Мұхаңның тегі ӘУЭЗОВ па еді?
Көше бойында қаптаған сауатсыз жарнамалар мен дүкен, кафе атауларына көз үйреніп, көндігіп те қалған едік, бірақ белді бір мекеменің мына сорақы қателігі қолға қайта қалам ұстатып отыр. Суреттегі тақтайша Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында мен мұндалайды. Мен мұндалаумен бірге Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясында сауатты қазақ тілі маманының жоқтығын да әйгілеп тұр. Әлі қалмай келе жатқан орысшылдық табының бұл жерден де иісі сезіледі. Әйтпесе «Әуез» сөзінің «э» емес, «е» таңбасы арқылы жазылатынын бірінші сыныптың да баласы біледі емес пе? Шамасы, орысша ойлайтын ағайынның «Ауэзов» дегенін қазақшалаған түрлері сыңайлы.
Жалпы Мұхаңның тегін бұрмалаушылықтың фактісі бір бұл ғана емес. Бұған дейін де кей оқулық, баспасөз беттерінен «Мұхтар Әуезұлы» деген сорақылықты да оқып жүрміз. Ау, жазушы әкесінің аты – Омархан еді ғой. Әлде мұны айтушылар қазақ әдебиетін гендік тұрғыдан зерттеп, жаңалық ашып отыр ма?
Мұндай қателіктер көп-ақ. Жалғыз Әуезов емес, басқа да тұлғаларымыздың аты қайсысы, жөні қайсысы екенін ажырата алмайтындар жеткілікті. Бәрінен бұрын ұлт тұлғаларының есімдері мен ата тегін әлі күнге жатқа білмейтініміз өкінішті-ақ. Дәлірек айтсақ, ұят!
вторник, 18 марта 2008 г.
понедельник, 17 марта 2008 г.
Alla uiinin atauy oilantady

Әділет министрлігі Діни комитет мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандағы мешіттердің саны жыл басында 2227-ге жетті. Әрине бұл – ресми тіркеуден өткен мешіттер. 2008 жыл басталғалы бері бұл сан тағы да бірнеше мешітпен толығуда. Мәселен, түнеукүні ғана Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданындағы Аңғал батыр ауылында жаңа мешіт ашылып, жұма намазы оқылды. Ауданда бой көтерген жетінші мешітті ауыл тұрғындарына жергілікті кәсіпкерлер тарту етті. Алла үйін салған не салдырған азаматтарға алғыстан өзге айтар артық ауыз сөзіміз жоқ. Әрбір мешіттің мүмин халықтың исламға бет бұруына қызмет етіп жатқанына шүбә келтірмес болар. Қасиетті Құран кәрімде: «Егер кімде-кім артына мешіт салып кеткен болса және ол мешітте ғибадат етушілердің саны молая берсе, оны салған адамның о дүниелік өміріндегі амал дәптеріне жазылатын сауабы да көбейе түспек. Аспандағы сансыз жұлдыздар түн ішінде қалай жарқырап көрінсе, жер бетіндегі мешіттер де сондай болсын» делінеді. Дегенмен бүгінде мешіт салуды о дүниелік сауап үшін емес, осы дүниедегі атақ-даңқы мен мәртебесі үшін ғана қолға алып жатқандар жоқ емес. Ең сорақысы – адал еңбек емес, кісі мойнынан желінген арам ақшаға бой көтерген мешіттер де бар...
Иван атындағы мешітке барып жүрмесек болғаны...
Соңғы жылдары жеке кәсіпкерлер мен қалталылардың мешіт салуға деген құлшынысы күшейіп кеткені рас. Әлбетте, құптарлық та, қолдауға лайық жайт екенін әлгінде де айттық. Өкініштісі, Алла үйлеріне кез-келген адамның есімі беріле беретін дәстүр пайда болғандай. «Атың шықпаса, мешіт сал». Қалталылардың қазіргі ұраны осы тектес. Неге? Әкеңнің атымен мешіт аталса, ұрақ үшін одан артық даңқ керек пе бүгінде? Рас, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл келеңсіздікке қарсы күресті бастапты. Діни басқарманың мешіт істері жөніндегі бөлім меңгерушісі Еркінбай қажы Дуанаев мешітке атын беруге лайық адамдар тобын анықтап берді.
-Жалпы Ислам заңы бойынша, кісі атын мешітке беру – қолданыста бар нәрсе. Шариғат оған қарсы келмейді. Бұл барлық мұсылман елдеріне ортақ дүние. Алайда мешіт атауы діни араздық, алауыздықтың тууына мұрындық болмауы керек. Сондықтан біздер, діни басқарма алқасының мүшелері еліміздің қай аймағында болмасын ашылған мешітке қандай ат беруге болатынын шешіп отырамыз. Ең біріншіден, мешітке Әбубәкір Сыдық, Әбу Әли сынды дін ғұламалары, жергілікті имамдардың атын беруге болады. Екіншіден, Ислам репрессия, соғыс кездерінде дін жолында шейіт болған тұлғалардың есімін Алла үйіне беруге қарсы емес. Сондай-ақ елдің белгілі, елге еңдегі сіңген, өмірі тақуалықпен өткен қадірлі жандардың есімін де мешітке берсе ағаттық болмайды. Алайда өмірі күмәнді, күнәсі көп жандардың атын мешітке қайтсе де, бере алмаймыз, - дейді Еркінбай қажы.
