воскресенье, 2 ноября 2008 г.

Akynga arnau

Жүрегім нәзік жырға сусап мүлде,
Жүргенде, жырыңменен дем беріп ең,
Мойнымды көкке создым құсап гүлге.

Ақыннан қолқалаған қашанғы өлең,
Көңілім жай таппасын білем енді,
Асылзат, жыр күтемін асау дөнен.

Құламас бұл асаудан шын ақын деп,
Талайды мінгізгенмен бестіге ерттеп,
Шылбыр емес, ұстайды құлағын дөп.

Солардан көш бойы озық нәзік ақын,
Сүйсініп өлеңіңе айтарым бар,
Болса да жарасымсыз жасыма тым.

Демегін ақыл айтты балапан құр,
Әпке деп елжіреп ем, әттең бір жайт,
Ініңнің ақ көңілін табалап тұр.

Қыжылтып, қырнап, қинап тамағымды,
Қаза қып намазымды мен ішейін,
Жырыңа жолатпашы арағыңды.

Рас-ақ, кетер одан шалқып әнің,
Бойды алып, ойыңды алып, дегенменен,
Қалар ем, жырдан жөргек аңқығанын.

Масайратып, шала мас қылғандайын,
Қытықтатып танауды, самал есіп,
Жусан исі шығар ма ед жырдан дәйім.

Түсінем, қоғам – қасқыр, озған күші,
Жанға сөзі батса да, тісі тәнге,
Өтінем, жыр иісін бұзбаңызшы!!!

Комментариев нет: