Салықұлының фотоаппаратымен бейнелі сурет болып қатталып жатты. Әсерлі жүздесуден тілшілер де, оқырмандар да ерекше бір қимастық сезіммен тарқасты.

"Aikyndy" saittan alem okidy. Onyn korjynynda - 26316 hat bar
«Айқынның» сайтын таныстырудың өзі ағаттық болар, өйткені сайттың өзі «Айқынды» таныстырып тұр емес пе? Басылым республикалық болғанымен, сайтымыз оны халықаралық дәрежеге көтеріп жіберді. Өйткені сайт арқылы «Айқын» жаңалықтары әлемнің бар түкпіріндегі отандастарымызға жетіп отыр. Бұл – көпке ортақ қуаныш!
Сайтымыздың өзгелерден басым тұстары жетіп жатыр. Жеңіл ашылады, жедел оқылады. Қазақ басылымдарының сайттары арасындағы ең көп ашылатын сайттың бірегейі десек, еш қателеспейміз. Сайтта «Ақ сөйле» және «Жүректің көзі» айдарларымен берілген алты жүзден аса сұхбат, «саясат», «экономика», «мәдениет», «әлеумет» сынды он бір бөлімде газеттің мыңдықтармен өлшенетін барлық мақалалары қамтылған. Сайтта жарияланған журналист жазбаларының қанша мәрте оқылғанына шейін көрсетіліп тұрады. Әзірге «Саз әлеміне саяхат» айдарының мақалалары бәйгені бермей тұр. Мәселен, «МузАрт» тобы тараған жоқ», «Әзілің жарасса, әншімен ойна» сынды мақалалар 7 мың мәртеден аса оқылыпты. Ал бұл дегеніңіз, газеттің өзінің 40 мыңға жуық таралымының үстінде тағы да 7 мыңнан астам оқырмандары бар деген сөз.
Тұрақты оқырмандарымыз берісі – Шығыс Азия, арысы – Батыс Еуропа, мұхиттың арғы бетіндегі қос Америка құрлығында да қалыптасып үлгерді. Әсіресе, Қытайдағы бауырларымыз электронды хат жолдаудан күн құрғатқан емес. Әрбір мақала, зерттеудің соңын ұтымды ұсыныстары мен пайымды пікірлерімен түйіндейді. «Айқынның» оқырмандармен кері байланысты тікелей осы сайты арқылы жүргізіп отырғанын басылымның бір артықшылығы деп бағалаған жөн. Оқырман пікірін жалғыз тілшілер емес, оқырманның да оқуына мүмкіндік бар. Басқаша айтқанда, оқырманның өзінен журналист жасап жатқан жай бұл. Айталық, Шоң Айсағали, Қазақ, Қытай қазағы, атыраулық оқырман, Қызғалдақ сынды белсенді пікір айтушылар бар. Көп оқырманымыз журналистердің мақалаларымен қатар осы кісілердің пікірлерін де ұдайы күтіп, іздеп жүретінін жасырмайды. Ендеше, «Айқынның» сайты – ақынның хатымен тең» десек, артық айтқандық бола қоймас!

воскресенье, 30 марта 2008 г.
Kazaktyn kuregi

Көршім күрек сұрай келді. Құдық қазғалы жатыр екен. Күрек көршімнің көңілінен артық па, «ләббай» деп, ауланың түкпіріндегі шағын сарайыма енсем, әшейінде қаз-қатар тізіліп тұратын 5 күрегімнің бірі де жоқ. Бәрін де «көршінің садақасы» деп таратып жіберген екенмін. Апыр-ай, алтыншы көршімнен ұят болды-ау! Күректі қойшы, көңілін айтсаңшы?!. Ертегінің мыстаны құсап, үстіңгі ернімнің астындағы қос күрек тісімнің бірін жұлып ап, аспап әзірлеп берсем бе екен? Өзінің де өңі өкпелегіштігін танытып тұр еді. Бұған дейін қайдағы бір темірге бола көңілім бұзылады деп ойламаған екем, бақсам, көңілдің күрмеуінің бір шеті күректе де жатыр екен ғой. Қазақта күрек болмаған дейді, мал баққан қаймананың қасиеттісі – қамшы, қамыт. Ал темір деген бертінде ғана қолға тиді емес пе? Жалған. Олай болса, әлгі мыстанның күрегі қайдан әңгіме боп жүр? Жауына күйрете соққы беріп, күреп тастаған да біздің бабаларымыз. Қазақтың күрегі – оның тілінде, жүрегінде. Ендеше, көршіме жүрегімді берсем, жарасып жатыр емес пе? Өкпелегіш өңі жібімесе, өзіне сын.
понедельник, 24 марта 2008 г.
Oralmandardy Otandastar deitin kez jetti...