«Үй ішінен үй тігу» кімге керек?
...Дегенмен Ислам шартына да, діни басқарманың талаптарына да бағынбай жүрген мешіт салушылар табылып жатыр. Олардың дені мешітті тек өз қалауындағы адам есімі берілетін болса ғана, салуға бар. Діни басқарма қарсы болған жағдайда өз алдына дербес діни басқарма ашып алып, соның аясында мешіт көтеріп жатқандар жоқ емес. Жоқ емес-ау, бақандай отыздың үстінен асып жығылады. Ең өкініштісі де сол, олардың немен айналысып, дінді қалай уағыздап отырғанын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ешқалай да қадағалай алмайды. Оған құзырлары жоқ. Ал жеке діни басқарма құруға біздің қазіргі қолданыстағы 1992 жылы қабылданған «Діни сенім және діни бостандықтар туралы» Заңымыз рұқсат беріп отыр. Бірақ «үй ішінен үй тігу» кімге керек?
Мешіт мәселесінен шығатын тағы бір проблема – діни бірлестік құрып, өз дегендерін жасап отырған түрлі діни ағымдардың мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда бір Алматы қаласының өзінде 40 конфессиядан тұратын 200-ден аса діни бірлестік жұмыс жасайды. Оның ішінде 41 ислам, 16 православия, 6 католицизм, 3 иудаизм, 1 буддизм, 144 протестанттық бағыттағы, 13 дәстүрлі емес діндер бағытындағы бірлестіктер тіркелген. Әділет министрлігі Діни істер комитеті төрағасының орынбасары Аманбек Мұхашевтің айтуынша, халықтың миссионерлердің алдауына түсіп қалуын тездететін нәрсе – бұл дәстүрлердің әрқилылығы мен еліміздің әр облысындағы діни ұстанымның да бірізді еместігі. «Сондықтан біз дінге қатысты барлық мәселені «Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінде» шешуіміз керек. Ал дербес діни бірлестіктердің құрылуына мүлде тыйым салған дұрыс. Өйткені дін дегеніміз бір, ортақ сенім. Ислам – хақ дін. Аллаға ортақ, серік қоспаймыз ғой. Ендеше бір елде бірнеше діни бірлестік құрудың да еш қажеті жоқ» дейді қажы.
Заңға өзгеріс енгізу ісі кезек күттірмейді
Жыл басынан бері миссионерлермен күреске ерекше көңіл бөлініп, қатаң тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Мәселен, Алматы қаласында жергілікті билік орындарына миссионерлік қызметпен айналысу мақсатында келген 80 шетелдік азамат тіркелгені анықталды. Бұл өз діни ағымын мешіт ашу арқылы жүргізіп отырғандардың барынан да хабар береді. «Әрине бұл күресте ең алдымен сүйенетін тірегіміз – 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңға өзгеріс енгізбей болмайды» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Әбдімүтәлі Қайназарұлы. Діни басқарма имамдары заңның солқылдақ тұсына өзгеріс енгізу үшін өздерінің ұсынып отырған бағдарламасымен де таныстырды. Олар ұсынып отырған бағдарламадағы біздің тақырыпқа қатысты тұстары төмендегідей болып өрілген:
-Бірқатар тарихи мешіттерді қайта қалпына келтіріп, күтімде ұстау үшін олар мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасына енгізілсе;
-Үй ішінен үй тігіп, асыл дініміздің атына кір келтіріп жүрген, Ислам атын жамылған түрлі күдікті діни бірлестіктер мен жеке меншік мешіттер таратылып, сараптаудан өткізілген соң ғана Діни басқарма ұсынысымен тіркелсе;
-Бірқатар мешіттердің жері жеке адамдардың меншігінде. Бұлардың жер актісі қайта қаралып Діни басқарма балансына берілсе;
-Облыс, қала, аудан орталықтарында халық тығыз қоныстанған жерлерден ғибадат жасауына ыңғайлы болуы үшін, болашақ мешіттерге жер телімі Діни басқарма ұсынысымен ғана бөлініп отырса;
-Республика бойынша ашылған және ашылатын ҚМДБ аясындағы мешіттерге және діни оқу орындарына материалдық көмек тұрақты көрсетілсе және олар коммуналдық шығындардан мүмкіндігінше босатылса немесе жеңілдік берілсе.

четверг, 13 марта 2008 г.
Tobylgy alde kok terek?

Мен, мен дейді, менмін дейді
Өрекпіген өр көңіл.
Сірә, кімнен кеммін дейді
Бәрімізде бір өмір.
Тағдыр салса талқысына
Шыдармыз, бек көнерміз.
Қам көңілдің қайғысына
Қалай ерік береміз.
Жүрексіздің жүгі жеңіл
Жеткізер ме жеріне
Күмәнім бар, күпті көңіл
Серілер сай сертіне.
Жүректі мен жүрексіз тұр,
Көк терек пен тобылғы
Қарап тұрсаң сүреңсіз бір
Сурет дерсің солғын тым.
Алайда сен түсін терең,
Мағынаға бөл көңіл.
Жалғыз сурет ішінде кең
Талай-талай көрме тұр.
