среда, 20 февраля 2008 г.

Arbadagy akenin armany

Елімізді демографиялық мәселесі енді-енді екпін ала бастағанда әрбір егіз, әрбір үшемнің шілдеханасын үлкен тойға балап жүргеніміз шындық. Осындайда қол-аяғы балғадай, он екі мүшесі сау жастарымыздың үйлену, өмірге сәби әкелу мәселесін кейінге ысыра беретіні қынжылтады. Жасы 30-дан асқаннан соң ғана отбасы құруға бел байлаған жастардың демографиямызға айтарлықтай үлес қоспасы да белгілі. Десек те тағдыр желі желкенін қарсы бағытқа бұрғанымен, тайсалмастан өз өмірі, ұрпақ өмірі жолында күресетін қаһарман жастар да жетерлік. Соның бірі – ғұмырында өз табанымен жер басып көрмесе де, бүгінде үш қыз тәрбиелеп отырған Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғыны Руслан Құттымұратұлы. Русланды қатал тағдыр бір жасында-ақ құрығына іліндірген. Жансыз қалған екі аяқ баланың жүруі түгілі, еңбектеуіне де мүмкіндік бермеген. Ал дәрігерлер болса, қолдан келер қайран жоқтығын айтады. Русланның анасы Амантай апай ол шақтың қиындығын «науқас баланы құшақтап бармаған бақсы-балгер қалған жоқ, аудандық, облыстық емдеу мекемелерінің бәрінің табалдырығын тоздырдық. Бірақ еш пайда болған жоқ. Ақыры бір Алладан медет тілеуден өзге шара қалмады» деп еске алады. Ақ халаттылар қауымы баланың жасы 20-дан аса қоймасын айтса да, жеті жасқа жеткен елгезек бала үй жағдайында білім алады. Арбаға таңылған алғыр жігіттің жетістігі мол. Өзінің айтуынша, мектепте тұңғыш би клубын ұйымдастырушылардың қатарынан табылып, кейін біршама уақыт жеке шаруашылықпен де айналысады. Көңіл көзі ашық, білімдар жас бар қиындықты жеңіп, жер басып жүрген өзге замандастарымен терезесі тең өмір кешсе де, дәрігерлер оның өмірдегі басты арманының есігіне қара құлып ілген болатын. Ал Русланның ең негізгі арманы – шаңыраққа келін әкеліп, анасына немере сүйгізу еді. Руслан бүгінде осы арманына да жеткен. Ол қазір үш сүйкімді балдырғанның әкесі. Амантай апай ұлының үйлену тойын әдемі әңгімемен өріп берді. «Русланның өзі сездірмесе де, артында ұрпақ қалдыруды парыз санайтынын жүрегім сезетін. Сезсем де, дәрігерлердің айтқан «болмайдысы» жанымды жай таптырмады. Ақырында бір күні балам үйленетінін жеткізіп, екі қыздың барын: бірі – сау, бірі өзі секілді науқас қыз екенін айтып, ақыл сұрады. Менің ақылым – науқас қыздың таңдауы болды» дейді ана. Осылай, қазақтың алып қашу салтымен дүрілдеп өткен той ислам шартымен әспеттелді. Руслан да, Құралай да Аллаға сыйынып, намаз оқитын. Тәңір тілекті бермей қалған жоқ, Құралай бала көтерді. «Сондағы дәрігерлердің атойын көрсеңіз! Менің диагнозым – миопатия болса, келіншегімдікі – миостения. Дәрігерлер оның бала босана алмайтынын айтқан. Қорықсақ та, Алладан медет күтіп, осы қиын тағдырға қарсы күресуге шешім қабылдадық» дейді Руслан. «Абай» емханасының бас дәрігері Төлеген Шалов Құралайдың бала босануы алты сағатқа созылғанын жеткізді. Ауыр операция үстінде білікті дәрігерлер ажал құрығын жақындатқан жоқ. Руслан тұңғыш қызының есімін Рахима қойды. Бұдан кейін Құралай әйелдер лексиконында «ұмытшақ ауру» аталатын бала босану сынына екі рет түсті. Осылай Русланға үш қыз сыйлаған Құралай қыздарына құран тілімен Кәрима, Мүслима есімдерін қойды. Ал дәрігерлер қауымы болса, шаттық ұялаған шаңыраққа әлі күнге қайран. Өздерінің өр жігіттің аяғына тұсау болғандарына өкінетіндіктерін айтады. Руслан тағдырына тәубе етіп, жаңа арманның жетегінде жүр. Оның дәмесі – атұстар сәби. Өмірлік аңсаудың алмайтын асуы жоқ. Русланның шаңырағын тағы бір шілдехана күтіп тұрғаны анық.
Нұрболат Аманжол

1 комментарий:

Marian комментирует...

Мен Гарманнан күміспін, мен 8 жыл бұрын баласыз үйленгенмін, мен шешімді қатты іздедім, себебі дәрігер жүкті бола алмайтынымды айтты, бірақ менің досым мені доктор Уайт деп аталатын заклинантқа жіберді. оған менің проблемаларымды түсіндірді, ол 12 күнде менде бәрі жақсы болатынына уәде берді, ол маған барлық нұсқауларды берді, мен ауруханаға тексеруге бардым, олар жүктіліктің 1 аптасында екенімді растады, ал қазір менде менің сұлу ұлым мен тағы да басқа жүктілікке тап болдым, саған рахмет доктор Уайт, барлық шешімдер үшін оған хабарлас,

1) егер сіз бұрынғы қызметкеріңізді қайтарғыңыз келсе.
2) егер сіз емле жүкті болғыңыз келсе.
3) егер сіз жүктілікті тоқтатқыңыз келсе.
4) егер сіз біреуді жақсы көргіңіз келсе.
5) аурудың немесе аурудың барлық түрін емдеуге арналған емле.
Және басқалар.
ол ең жақсы және шыншыл. wightmagicmaster@gmail.com. WhatsApp: +17168691327