Оралман бауырлардың елге қайтуда бір емес, қос проблемаға кезігіп отырғаны жасырын емес. Бірі – елден шығарда болса, екіншісі – Қазақстанға қоныстануы кезінде. Әрине, ресми мәліметтер болмаса да, оралмандардың кейбіреуі Қытай билігінің азаматтардың елге оралуына шектеу қойып отырғанын айтады. Әсіресе, «ақыл-ой» көзі саналатын жоғары білімді, талантты бауырларымызды өлшеулі шеңберде ұстағысы келеді екен. Бұл жағынан алғанда, бір кедергіге жолығатын қандастар үшін Қазақстанда да тосқауыл, тұсаулар аз емес. Әсіресе, Үкіметтің қаулысы бойынша 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап мамандығы бар, қызмет істеуге қабілетті, көпбалалы оралмандарға ғана квота берілетіні өзге оралмандардың елге оралуына тежеуіш болып тұр.
Елбасының арнайы шақыруымен келген әнші Отанбек Еңсеханға хабарласқанымызда, әнші Отанға оралғанына бар болғаны 15-ақ күн болғанын алға тартып, әлі қиындық көріп үлгере қоймағанын жеткізді. Дегенмен өз бетімен «елім» деп келген өзге халықтың іс жүзінде қамын жеп отырғандар шамалы екені аңғарылады. Қазақстанға келген бес жылында талай бәйгенің бас жүлдесін бермеген талапты ақын Жарас Кемелжан әлі күнге квота ала алмай, қиналып жүргенін айтады. «Біздер үшін жасалып жатқан жалғыз ғана жеңілдік – осы квота еді, соның өзіне 5 жылдан бері қол жеткізе алмай жүрміз. Оның үстіне жаңа жүйе бойынша біз сияқты жас өнер, әдебиет адамдары үшін сол квота көштің соңынан берілетіні қинап тұр» дейді ақын. Жараспен тағдырлас қазіргі поэзияның көшін бермей жүрген Тоқтарәлі Таңжарық, Ұларбек Нұрғалым сынды ақындар да баспана мен жеңілдіктен қиыншылық көріп жүргендерін ашық айтты.
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы жанындағы студент жастар орталығының ұйымдастырушысы, Қытайдан келген бауырымыз Ұшқын Сәйдірахманұлының пікірінше, Көші-қон комитетінің жұмысы біржақты ғана жүргізіліп отыр.
– Біз тек көшіп келген оралмандарға ғана емес, сырттағы бауырларға да көмек қол ұшын созуымыз керек. Олардың Қазақстан жайлы ақпараттанып отыруы үшін парсы, түрік, урду, моңғол, қытай тілдерінде сайттар жасалуы қажет. Ал әзірге бір ғана парсы тілінде сайт бар, оның өзі жақында ғана ашылды. Сондай-ақ оралмандар ұйымдарының арасында бір-бірімен еш байланыс жоқ десе де болады. Мәселен, Қазақстанда Көші-қон комитеті, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы, «Асар» оралмандардың қоғамдық қоры, «Оралмандар» одағы бар. Бірақ бәрі де жұмыстарын жеке жүргізгісі келеді. Бір-бірімен бәсекелес. Ал бізге қазір бәсеке емес, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ортақ әрекет қажет қой, – дейді Ұ. Сәйдірахманұлы.
Сырттан келген қандастарымыздың елде кездесетін әлеуметтік проблемаларынан өзге моральдық тұрғыда да ұшырасатын қиындықтары жетіп-артылады. «Ең алдымен, – дейді психолог Гүлзат Сәрсембина, – оралмандар тіл білу мен жазудан үлкен қиындық көреді. Ђйткені бізде ана тілді дамыту жолында қанша жұмыстар жүргізіліп жатқанымен, күнделікті өмірде, іс қағаздарды жүргізуде орыс тілі қолданыс бойынша алдыңғы қатарға шығып кете беретіні жасырын емес. Ал Қытай, Моңғолия сынды елдерден келіп жатқан бауырларымыздың бәрі дерлік орыс тіліне шорқақтау келеді. Оның үстіне төте жазумен жазып үйренгендер үшін кирилл қаріптерімен құжаттар толтыру, хат жазу, жалпы, бір нәрсе жазу да азаптың азабы. Бұл тұрғыдан келгенде оралман бауырлардың жаңа ортаға сіңісіп кетуі де біраз уақытты қажет етеді. Оларды ортаға бейімдеу керек, қолдау көрсету қажет». Бұл психолог маман пікірі болса, Қытайдан келген қандасымыз, жас қаламгер, бірнеше әңгіменің авторы Оразбек БекбосынныҢ назы төмендегіше астасып жатыр:
– Мен Қытайдан 2006 жылы келдім. Ђз Отаным, дербес мемлекетіміз деп, өз еркіммен мұнда келген соң азаматтықты қабылдадым. Бірақ сол мемлекетімізден оралман ретінде ешқандай жеңілдік көрген жоқпын. Әу бастан квота алу қиямет-қайым екенін түсініп, жұмысқа орналасып, өз күнімді өзім көрейін десем, әскери билет, тағы да басқа таусылмайтын құжаттар сұрап, жұмысқа алудан қашады. Оның үстіне орыс тілін білмейсің деп тағы мұқатады. Тәуелсіз мемлекеттің өз тілі бар емес пе? Ендеше, сол тілде сөйлейтін адамға, оған қоса, орыс тілін білу шарт болмауы керек қой, – дейді.

вторник, 18 марта 2008 г.
Muhannyn tegi AUEZOV pa edi?
Мұхаңның тегі ӘУЭЗОВ па еді?
Көше бойында қаптаған сауатсыз жарнамалар мен дүкен, кафе атауларына көз үйреніп, көндігіп те қалған едік, бірақ белді бір мекеменің мына сорақы қателігі қолға қайта қалам ұстатып отыр. Суреттегі тақтайша Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында мен мұндалайды. Мен мұндалаумен бірге Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясында сауатты қазақ тілі маманының жоқтығын да әйгілеп тұр. Әлі қалмай келе жатқан орысшылдық табының бұл жерден де иісі сезіледі. Әйтпесе «Әуез» сөзінің «э» емес, «е» таңбасы арқылы жазылатынын бірінші сыныптың да баласы біледі емес пе? Шамасы, орысша ойлайтын ағайынның «Ауэзов» дегенін қазақшалаған түрлері сыңайлы.
Жалпы Мұхаңның тегін бұрмалаушылықтың фактісі бір бұл ғана емес. Бұған дейін де кей оқулық, баспасөз беттерінен «Мұхтар Әуезұлы» деген сорақылықты да оқып жүрміз. Ау, жазушы әкесінің аты – Омархан еді ғой. Әлде мұны айтушылар қазақ әдебиетін гендік тұрғыдан зерттеп, жаңалық ашып отыр ма?
Мұндай қателіктер көп-ақ. Жалғыз Әуезов емес, басқа да тұлғаларымыздың аты қайсысы, жөні қайсысы екенін ажырата алмайтындар жеткілікті. Бәрінен бұрын ұлт тұлғаларының есімдері мен ата тегін әлі күнге жатқа білмейтініміз өкінішті-ақ. Дәлірек айтсақ, ұят!