Рухым менің бұл бейнеде,
Осал жерім осында
Табысатын үлкейгенде
Қасым да бар, досым да.
Бақытым да, сорым да осы,
Бар өмірім сыйып тұр.
Жұмбақ сурет-жолдасымды
Тасталмаспын қиып құр.
Жаныштайды еңсемді мұң,
Жолға салар жөн керек.
Кім боламын ертеңгі күн,
Тобылғы әлде көк терек?
Өрекпіген өр көңіл.
Сірә, кімнен кеммін дейді
Бәрімізде бір өмір.
Тағдыр салса талқысына
Шыдармыз, бек көнерміз.
Қам көңілдің қайғысына
Қалай ерік береміз.
Жүрексіздің жүгі жеңіл
Жеткізер ме жеріне
Күмәнім бар, күпті көңіл
Серілер сай сертіне.
Жүректі мен жүрексіз тұр,
Көк терек пен тобылғы
Қарап тұрсаң сүреңсіз бір
Сурет дерсің солғын тым.
Алайда сен түсін терең,
Мағынаға бөл көңіл.
Жалғыз сурет ішінде кең
Талай-талай көрме тұр.
Рухым менің бұл бейнеде,
Осал жерім осында
Табысатын үлкейгенде
Қасым да бар, досым да.
Бақытым да, сорым да осы,
Бар өмірім сыйып тұр.
Жұмбақ сурет-жолдасымды
Тасталмаспын қиып құр.
Жаныштайды еңсемді мұң,
Жолға салар жөн керек.
Кім боламын ертеңгі күн,
Тобылғы әлде көк терек?
вторник, 11 марта 2008 г.
Jana jahandyk tartip

Журнал жариялаған мақаланың негiзгi тақырыбы – ХХI ғасырдың iрi державалары хақында. Өткен дәуiрдiң озық елдер қатары жаңадан жасалмақ. Мақала авторы Даниел Дрезнер – Тафтс университетiнiң Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебiнде халықаралық саясат кафедрасында доцент қызметiн атқарады. «Барлық саясат жаһандық сипатқа ие» («All Politics Is Global») кiтабының авторы.
ҚҰЛПЫРУ МЕН ҚҰЛДЫРАУ
ХХ ғасыр желiсiндегi әлемдiк ұлы державалардың тiзiмi тым қысқа болды. АҚШ, Кеңестер Одағы, Жапония және солтүстiк батыс Еуропа елдерi ғана ауызға iлiгедi. Ал ХХI ғасыр үлкен өзгерiстер әкелмек. Экономикалық және саяси тұрғыдан Қытай мен Үндiстанның ауыр салмаққа көшерi сөзсiз. Алғашқысының алтын қоры триллион доллардан асып түссе, кейiнгiсi жоғарғы технологиялар секторын өркендетуге барын салып жатыр. Екеуi де ядролық қаруы барын ашық түрде жариялаған мемлекеттер. Оның үстiне әскери-теңiз флоттары да бар. АҚШ Үкiметiнiң ғылыми орталығына қарасты барлау жөнiндегi ұлттық кеңестiң болжамдарына қарағанда, 2025 жылға қарай Пекин мен Дели экономикалық даму индекстерi бойынша әлемдегi екiншi және төртiншi орындарға көтерiлмек. Ал мұндай қарқынды даму үдерiсi сонау 1940 жылдан берi қалыптасып келген халықаралық жүйеге қанжар кезенерi хақ. Басқару жұмысында Вашингтон басты рөлдi атқаратын бұл әлемдiк жүйенiң соңғы алты он жылдықта қаржы рыногына, бағаны тұрақтандыруға, ядролық қаруларды таратпау шараларына барынша ықпал етiп келетiнi белгiлi. Мiне, осы жүйеге енбей, Қытай мен Үндiстанның болашағы бұлыңғыр болмақ. Алайда кiшi Буштың соңғы алты жылдағы жұмысының барысын бақыласақ, АҚШ-тың аталмыш мәселенi оп-оңай шеше қоюы неғайбыл екенiн көремiз. Еске түсiрсек, үлкен Буштың әлемде «жаңа жаһандық тәртiп» орнатудағы атқарған жұмысын бүгiнгi ел президентi өзiнше соқпаққа бұрып әкеттi. АҚШ лидерi екi бағытты таңдады. Бiрiншiсi бойынша демократияны орнату және халықаралық терроризммен күрес желеуiмен Иракқа тiзе батырды. Алайда осының нәтижесiнде пайда болған антиамериканизмнiң салдарынан Буштың екiншi бағыты тасада қалып қойды. Ал оның екiншi бағыты – дамушы мемлекеттердi көтеру арқылы әлемдiк жаңа тәртiптi орнату болатын. Бұл жөнiндегi АҚШ-тың арнайы бағдарламасы ерекше әзiрлiкпен дайындалғанымен, оны iске асыруда кездесетiн кедергiлер де жоқ емес. Ең алдымен Қытай және Үндiстан секiлдi қарқынды даму жолындағы елдерге созылған қол ұшы басқа елдердiң экономикалық ахуалының нашарлауына әкелiп соғары хақ. Екiншiден скептикалық көзқарастағы Аргентина, Нигерия және Пәкiстан секiлдi мемлекеттер жаңа екi алпауыттың пайда болғанына қарсыласып бағады. Алайда осының бәрiн таразыға салған кезде АҚШ үшiн Қытай мен Үндiстанды қатарға қосудың қажеттiлiгi басым түседi. Өйткенi бұл екi елге халықаралық ұйымдардың қақпасы айқара ашық болмаса, олардың өздерiнiң жаңа ұйымдар ашуға құрықтары жетедi. Ол жағдайда АҚШ бұл ұйымдарды тек сырттан ғана бақылай алатын болады.
БАСТАУ
1940 жылдар ортасында Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзiлiк банк, ал онжылдық аяғында Тариф пен сауда жөнiндегi бас келiсiм (ГАТТ) және НАТО ұйымдары құрылған кезеңде АҚШ батыс әлемiнiң талассыз лидерi болатын. Ал аталмыш ұйымдардың жұмысы Америка мен оның еуропалық одақтастарының қалауы бойынша жүргiзiлдi. Әрине Франция мен Ұлыбритания бiрнеше ғасырлардан берi ұлы держава мәртебесiн иеленiп келедi. Оларға БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты мүшесi болу мiндетi жүктелген. Ал Халықаралық валюта қорының жарғысына сәйкес, Қордың директоры қызметiн мiндеттi түрде еуропалық елдiң өкiлi атқаруы тиiс.
Алайда бүгiнде жағдай бiршама өзгерген. «Goldman Sachs» және «Deutsche Bank» банктерiнiң болжамынша, 2010 жылы «БРИК» тобы аталатын Бразилия, Ресей, Үндiстан және Қытай елдерiнiң жылдық ұлттық кiрiсi АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания және Италия елдерiнiкiнен озып кетсе, 2025 жылы «G7» тобындағы жоғары дамыған жетiлiктiң ұлттық кiрiсiнен 2 есеге асып түсуi мүмкiн. Расына келгенде мұндай экономикалық өсiм 1990 жылдардың басында-ақ байқалған болатын. Алайда Вашингтон билiгi жұмыс жасап жатқан халықаралық ұйымдарды қуаттау арқылы дамушы елдердiң халықаралық институттар жұмысына араласуын кешеуiлдетiп тастады. Ашып айтсақ, ГАТТ Дүниежүзiлiк сауда ұйымына айналып шыға келсе, НАТО құрамына Шығыс Еуропа елдерiн қабылдап, керегесiн кеңейттi. Осылай 1989 жылы құрылған Азия-Тынық мұхиты бiрлескен экономикалық ұйымы мен 2001 жылы Қытайдың ДСҰ-ға кiруiнен (әрине үлкен қиындық, кедергiлерден кейiн) өзге дамушы мемлекеттердiң халықаралық ұйымдарға араласуының нышаны байқалмады. Бiрақ дамушы мемлекеттер тарапынан АҚШ-қа деген наразылық пен қарсылық қатталып, жинала түстi. 1990 жылдары Азияда орнаған қаржылық дағдарыс кезiнде халықаралық валюта қорының көмек қолын созбауы, 1998 жылғы Үндiстан өткiзген ядролық қару сынағын Вашингтонның қуаттамауы Дели билiгi наразылығын тудырса, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiрер тұста көп кедергiлерге ұшыратқаны үшiн Қытайдың АҚШ-қа деген өкпесi қара қазандай. Оның үстiне НАТО әскери күшi арқылы Косовоға жасаған шабуыл, Белградтағы Қытай елшiлiгiнде болған жарылыс Қытай ұлтшылдығын оятты. Бiр сөзбен айтқанда, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдер жаңа мыңжылдық табалдырығын Америкаға деген асқан наразылықпен аттаған болатын.

ЖАҢА БАҒЫТ
Бүгiнде АҚШ-тың ниетi өзгерген. Ұлы державалар қатарынан Қытайды көруге кет әрi емес. Өйткенi 1980-жылдары әлемдiк экономикалық белсендiлiктiң 50 пайызы «G7» тобындағы жетiлiктiң үлесiне келетiн. Ал қазiр Ресей қосылған «G8» пiшiнiнiң өзiнде Қытайдың экономикалық ауыр салмағынсыз экономикалық үстемдiктi ұстап тұра алмайды.
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған террорлық актi мен оған қарсы АҚШ-тың Иракқа ашқан соғысы жайында көптеген кiтаптар жазылғаны белгiлi. Олардың көпшiлiгi Вашингтонды демократияландыру жұмысын дипломатиялық жолмен емес, күш көрсету арқылы жүргiздi деп айыптайды. Осы оқиғалардан кейiнгi АҚШ билiгiндегi кадрлардың ауысуын да осы айыптауларға байланыссыз болды дей алмаймыз. Тоқ етерi – АҚШ-тың дамушы елдерге ден қоя бастауы мемлекеттiк хатшы қызметiне Кондолиза Райстың келуi, қаржы министрi болып Генри Полсонның тағайындалуымен тiкелей байланысты.