понедельник, 17 марта 2008 г.
Alla uiinin atauy oilantady

Әділет министрлігі Діни комитет мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандағы мешіттердің саны жыл басында 2227-ге жетті. Әрине бұл – ресми тіркеуден өткен мешіттер. 2008 жыл басталғалы бері бұл сан тағы да бірнеше мешітпен толығуда. Мәселен, түнеукүні ғана Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданындағы Аңғал батыр ауылында жаңа мешіт ашылып, жұма намазы оқылды. Ауданда бой көтерген жетінші мешітті ауыл тұрғындарына жергілікті кәсіпкерлер тарту етті. Алла үйін салған не салдырған азаматтарға алғыстан өзге айтар артық ауыз сөзіміз жоқ. Әрбір мешіттің мүмин халықтың исламға бет бұруына қызмет етіп жатқанына шүбә келтірмес болар. Қасиетті Құран кәрімде: «Егер кімде-кім артына мешіт салып кеткен болса және ол мешітте ғибадат етушілердің саны молая берсе, оны салған адамның о дүниелік өміріндегі амал дәптеріне жазылатын сауабы да көбейе түспек. Аспандағы сансыз жұлдыздар түн ішінде қалай жарқырап көрінсе, жер бетіндегі мешіттер де сондай болсын» делінеді. Дегенмен бүгінде мешіт салуды о дүниелік сауап үшін емес, осы дүниедегі атақ-даңқы мен мәртебесі үшін ғана қолға алып жатқандар жоқ емес. Ең сорақысы – адал еңбек емес, кісі мойнынан желінген арам ақшаға бой көтерген мешіттер де бар...
Иван атындағы мешітке барып жүрмесек болғаны...
Соңғы жылдары жеке кәсіпкерлер мен қалталылардың мешіт салуға деген құлшынысы күшейіп кеткені рас. Әлбетте, құптарлық та, қолдауға лайық жайт екенін әлгінде де айттық. Өкініштісі, Алла үйлеріне кез-келген адамның есімі беріле беретін дәстүр пайда болғандай. «Атың шықпаса, мешіт сал». Қалталылардың қазіргі ұраны осы тектес. Неге? Әкеңнің атымен мешіт аталса, ұрақ үшін одан артық даңқ керек пе бүгінде? Рас, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл келеңсіздікке қарсы күресті бастапты. Діни басқарманың мешіт істері жөніндегі бөлім меңгерушісі Еркінбай қажы Дуанаев мешітке атын беруге лайық адамдар тобын анықтап берді.
-Жалпы Ислам заңы бойынша, кісі атын мешітке беру – қолданыста бар нәрсе. Шариғат оған қарсы келмейді. Бұл барлық мұсылман елдеріне ортақ дүние. Алайда мешіт атауы діни араздық, алауыздықтың тууына мұрындық болмауы керек. Сондықтан біздер, діни басқарма алқасының мүшелері еліміздің қай аймағында болмасын ашылған мешітке қандай ат беруге болатынын шешіп отырамыз. Ең біріншіден, мешітке Әбубәкір Сыдық, Әбу Әли сынды дін ғұламалары, жергілікті имамдардың атын беруге болады. Екіншіден, Ислам репрессия, соғыс кездерінде дін жолында шейіт болған тұлғалардың есімін Алла үйіне беруге қарсы емес. Сондай-ақ елдің белгілі, елге еңдегі сіңген, өмірі тақуалықпен өткен қадірлі жандардың есімін де мешітке берсе ағаттық болмайды. Алайда өмірі күмәнді, күнәсі көп жандардың атын мешітке қайтсе де, бере алмаймыз, - дейді Еркінбай қажы.
«Үй ішінен үй тігу» кімге керек?
...Дегенмен Ислам шартына да, діни басқарманың талаптарына да бағынбай жүрген мешіт салушылар табылып жатыр. Олардың дені мешітті тек өз қалауындағы адам есімі берілетін болса ғана, салуға бар. Діни басқарма қарсы болған жағдайда өз алдына дербес діни басқарма ашып алып, соның аясында мешіт көтеріп жатқандар жоқ емес. Жоқ емес-ау, бақандай отыздың үстінен асып жығылады. Ең өкініштісі де сол, олардың немен айналысып, дінді қалай уағыздап отырғанын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ешқалай да қадағалай алмайды. Оған құзырлары жоқ. Ал жеке діни басқарма құруға біздің қазіргі қолданыстағы 1992 жылы қабылданған «Діни сенім және діни бостандықтар туралы» Заңымыз рұқсат беріп отыр. Бірақ «үй ішінен үй тігу» кімге керек?
Мешіт мәселесінен шығатын тағы бір проблема – діни бірлестік құрып, өз дегендерін жасап отырған түрлі діни ағымдардың мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда бір Алматы қаласының өзінде 40 конфессиядан тұратын 200-ден аса діни бірлестік жұмыс жасайды. Оның ішінде 41 ислам, 16 православия, 6 католицизм, 3 иудаизм, 1 буддизм, 144 протестанттық бағыттағы, 13 дәстүрлі емес діндер бағытындағы бірлестіктер тіркелген. Әділет министрлігі Діни істер комитеті төрағасының орынбасары Аманбек Мұхашевтің айтуынша, халықтың миссионерлердің алдауына түсіп қалуын тездететін нәрсе – бұл дәстүрлердің әрқилылығы мен еліміздің әр облысындағы діни ұстанымның да бірізді еместігі. «Сондықтан біз дінге қатысты барлық мәселені «Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінде» шешуіміз керек. Ал дербес діни бірлестіктердің құрылуына мүлде тыйым салған дұрыс. Өйткені дін дегеніміз бір, ортақ сенім. Ислам – хақ дін. Аллаға ортақ, серік қоспаймыз ғой. Ендеше бір елде бірнеше діни бірлестік құрудың да еш қажеті жоқ» дейді қажы.
Заңға өзгеріс енгізу ісі кезек күттірмейді
Жыл басынан бері миссионерлермен күреске ерекше көңіл бөлініп, қатаң тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Мәселен, Алматы қаласында жергілікті билік орындарына миссионерлік қызметпен айналысу мақсатында келген 80 шетелдік азамат тіркелгені анықталды. Бұл өз діни ағымын мешіт ашу арқылы жүргізіп отырғандардың барынан да хабар береді. «Әрине бұл күресте ең алдымен сүйенетін тірегіміз – 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңға өзгеріс енгізбей болмайды» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Әбдімүтәлі Қайназарұлы. Діни басқарма имамдары заңның солқылдақ тұсына өзгеріс енгізу үшін өздерінің ұсынып отырған бағдарламасымен де таныстырды. Олар ұсынып отырған бағдарламадағы біздің тақырыпқа қатысты тұстары төмендегідей болып өрілген:
-Бірқатар тарихи мешіттерді қайта қалпына келтіріп, күтімде ұстау үшін олар мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасына енгізілсе;
-Үй ішінен үй тігіп, асыл дініміздің атына кір келтіріп жүрген, Ислам атын жамылған түрлі күдікті діни бірлестіктер мен жеке меншік мешіттер таратылып, сараптаудан өткізілген соң ғана Діни басқарма ұсынысымен тіркелсе;
-Бірқатар мешіттердің жері жеке адамдардың меншігінде. Бұлардың жер актісі қайта қаралып Діни басқарма балансына берілсе;
-Облыс, қала, аудан орталықтарында халық тығыз қоныстанған жерлерден ғибадат жасауына ыңғайлы болуы үшін, болашақ мешіттерге жер телімі Діни басқарма ұсынысымен ғана бөлініп отырса;
-Республика бойынша ашылған және ашылатын ҚМДБ аясындағы мешіттерге және діни оқу орындарына материалдық көмек тұрақты көрсетілсе және олар коммуналдық шығындардан мүмкіндігінше босатылса немесе жеңілдік берілсе.