БАТЫЛ ҚАДАМДАР
Ендiгi әңгiменi жаһандық күштердi жаңаша жасақтаудағы АҚШ-тың атқарып жатқан жұмыстарымен жалғасақ. Ең алдымен АҚШ мемлекеттiк аппаратында Қорғаныс министрлiгi үлкен өзгерiстерге қозғау салды. Айталық 2004 жылы Американың ел шекарасы сыртындағы 250 мың әскерi 45 елде орналасқан болса, Буш жарлығымен осы әскердiң белгiлi бөлiгi елге қайтарылып, қалғаны жаңа қауiп аймақтарына орналастырылатын болды. Ал бұл аймақтарға негiзiнен Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Тынық мұхиты аймағы жатады. Екiншi жағынан Вашингтон Делимен қарым-қатынасты жақсартудың жолын iздестiруде. Өткен мыңжылдықтың соңғы он жылдығында АҚШ Үндiстан мен Пәкiстан арасындағы Кашмирге қатысты дауды шешуге атсалысқаны белгiлi. Бұл әрекет өз жемiсiн бермей қойған жоқ. Пәкiстанның АҚШ-тың терроризмге қарсы күрестегi негiзгi одақтасы екенiне қарамастан, соңғы 5 жылда АҚШ-Үндiстан қарым-қатынасынан жылылық лебi сезiледi. Өткен жылы мемлекеттер басшылары ядролық энергияны бейбiт мақсатта қолдану жөнiндегi екi жақты келiсiмге қол қойысты. Бұл дегенiмiз АҚШ Үндiстанды ядролық держава ретiнде мойындады деген сөз. Бұған қоса Буш әкiмшiлiгi Халықаралық валюта қорынан Қытайдың өзгелерден көбiрек дауыс алуына жағдай жасап отыр. Бiрақ әзiрге АҚШ батыл қадамдарға ойланбастан барғанымен, нәтижесi көңiлден шығар емес. Қытайдың ХВҚ-нан алған дауыс квотасы 2,98 пайыздан бар болғаны 3,72 пайызға көтерiлген.
ТАҚЫРЫП ТҮЙIНI
Ал АҚШ-тың «G20» тобын құру жөнiнде танытқан ықыласына осы топтан үмiткер елдердiң өзi iшкi нарығын айқара ашқысы келмейтiнi кедергi келтiрiп отыр. Тағы бiр кездесетiн қиындық - АҚШ-тың жанына жаңа одақтастар тарту үстiне бұрынғы батыс Еуропа елдерiмен де қатынасын үзгiсi келмейтiндiгi. Өйткенi АҚШ екi одақтас топтың да тiлiн тапқанымен, өзге «екi қошқардың басы бiр қазанға сыя қоюы» неғайбыл нәрсе. Расын айтқанда, АҚШ-тың жасаған стратегиялық жоспары керемет, бiрақ орындалуы өте қиын. Екi одақтас топтың бiреуiнен қол үзу қаупi зор. Бiрақ таяқтың екi ұшы да АҚШ-қа жайлы тимесi анық. Егер Қытай мен Үндiстанға халықаралық жүйенi басқару iсiне араласуға тыйым салатын болса, екi елдiң де ұлтшыл тобы көтерiлерi сөзсiз. Тiптi қазiрдiң өзiнде Қытай АҚШ-тың құрығы жетпейтiн халықаралық институт құрып үлгердi. Құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжiкстан және Өзбекстан елдерi (бақылаушы мемлекеттер - Үндiстан, Иран, Моңғолия, Пәкiстан) кiретiн Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттердiң әскери және энергетикалық мәселелердi бiрiгiп шешуiне жағдай жасауда. Ал 2006 жылы Пекинде өткен ШЫҰ саммитiнде Иран президентi Махмуд Ахмадинежад «Ұйым мiндеттерiнiң қатарына жоғары дамыған елдердiң басқа мемлекеттердiң iшкi iсiне араласып, ықпал етуiне кедергi жасау шарасын да қоюымыз керек» деген болатын. Дәл осы саммиттен кейiн ШЫҰ декларациясында «Әр елдiң мәдениетi, дәстүрi, саяси және әлеуметтiк жүйесiндегi айырмашылықтар сол елдiң iшкi iсiне араласуға себеп болмауы керек» деген тармақ пайда болды. Түптеп келгенде, бұның Вашингтонға жасалған қарсылық екенiн аңғару аса қиынға соқпайды.
Ал Қытай мен Үндiстанды бауырына тартып, бұрынғы одақтастарынан бас тартқанның өзiнде онсыз да антиамериканизм ауруына шалдығып үлгерген ЕуроОдақ мүшелерi АҚШ көзқарасымен сәйкеспейтiн халықаралық институттар құруы әбден мүмкiн.
Қорыта айтқанда, бүгiнгi таңда АҚШ-тың болашағы бұлыңғыр. Оның алдында - сүзеген екi қошқардың басын бiр қазанға сыйдыру мiндетi тұр...

Jyr dulduli - Jumatay

Бiр күлермiн ғарыш жаққа кетерде,
Мен несiне көп кещеге кектенем.
Бiзге өлiмнiң қолы, сiрә, жетер ме,
Мұқағали, Төлегенге жетпеген.
Рас, бедел мен бақ, ақыл мен даңқты талғамайтын ажал құрығынан құтылған асау әлi туған жоқ. Алайда, биiк болмысымен дараланып, өшпес өнеге, өлмес өлең қалдырған хас таланттарды арамызда жоқ деп қалай айтарсың? Тiптi ауыз бармайды. Олар мәңгi жүрегiмiзде.
Тарлан ақын Жұматай Жақыпбаев жайлы сөз қозғағандда осындай ойға келесiң. Иә, жұмбақ ақынның өмiрi де жұмбақ, өлеңi де жұмбақ. Жұмағұл-Шора Сағадиұлы Жақыпбаев жасынан өнерлi де зерек болған дейдi. Серiлiк етпегенiмен, кербез ақын бойынан салдарға тән барлық қасиет табылады. Сымбатты, көрiктi, Кенежирендей бәйгi атын баптап, үкiлi домбырасымен үзiлтiп ән шырқаған. Оның ақиық ақын екенi алты Алашқа белгiлi. Домбырасы қолынан түспей, көкейдегi күй екпiнiмен әсем тiркестердi түйдек-түйдегiмен парақ бетiне тiзе беретiн болған. Топтап-топтап жарыққа шығаруға асықпаған. Алдымен iзбасар iнi-қарындастарына оқып, жас буынның пiкiрiн бiлiп, араға уақыт сала өңдеген, кесiп-пiшкен.
Жұматай лирикасы жайлы ұзақ түндер әңгiмелеп, тойымсыз көңiлге таусылмас азық жинауға болады. Ақын өлеңдерiндегi басты ерекшелiк — оның қазақы қалыпты, тұрмыс тiршiлiгiн бедерлеп, безендiрiп, сана мен сезiм сүзгiсiнен қатар өткiзiп, әлемдiк деңгейде жеткiзе бiлуi. Бұл, әсiресе, оның «Көктеудегi көрiнiстер, сұр тұсақ, қойшы бала және Гарсиа Лорка» балладасынан айшықты көрiнiс табады. Төлiнен жерiген тұсақтың оғаш қылығын арқа сүйер азаматын өзекке теуiп, айдауға жөнелткен елдiң ерсi әрекетiмен шебер салыстырады.
Ақынның музасы - Ләйлә. Мыңнан астам өлеңi ару Ләйләға арналған. Бiр тақырыпқа жазылған сонша өлеңнен бiр ұқсастық таппайсыз. Тоқсан жолдың торабынан тартып әкеп, өлең құрайды. Ләйлә бейнесiн сомдауда Жүсiп пайғамбар сұлулығынан ұрлағандай, қалыпты пiшiнге сыймайтын керемет теңеулермен сөз саптайды. өлең идеясы да ғашық болса, ғазал айтатын араб халқы бәйiттерiндей емес, терең сырлы, көркем де келiстi. Айталық, ақынның:
...Тек сенбi мен жексенбiнi жек көрем,
Сенi маған көрсетпейтiн күндердi... немесе:
...Адам қатар өсiрген айламенен,
Айнала ағаш, жап-жасыл
айнала - емен.
Көлеңкеден шығасың...
Басталады бiр фильм «Ләйлә» деген...
деген өлең жолдары өр көңiлдiң өзiн табанға жығып берердей қуатты.
Жұматай тұлғасының биiктiгi бiр ақындығымен дараланбайды. Оның төрт күйi бар: «Ләйлә келген», «Зайда көрген», «Қажытай» және «Жұматайдың жұпбасары». өкiнiштiсi, күйлердiң бүгiнде бiрi де қағазға түспеген, халық арасына тарамаған. Бiлетiн бiрер ғана жан бар. Олар - шайыр шаңырағының астындағы туыстары. Марқұм ақынның рухының ризалығы үшiн осы күйлердi нотаға түсiру жұмысы әлi қолға алынбай келедi.
Жұматайдың байсалдылығымен қатар, терең тапқырлығымен де шоқтығы биiк. Қалжыңы астында ауыр сын, сынының астында үкiлi үмiт, сенiм жатады. Ақынның жүйрiгi Кенежирен сәйгүлiктi ағасы Шора малға айырбастап жiбергенде жазған мына шумағы езуiңе ерiксiз күлкi, ақылыңа ашу үйiредi.
Көрмегенiң жұрттан қалған мал бiлем,

Жиренiм жоқ, ендi менiң қалды нем?
Жұрт ағасын айырбастай бастаса,
Шөке, сiздi өткiзер ем алдымен.
-деп, көңiлiндегi ауыр құлазуды, күңiрене баяндап, ағаның қате қылығын әжуәмен әшкерелейдi. Келесi бiрде ақын Есенбай Дүйсенбаевтың тiлегiне орай мына бiр шумақтарды оқып берген екен.
Талайды оқып, талайды көрiп,
өткенмен, пай-пай, оңбайды жеңгем.
Баласын кейде сабайтын келiп,
Мао-Цзе-Дундай торғайды жеңген.
Қайтпаса беттен жарады дер ем,
Iсiне барлық кiсi едi берiк.
Ағамның арақ-шарабыменен,
Айқасқа сосын түседi келiп.
Қайтарар жауап жаңа күшпенен,
Жасардай ағам бiр атақты ерлiк.
«Адольф Гитлер арақ iшпеген,
Ал содан қандай рахат көрдiк?..»
Жұматай жырсүйер қауымның, әсiресе, студент жастардың жүрегiнде керемет күй ойнатады. Ол бiз үшiн жыр жазудың мәңгiлiк университетi боп қалмақ.

среда, 5 марта 2008 г.