четверг, 13 марта 2008 г.
Tobylgy alde kok terek?

Мен, мен дейді, менмін дейді
Өрекпіген өр көңіл.
Сірә, кімнен кеммін дейді
Бәрімізде бір өмір.
Тағдыр салса талқысына
Шыдармыз, бек көнерміз.
Қам көңілдің қайғысына
Қалай ерік береміз.
Жүрексіздің жүгі жеңіл
Жеткізер ме жеріне
Күмәнім бар, күпті көңіл
Серілер сай сертіне.
Жүректі мен жүрексіз тұр,
Көк терек пен тобылғы
Қарап тұрсаң сүреңсіз бір
Сурет дерсің солғын тым.
Алайда сен түсін терең,
Мағынаға бөл көңіл.
Жалғыз сурет ішінде кең
Талай-талай көрме тұр.
Рухым менің бұл бейнеде,
Осал жерім осында
Табысатын үлкейгенде
Қасым да бар, досым да.
Бақытым да, сорым да осы,
Бар өмірім сыйып тұр.
Жұмбақ сурет-жолдасымды
Тасталмаспын қиып құр.
Жаныштайды еңсемді мұң,
Жолға салар жөн керек.
Кім боламын ертеңгі күн,
Тобылғы әлде көк терек?
Өрекпіген өр көңіл.
Сірә, кімнен кеммін дейді
Бәрімізде бір өмір.
Тағдыр салса талқысына
Шыдармыз, бек көнерміз.
Қам көңілдің қайғысына
Қалай ерік береміз.
Жүрексіздің жүгі жеңіл
Жеткізер ме жеріне
Күмәнім бар, күпті көңіл
Серілер сай сертіне.
Жүректі мен жүрексіз тұр,
Көк терек пен тобылғы
Қарап тұрсаң сүреңсіз бір
Сурет дерсің солғын тым.
Алайда сен түсін терең,
Мағынаға бөл көңіл.
Жалғыз сурет ішінде кең
Талай-талай көрме тұр.
Рухым менің бұл бейнеде,
Осал жерім осында
Табысатын үлкейгенде
Қасым да бар, досым да.
Бақытым да, сорым да осы,
Бар өмірім сыйып тұр.
Жұмбақ сурет-жолдасымды
Тасталмаспын қиып құр.
Жаныштайды еңсемді мұң,
Жолға салар жөн керек.
Кім боламын ертеңгі күн,
Тобылғы әлде көк терек?
вторник, 11 марта 2008 г.
Jana jahandyk tartip