Ulttyk ruh
Ұлттық рух жайында кең көсіле сөйлеп, парақтан парақ ауыстырып небір сырлы сөзбен дастандар да жазуға болар ма еді? Бірақ, рухсыз жүректен рухты сөз шыға ма, керісінше, рухты сөз рухсыз жүрекке жете ме? Әйтпегенде, рухани қазына дейтін асыл кітаптарымыз сөрелердің шаңымен айырылыспас дос болар ма еді? Жә, ұлттық рух дегеніміз ол болмақ емес...
Ең ғажабы, мен бүгін ұлттық рухты жолықтырдым. Иә-иә, мен бүгін ұлттық рухпен кездестім. Осыдан, төрт-бес, тіпті, екі-ақ сағат бұрын шығар. Ол маған Сіз ойлағандай аян не құдайдың бұйрығы, кие, қасиет аталатын адам көзіне елеусіз нұр болып та енген жоқ. Кәдімгі өзіміз, Сіз бен біз сияқты екі аяқты, ет жүректі пенде болып келді. Рас, аз әңгімелестік, уақыт тар еді. Бірақ, көп әңгіменің алдағы күндер несібесі екеніне сеніп тарқастық.
Ол менің жұмыс орыныма келген-ді. Дәлірек айтсақ, қызметке орналаспақ ниетте кепті. Жұмыс пен табыс, асығыстық пен айқай-шуы мол біздің ұжым оның әлемінен мүлде бөлек-тін. Бірақ, ол ортаға тез сіңіп кетті. Сіңген жоқ-ау, жұмыртқаның сарысы құсап ортаға кіріп алды да, өз әлеміне мені тарта бастады. Мен оңай-ақ еніп кеттім. Әшейінде екі сөздің арасына еріксіз еніп кететін кейбір «мигрант» сөздер маңызын жоғалтып алғандай. Ауызға түспейді. Шамасы ұлттық рух оларды кері тебетін сықылды.
Біршама уақыттан соң жұмыртқаның ағы қыса бастады ма, тысқа шықтық. Әлі қыс бітпесе де, көктемнің самалы сезіледі. Рухы мықты жанның жанында жүру де бақыт. Әудем жерді жаяу өткердік. Жолай, банкоматқа соғу қажет болды да, аяғымыз «Сарыарқа» кинотеатрына қарай бастады. «Батырға оң-солы бәрібір» дегеннен емес, қолдың қалай тигеніне қарай, банкомат қызметінің тілін таңдауға аса мән бере қоймайтынмын. Бұл жолы да көңілден жүйрік саусақ орыс тілін таңдап жіберді. «Сіз қазақ тілін таңдамайды екенсіз ғой!» Бас-аяғы алты сөз ғана айтылды. Бірақ осы сөздер маған жекігеннен де ауыр, екі сағат бойы дәріс оқитын ұстаздардың ұлағатынан да ұғыныңқы еді. Дереу карточкемді суырып ап, ақшаны ұлт тілінде алдым...
Рухсыз әлемде ұлттық рухтың өмір сүруіне қиын шығар. Әсіресе, тілшілер қауымы үшін. «Менің байқағаным, журналистік жолды таңдағаннан соң, қаласаң да, қаламасаң да қасқыр болуың керек екен, Нұрболат! Онсыз рухыңды жоғалтып аласың». Келіспеске шара жоқ. Дегенмен көңіл сенгісі келмейді қашанғысынша...
Жолайрыққа жеттік. Бүгінгі әңгімеде мен шешенсімедім. Қимастықпен қоштастық. Бірақ, әзірге ғана. Мүмкін қызметтес те болып қалармыз. Әйтеуір, тілшілік тірлік өмірде кездестірмей қоймасына кәміл сенесің...
«Сен аман болшы, рухани дос, Кәмшат...»

понедельник, 3 марта 2008 г.
Aijannyn "Bala armany"
Танымал әнші Алтынай Жорабаевамен бірге «Бала арман» әнін шырқап жүрген жас талап Айжан Қасымберкебаева аз уақыт ішінде тыңдарман қауымның сүйікті әншілері тізіміне еніп үлгерді. Сахнада шырқаған сәттерін былай қойғанда, жастардың ұялы телефондарының кез-келгенінен-ақ бүгінде «Бала арманды» тыңдауға болады. Ал таяуда ғана Айжан «Тақиялы періште» кинофильмінен белгілі «Мама» әнін жазып болды. Бұл - жас әнші репертуарындағы алғашқы ретро ән болып отыр.
Айжан алғаш жеті жасында Алматы қаласындағы өзі білім алған №13 орта мектеп сахнасында ән шырқаған екен. Анасы Қыдырбаева Фатима қызының сәби кезінде-ақ әуезді үнге, әсем ырғаққа елтитінін байқапты. Содан баптап, шыңдап, дәстүрлі әнге жақын өссін деп домбыра курсына қатыстырып, ән әлеміне бағыттайды. «Анамның асқақ арманы, менің бала арманым - әнші болу еді. Қазір осы сара жолға түскенім үшін анама алғысым шексіз» дейді Айжан.