Журнал жариялаған мақаланың негiзгi тақырыбы – ХХI ғасырдың iрi державалары хақында. Өткен дәуiрдiң озық елдер қатары жаңадан жасалмақ. Мақала авторы Даниел Дрезнер – Тафтс университетiнiң Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебiнде халықаралық саясат кафедрасында доцент қызметiн атқарады. «Барлық саясат жаһандық сипатқа ие» («All Politics Is Global») кiтабының авторы.
ҚҰЛПЫРУ МЕН ҚҰЛДЫРАУ
ХХ ғасыр желiсiндегi әлемдiк ұлы державалардың тiзiмi тым қысқа болды. АҚШ, Кеңестер Одағы, Жапония және солтүстiк батыс Еуропа елдерi ғана ауызға iлiгедi. Ал ХХI ғасыр үлкен өзгерiстер әкелмек. Экономикалық және саяси тұрғыдан Қытай мен Үндiстанның ауыр салмаққа көшерi сөзсiз. Алғашқысының алтын қоры триллион доллардан асып түссе, кейiнгiсi жоғарғы технологиялар секторын өркендетуге барын салып жатыр. Екеуi де ядролық қаруы барын ашық түрде жариялаған мемлекеттер. Оның үстiне әскери-теңiз флоттары да бар. АҚШ Үкiметiнiң ғылыми орталығына қарасты барлау жөнiндегi ұлттық кеңестiң болжамдарына қарағанда, 2025 жылға қарай Пекин мен Дели экономикалық даму индекстерi бойынша әлемдегi екiншi және төртiншi орындарға көтерiлмек. Ал мұндай қарқынды даму үдерiсi сонау 1940 жылдан берi қалыптасып келген халықаралық жүйеге қанжар кезенерi хақ. Басқару жұмысында Вашингтон басты рөлдi атқаратын бұл әлемдiк жүйенiң соңғы алты он жылдықта қаржы рыногына, бағаны тұрақтандыруға, ядролық қаруларды таратпау шараларына барынша ықпал етiп келетiнi белгiлi. Мiне, осы жүйеге енбей, Қытай мен Үндiстанның болашағы бұлыңғыр болмақ. Алайда кiшi Буштың соңғы алты жылдағы жұмысының барысын бақыласақ, АҚШ-тың аталмыш мәселенi оп-оңай шеше қоюы неғайбыл екенiн көремiз. Еске түсiрсек, үлкен Буштың әлемде «жаңа жаһандық тәртiп» орнатудағы атқарған жұмысын бүгiнгi ел президентi өзiнше соқпаққа бұрып әкеттi. АҚШ лидерi екi бағытты таңдады. Бiрiншiсi бойынша демократияны орнату және халықаралық терроризммен күрес желеуiмен Иракқа тiзе батырды. Алайда осының нәтижесiнде пайда болған антиамериканизмнiң салдарынан Буштың екiншi бағыты тасада қалып қойды. Ал оның екiншi бағыты – дамушы мемлекеттердi көтеру арқылы әлемдiк жаңа тәртiптi орнату болатын. Бұл жөнiндегi АҚШ-тың арнайы бағдарламасы ерекше әзiрлiкпен дайындалғанымен, оны iске асыруда кездесетiн кедергiлер де жоқ емес. Ең алдымен Қытай және Үндiстан секiлдi қарқынды даму жолындағы елдерге созылған қол ұшы басқа елдердiң экономикалық ахуалының нашарлауына әкелiп соғары хақ. Екiншiден скептикалық көзқарастағы Аргентина, Нигерия және Пәкiстан секiлдi мемлекеттер жаңа екi алпауыттың пайда болғанына қарсыласып бағады. Алайда осының бәрiн таразыға салған кезде АҚШ үшiн Қытай мен Үндiстанды қатарға қосудың қажеттiлiгi басым түседi. Өйткенi бұл екi елге халықаралық ұйымдардың қақпасы айқара ашық болмаса, олардың өздерiнiң жаңа ұйымдар ашуға құрықтары жетедi. Ол жағдайда АҚШ бұл ұйымдарды тек сырттан ғана бақылай алатын болады.
БАСТАУ
1940 жылдар ортасында Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзiлiк банк, ал онжылдық аяғында Тариф пен сауда жөнiндегi бас келiсiм (ГАТТ) және НАТО ұйымдары құрылған кезеңде АҚШ батыс әлемiнiң талассыз лидерi болатын. Ал аталмыш ұйымдардың жұмысы Америка мен оның еуропалық одақтастарының қалауы бойынша жүргiзiлдi. Әрине Франция мен Ұлыбритания бiрнеше ғасырлардан берi ұлы держава мәртебесiн иеленiп келедi. Оларға БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты мүшесi болу мiндетi жүктелген. Ал Халықаралық валюта қорының жарғысына сәйкес, Қордың директоры қызметiн мiндеттi түрде еуропалық елдiң өкiлi атқаруы тиiс.
Алайда бүгiнде жағдай бiршама өзгерген. «Goldman Sachs» және «Deutsche Bank» банктерiнiң болжамынша, 2010 жылы «БРИК» тобы аталатын Бразилия, Ресей, Үндiстан және Қытай елдерiнiң жылдық ұлттық кiрiсi АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания және Италия елдерiнiкiнен озып кетсе, 2025 жылы «G7» тобындағы жоғары дамыған жетiлiктiң ұлттық кiрiсiнен 2 есеге асып түсуi мүмкiн. Расына келгенде мұндай экономикалық өсiм 1990 жылдардың басында-ақ байқалған болатын. Алайда Вашингтон билiгi жұмыс жасап жатқан халықаралық ұйымдарды қуаттау арқылы дамушы елдердiң халықаралық институттар жұмысына араласуын кешеуiлдетiп тастады. Ашып айтсақ, ГАТТ Дүниежүзiлiк сауда ұйымына айналып шыға келсе, НАТО құрамына Шығыс Еуропа елдерiн қабылдап, керегесiн кеңейттi. Осылай 1989 жылы құрылған Азия-Тынық мұхиты бiрлескен экономикалық ұйымы мен 2001 жылы Қытайдың ДСҰ-ға кiруiнен (әрине үлкен қиындық, кедергiлерден кейiн) өзге дамушы мемлекеттердiң халықаралық ұйымдарға араласуының нышаны байқалмады. Бiрақ дамушы мемлекеттер тарапынан АҚШ-қа деген наразылық пен қарсылық қатталып, жинала түстi. 1990 жылдары Азияда орнаған қаржылық дағдарыс кезiнде халықаралық валюта қорының көмек қолын созбауы, 1998 жылғы Үндiстан өткiзген ядролық қару сынағын Вашингтонның қуаттамауы Дели билiгi наразылығын тудырса, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiрер тұста көп кедергiлерге ұшыратқаны үшiн Қытайдың АҚШ-қа деген өкпесi қара қазандай. Оның үстiне НАТО әскери күшi арқылы Косовоға жасаған шабуыл, Белградтағы Қытай елшiлiгiнде болған жарылыс Қытай ұлтшылдығын оятты. Бiр сөзбен айтқанда, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдер жаңа мыңжылдық табалдырығын Америкаға деген асқан наразылықпен аттаған болатын.

ЖАҢА БАҒЫТ
Бүгiнде АҚШ-тың ниетi өзгерген. Ұлы державалар қатарынан Қытайды көруге кет әрi емес. Өйткенi 1980-жылдары әлемдiк экономикалық белсендiлiктiң 50 пайызы «G7» тобындағы жетiлiктiң үлесiне келетiн. Ал қазiр Ресей қосылған «G8» пiшiнiнiң өзiнде Қытайдың экономикалық ауыр салмағынсыз экономикалық үстемдiктi ұстап тұра алмайды.
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған террорлық актi мен оған қарсы АҚШ-тың Иракқа ашқан соғысы жайында көптеген кiтаптар жазылғаны белгiлi. Олардың көпшiлiгi Вашингтонды демократияландыру жұмысын дипломатиялық жолмен емес, күш көрсету арқылы жүргiздi деп айыптайды. Осы оқиғалардан кейiнгi АҚШ билiгiндегi кадрлардың ауысуын да осы айыптауларға байланыссыз болды дей алмаймыз. Тоқ етерi – АҚШ-тың дамушы елдерге ден қоя бастауы мемлекеттiк хатшы қызметiне Кондолиза Райстың келуi, қаржы министрi болып Генри Полсонның тағайындалуымен тiкелей байланысты.

БАТЫЛ ҚАДАМДАР
Ендiгi әңгiменi жаһандық күштердi жаңаша жасақтаудағы АҚШ-тың атқарып жатқан жұмыстарымен жалғасақ. Ең алдымен АҚШ мемлекеттiк аппаратында Қорғаныс министрлiгi үлкен өзгерiстерге қозғау салды. Айталық 2004 жылы Американың ел шекарасы сыртындағы 250 мың әскерi 45 елде орналасқан болса, Буш жарлығымен осы әскердiң белгiлi бөлiгi елге қайтарылып, қалғаны жаңа қауiп аймақтарына орналастырылатын болды. Ал бұл аймақтарға негiзiнен Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Тынық мұхиты аймағы жатады. Екiншi жағынан Вашингтон Делимен қарым-қатынасты жақсартудың жолын iздестiруде. Өткен мыңжылдықтың соңғы он жылдығында АҚШ Үндiстан мен Пәкiстан арасындағы Кашмирге қатысты дауды шешуге атсалысқаны белгiлi. Бұл әрекет өз жемiсiн бермей қойған жоқ. Пәкiстанның АҚШ-тың терроризмге қарсы күрестегi негiзгi одақтасы екенiне қарамастан, соңғы 5 жылда АҚШ-Үндiстан қарым-қатынасынан жылылық лебi сезiледi. Өткен жылы мемлекеттер басшылары ядролық энергияны бейбiт мақсатта қолдану жөнiндегi екi жақты келiсiмге қол қойысты. Бұл дегенiмiз АҚШ Үндiстанды ядролық держава ретiнде мойындады деген сөз. Бұған қоса Буш әкiмшiлiгi Халықаралық валюта қорынан Қытайдың өзгелерден көбiрек дауыс алуына жағдай жасап отыр. Бiрақ әзiрге АҚШ батыл қадамдарға ойланбастан барғанымен, нәтижесi көңiлден шығар емес. Қытайдың ХВҚ-нан алған дауыс квотасы 2,98 пайыздан бар болғаны 3,72 пайызға көтерiлген.
ТАҚЫРЫП ТҮЙIНI
Ал АҚШ-тың «G20» тобын құру жөнiнде танытқан ықыласына осы топтан үмiткер елдердiң өзi iшкi нарығын айқара ашқысы келмейтiнi кедергi келтiрiп отыр. Тағы бiр кездесетiн қиындық - АҚШ-тың жанына жаңа одақтастар тарту үстiне бұрынғы батыс Еуропа елдерiмен де қатынасын үзгiсi келмейтiндiгi. Өйткенi АҚШ екi одақтас топтың да тiлiн тапқанымен, өзге «екi қошқардың басы бiр қазанға сыя қоюы» неғайбыл нәрсе. Расын айтқанда, АҚШ-тың жасаған стратегиялық жоспары керемет, бiрақ орындалуы өте қиын. Екi одақтас топтың бiреуiнен қол үзу қаупi зор. Бiрақ таяқтың екi ұшы да АҚШ-қа жайлы тимесi анық. Егер Қытай мен Үндiстанға халықаралық жүйенi басқару iсiне араласуға тыйым салатын болса, екi елдiң де ұлтшыл тобы көтерiлерi сөзсiз. Тiптi қазiрдiң өзiнде Қытай АҚШ-тың құрығы жетпейтiн халықаралық институт құрып үлгердi. Құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжiкстан және Өзбекстан елдерi (бақылаушы мемлекеттер - Үндiстан, Иран, Моңғолия, Пәкiстан) кiретiн Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттердiң әскери және энергетикалық мәселелердi бiрiгiп шешуiне жағдай жасауда. Ал 2006 жылы Пекинде өткен ШЫҰ саммитiнде Иран президентi Махмуд Ахмадинежад «Ұйым мiндеттерiнiң қатарына жоғары дамыған елдердiң басқа мемлекеттердiң iшкi iсiне араласып, ықпал етуiне кедергi жасау шарасын да қоюымыз керек» деген болатын. Дәл осы саммиттен кейiн ШЫҰ декларациясында «Әр елдiң мәдениетi, дәстүрi, саяси және әлеуметтiк жүйесiндегi айырмашылықтар сол елдiң iшкi iсiне араласуға себеп болмауы керек» деген тармақ пайда болды. Түптеп келгенде, бұның Вашингтонға жасалған қарсылық екенiн аңғару аса қиынға соқпайды.
Ал Қытай мен Үндiстанды бауырына тартып, бұрынғы одақтастарынан бас тартқанның өзiнде онсыз да антиамериканизм ауруына шалдығып үлгерген ЕуроОдақ мүшелерi АҚШ көзқарасымен сәйкеспейтiн халықаралық институттар құруы әбден мүмкiн.
Қорыта айтқанда, бүгiнгi таңда АҚШ-тың болашағы бұлыңғыр. Оның алдында - сүзеген екi қошқардың басын бiр қазанға сыйдыру мiндетi тұр...

Jyr dulduli - Jumatay

Бiр күлермiн ғарыш жаққа кетерде,
Мен несiне көп кещеге кектенем.
Бiзге өлiмнiң қолы, сiрә, жетер ме,
Мұқағали, Төлегенге жетпеген.
Рас, бедел мен бақ, ақыл мен даңқты талғамайтын ажал құрығынан құтылған асау әлi туған жоқ. Алайда, биiк болмысымен дараланып, өшпес өнеге, өлмес өлең қалдырған хас таланттарды арамызда жоқ деп қалай айтарсың? Тiптi ауыз бармайды. Олар мәңгi жүрегiмiзде.
Тарлан ақын Жұматай Жақыпбаев жайлы сөз қозғағандда осындай ойға келесiң. Иә, жұмбақ ақынның өмiрi де жұмбақ, өлеңi де жұмбақ. Жұмағұл-Шора Сағадиұлы Жақыпбаев жасынан өнерлi де зерек болған дейдi. Серiлiк етпегенiмен, кербез ақын бойынан салдарға тән барлық қасиет табылады. Сымбатты, көрiктi, Кенежирендей бәйгi атын баптап, үкiлi домбырасымен үзiлтiп ән шырқаған. Оның ақиық ақын екенi алты Алашқа белгiлi. Домбырасы қолынан түспей, көкейдегi күй екпiнiмен әсем тiркестердi түйдек-түйдегiмен парақ бетiне тiзе беретiн болған. Топтап-топтап жарыққа шығаруға асықпаған. Алдымен iзбасар iнi-қарындастарына оқып, жас буынның пiкiрiн бiлiп, араға уақыт сала өңдеген, кесiп-пiшкен.
Жұматай лирикасы жайлы ұзақ түндер әңгiмелеп, тойымсыз көңiлге таусылмас азық жинауға болады. Ақын өлеңдерiндегi басты ерекшелiк — оның қазақы қалыпты, тұрмыс тiршiлiгiн бедерлеп, безендiрiп, сана мен сезiм сүзгiсiнен қатар өткiзiп, әлемдiк деңгейде жеткiзе бiлуi. Бұл, әсiресе, оның «Көктеудегi көрiнiстер, сұр тұсақ, қойшы бала және Гарсиа Лорка» балладасынан айшықты көрiнiс табады. Төлiнен жерiген тұсақтың оғаш қылығын арқа сүйер азаматын өзекке теуiп, айдауға жөнелткен елдiң ерсi әрекетiмен шебер салыстырады.
Ақынның музасы - Ләйлә. Мыңнан астам өлеңi ару Ләйләға арналған. Бiр тақырыпқа жазылған сонша өлеңнен бiр ұқсастық таппайсыз. Тоқсан жолдың торабынан тартып әкеп, өлең құрайды. Ләйлә бейнесiн сомдауда Жүсiп пайғамбар сұлулығынан ұрлағандай, қалыпты пiшiнге сыймайтын керемет теңеулермен сөз саптайды. өлең идеясы да ғашық болса, ғазал айтатын араб халқы бәйiттерiндей емес, терең сырлы, көркем де келiстi. Айталық, ақынның:
...Тек сенбi мен жексенбiнi жек көрем,
Сенi маған көрсетпейтiн күндердi... немесе:
...Адам қатар өсiрген айламенен,
Айнала ағаш, жап-жасыл
айнала - емен.
Көлеңкеден шығасың...
Басталады бiр фильм «Ләйлә» деген...
деген өлең жолдары өр көңiлдiң өзiн табанға жығып берердей қуатты.
Жұматай тұлғасының биiктiгi бiр ақындығымен дараланбайды. Оның төрт күйi бар: «Ләйлә келген», «Зайда көрген», «Қажытай» және «Жұматайдың жұпбасары». өкiнiштiсi, күйлердiң бүгiнде бiрi де қағазға түспеген, халық арасына тарамаған. Бiлетiн бiрер ғана жан бар. Олар - шайыр шаңырағының астындағы туыстары. Марқұм ақынның рухының ризалығы үшiн осы күйлердi нотаға түсiру жұмысы әлi қолға алынбай келедi.
Жұматайдың байсалдылығымен қатар, терең тапқырлығымен де шоқтығы биiк. Қалжыңы астында ауыр сын, сынының астында үкiлi үмiт, сенiм жатады. Ақынның жүйрiгi Кенежирен сәйгүлiктi ағасы Шора малға айырбастап жiбергенде жазған мына шумағы езуiңе ерiксiз күлкi, ақылыңа ашу үйiредi.
Көрмегенiң жұрттан қалған мал бiлем,

Жиренiм жоқ, ендi менiң қалды нем?
Жұрт ағасын айырбастай бастаса,
Шөке, сiздi өткiзер ем алдымен.
-деп, көңiлiндегi ауыр құлазуды, күңiрене баяндап, ағаның қате қылығын әжуәмен әшкерелейдi. Келесi бiрде ақын Есенбай Дүйсенбаевтың тiлегiне орай мына бiр шумақтарды оқып берген екен.
Талайды оқып, талайды көрiп,
өткенмен, пай-пай, оңбайды жеңгем.
Баласын кейде сабайтын келiп,
Мао-Цзе-Дундай торғайды жеңген.
Қайтпаса беттен жарады дер ем,
Iсiне барлық кiсi едi берiк.
Ағамның арақ-шарабыменен,
Айқасқа сосын түседi келiп.
Қайтарар жауап жаңа күшпенен,
Жасардай ағам бiр атақты ерлiк.
«Адольф Гитлер арақ iшпеген,
Ал содан қандай рахат көрдiк?..»
Жұматай жырсүйер қауымның, әсiресе, студент жастардың жүрегiнде керемет күй ойнатады. Ол бiз үшiн жыр жазудың мәңгiлiк университетi боп қалмақ.

среда, 5 марта 2008 г.
Ulttyk ruh
Ұлттық рух жайында кең көсіле сөйлеп, парақтан парақ ауыстырып небір сырлы сөзбен дастандар да жазуға болар ма еді? Бірақ, рухсыз жүректен рухты сөз шыға ма, керісінше, рухты сөз рухсыз жүрекке жете ме? Әйтпегенде, рухани қазына дейтін асыл кітаптарымыз сөрелердің шаңымен айырылыспас дос болар ма еді? Жә, ұлттық рух дегеніміз ол болмақ емес...
Ең ғажабы, мен бүгін ұлттық рухты жолықтырдым. Иә-иә, мен бүгін ұлттық рухпен кездестім. Осыдан, төрт-бес, тіпті, екі-ақ сағат бұрын шығар. Ол маған Сіз ойлағандай аян не құдайдың бұйрығы, кие, қасиет аталатын адам көзіне елеусіз нұр болып та енген жоқ. Кәдімгі өзіміз, Сіз бен біз сияқты екі аяқты, ет жүректі пенде болып келді. Рас, аз әңгімелестік, уақыт тар еді. Бірақ, көп әңгіменің алдағы күндер несібесі екеніне сеніп тарқастық.
Ол менің жұмыс орыныма келген-ді. Дәлірек айтсақ, қызметке орналаспақ ниетте кепті. Жұмыс пен табыс, асығыстық пен айқай-шуы мол біздің ұжым оның әлемінен мүлде бөлек-тін. Бірақ, ол ортаға тез сіңіп кетті. Сіңген жоқ-ау, жұмыртқаның сарысы құсап ортаға кіріп алды да, өз әлеміне мені тарта бастады. Мен оңай-ақ еніп кеттім. Әшейінде екі сөздің арасына еріксіз еніп кететін кейбір «мигрант» сөздер маңызын жоғалтып алғандай. Ауызға түспейді. Шамасы ұлттық рух оларды кері тебетін сықылды.
Біршама уақыттан соң жұмыртқаның ағы қыса бастады ма, тысқа шықтық. Әлі қыс бітпесе де, көктемнің самалы сезіледі. Рухы мықты жанның жанында жүру де бақыт. Әудем жерді жаяу өткердік. Жолай, банкоматқа соғу қажет болды да, аяғымыз «Сарыарқа» кинотеатрына қарай бастады. «Батырға оң-солы бәрібір» дегеннен емес, қолдың қалай тигеніне қарай, банкомат қызметінің тілін таңдауға аса мән бере қоймайтынмын. Бұл жолы да көңілден жүйрік саусақ орыс тілін таңдап жіберді. «Сіз қазақ тілін таңдамайды екенсіз ғой!» Бас-аяғы алты сөз ғана айтылды. Бірақ осы сөздер маған жекігеннен де ауыр, екі сағат бойы дәріс оқитын ұстаздардың ұлағатынан да ұғыныңқы еді. Дереу карточкемді суырып ап, ақшаны ұлт тілінде алдым...
Рухсыз әлемде ұлттық рухтың өмір сүруіне қиын шығар. Әсіресе, тілшілер қауымы үшін. «Менің байқағаным, журналистік жолды таңдағаннан соң, қаласаң да, қаламасаң да қасқыр болуың керек екен, Нұрболат! Онсыз рухыңды жоғалтып аласың». Келіспеске шара жоқ. Дегенмен көңіл сенгісі келмейді қашанғысынша...
Жолайрыққа жеттік. Бүгінгі әңгімеде мен шешенсімедім. Қимастықпен қоштастық. Бірақ, әзірге ғана. Мүмкін қызметтес те болып қалармыз. Әйтеуір, тілшілік тірлік өмірде кездестірмей қоймасына кәміл сенесің...
«Сен аман болшы, рухани дос, Кәмшат...»

понедельник, 3 марта 2008 г.
Aijannyn "Bala armany"
Танымал әнші Алтынай Жорабаевамен бірге «Бала арман» әнін шырқап жүрген жас талап Айжан Қасымберкебаева аз уақыт ішінде тыңдарман қауымның сүйікті әншілері тізіміне еніп үлгерді. Сахнада шырқаған сәттерін былай қойғанда, жастардың ұялы телефондарының кез-келгенінен-ақ бүгінде «Бала арманды» тыңдауға болады. Ал таяуда ғана Айжан «Тақиялы періште» кинофильмінен белгілі «Мама» әнін жазып болды. Бұл - жас әнші репертуарындағы алғашқы ретро ән болып отыр.
Айжан алғаш жеті жасында Алматы қаласындағы өзі білім алған №13 орта мектеп сахнасында ән шырқаған екен. Анасы Қыдырбаева Фатима қызының сәби кезінде-ақ әуезді үнге, әсем ырғаққа елтитінін байқапты. Содан баптап, шыңдап, дәстүрлі әнге жақын өссін деп домбыра курсына қатыстырып, ән әлеміне бағыттайды. «Анамның асқақ арманы, менің бала арманым - әнші болу еді. Қазір осы сара жолға түскенім үшін анама алғысым шексіз» дейді Айжан.
Жас талап жоғарғы сатыдағы бәйгелерге 2004 жылдан бастап қатыса бастады. Дәл осы жылы Талдықорғанда өткен «Жетісу жұлдыздары» конкурсына қатысып, дипломант болса, «Әнші болғым келеді» байқауының лауреаты атанады. Осыдан кейін Айжанға әншілік әлемнің қақпасы айқара ашылады. Мәскеуде өткен халықаралық ән байқауында, Сочи қаласында өткен «Еуропа үміті» конкурсында бақ сынап, үшінші орынға қол жеткізеді. Сондай-ақ, «көрермен көзайымы» атанады. Айжан бұл байқауларға «Елімнің жүрегі – Астана», «Сен алғаш гүл бердің көктемде» әндерімен қатысқан болатын.
Қазір жас әншінің репертуарында 7-8 ән жиналған. Оның ішінде ең танымалы – «Бала арман». Ән – Мақсат Жәутіковтікі. Онан өзге «Жан досым», «Мама», «Достарым» сынды бірқатар әндер де бар. Ұстаздары Ләззат Оралова мен Алтынай Жорабаеваның ән таңдау, өнер әлемінің қыр-сырын игеруде көп көмек көрсеткенін айтады. «Негізгі демеушім - әкем. Әкемнің маған сіңіріп жатқан еңбегі өлшеусіз» дейді Айжан. Жас әнші енді танымал сазгер Арман Дүйсеновке жаңа ән жаздырып жатыр екен. Бұл ән Айжанның жыл аяғына жоспарлап отырған ән кешінде тыңдармандарға тарту ететін басты сыйы болмақ. Ал альбом шығару мәселесінде Айжан асығыстық жасауды ағаттық көреді. Албом шығару үшін алдымен репертуарын таңдаулы әндермен толықтырып алуды жөн санайды. «Әйтпесе көп альбомдардың ішінде бір-екі туынды ғана ән сүйер қауымның көңілінен шығып, қалғаны қалыс қалып жатады ғой» дейді ол.
Жас әнші қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 1 курсында оқиды. «Бала күнімнен осы мамандыққа баруды армандадым. Бірақ болашақта әншіліктен біржола тілшілік әлеміне ауысып кеткім келмейді. Қолдан келсе, екеуін де қатар алып жүргенге не жетсін?» дейді Айжан.

Подписаться на:
Сообщения (Atom)