Жас талап жоғарғы сатыдағы бәйгелерге 2004 жылдан бастап қатыса бастады. Дәл осы жылы Талдықорғанда өткен «Жетісу жұлдыздары» конкурсына қатысып, дипломант болса, «Әнші болғым келеді» байқауының лауреаты атанады. Осыдан кейін Айжанға әншілік әлемнің қақпасы айқара ашылады. Мәскеуде өткен халықаралық ән байқауында, Сочи қаласында өткен «Еуропа үміті» конкурсында бақ сынап, үшінші орынға қол жеткізеді. Сондай-ақ, «көрермен көзайымы» атанады. Айжан бұл байқауларға «Елімнің жүрегі – Астана», «Сен алғаш гүл бердің көктемде» әндерімен қатысқан болатын.
Қазір жас әншінің репертуарында 7-8 ән жиналған. Оның ішінде ең танымалы – «Бала арман». Ән – Мақсат Жәутіковтікі. Онан өзге «Жан досым», «Мама», «Достарым» сынды бірқатар әндер де бар. Ұстаздары Ләззат Оралова мен Алтынай Жорабаеваның ән таңдау, өнер әлемінің қыр-сырын игеруде көп көмек көрсеткенін айтады. «Негізгі демеушім - әкем. Әкемнің маған сіңіріп жатқан еңбегі өлшеусіз» дейді Айжан. Жас әнші енді танымал сазгер Арман Дүйсеновке жаңа ән жаздырып жатыр екен. Бұл ән Айжанның жыл аяғына жоспарлап отырған ән кешінде тыңдармандарға тарту ететін басты сыйы болмақ. Ал альбом шығару мәселесінде Айжан асығыстық жасауды ағаттық көреді. Албом шығару үшін алдымен репертуарын таңдаулы әндермен толықтырып алуды жөн санайды. «Әйтпесе көп альбомдардың ішінде бір-екі туынды ғана ән сүйер қауымның көңілінен шығып, қалғаны қалыс қалып жатады ғой» дейді ол.
Жас әнші қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 1 курсында оқиды. «Бала күнімнен осы мамандыққа баруды армандадым. Бірақ болашақта әншіліктен біржола тілшілік әлеміне ауысып кеткім келмейді. Қолдан келсе, екеуін де қатар алып жүргенге не жетсін?» дейді Айжан.

Urpak tazalygy jane ulttar dostygy
-Қай ел боласың, інішек?
-Ажыратып бағыңыз, аға. Әкем молдаван, шешем қазақ, әжем тіпті орыс болған дейді.
-Е-е-е, көңіліңе келсе де, айтайын, інім. Тексіз екенсің ғой...
-Жөн ғой, аға, бірақ өз қаныңыздың тазалығына кепіліңіз бар ма?
-???

***
Қазақ халқы қан тазалығына қатаң қараған халық десек те, ғасырлар желісінде ұлтаралық байланыстар некемен де астасып жатқанына тарих парақтары куә. Рас, «әр жыртықтың өз жамауы бар», бүгінгі таңда аралас неке деп ашық айтып жүргенімізбен, әр қоғамдық кезеңде осы бір байланыс түрін өзіндік бір атаумен бүркемелеп келдік. Жоңғар, моңғол шапқыншылықтары ұрпақ тазалығының бұзылуына едәуір ықпалын жүргізгенін білеміз. Бұл шақты жаугершілік заман, «білектің күші мен найзаның ұшымен» түн қата ұрыс қылған заманға не кінә тақпақпыз, қыздарымыздың жатжұрттық жаулардың жауырынының астында қалғаны да рас. Бірақ, бастысы ұлттық намысымыз жойылған жоқ деп өзімізге жұбату айттық. Алайда неке араластығы бұл шақпен толастап қалған жоқ. Сары баланың көзі қысыла түсіп, шаштың да алуан түсі айшықтала берді. Көп заманның күнәсін кейінге тастап, Кеңестік кезеңге келейік. Ұлтаралық неке жайына қалып, дінаралық отбасы одақтары құрыла бастады. Рас анығын айтайық, құдайшылықтан бас тартқан империяның атеистік ұстанымы көптеген жөнсіздіктерге жол бергенімен, бұның бәрін ұлттар достығы деп атап, тағы жылы жабумен келдік. Революциядан кейін атеизм ассимиляцияға алып келді. Аралас некеден тіған ұрпақтар екі ұлттың салт-дәстүрінің қайсысына бейімделерін білмей, біраз екіжақты күй кешкені рас. Бұл санаға ата-ана қарсы болғанымен, ұлттар достығын үлгі еткен кеңестік кезең құптаумен болды. Басқаша айтқанда сезімге саясат араласты ма, саясатқа сезім араласты ма, бұл жағын ажырату қиынға соғады. Әйтеуір сана қанды жеңіп әкетті. Әсіресе, 1920-30 жылдары татар қыздарын алған қазақ жігіттері көбейіп кеткен-ді. Орыс пен татар арасындағы некенің де шарықтап кеткен шағы осы кезең. Ал Қонаевты орнынан тайдырып, басшылыққа Колбин келген тұста аралас некеден туған ұрпақты өзге елдерге достықтың кепілі ретінде таныстырғанымыз да жалған емес.
Жә, кеңестік шақ та келмеске кетті. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң қан тазалығы тұрақталу қажет еді, күткеніміз әлі орындалған жоқ. Дінаралық некелер көбейіп, қыздарымыздың шетел асып, батыстық жігіттерге тұрмысқа шығуы жиілеп барады. Бұған да «демократиялық қоғамда не істесең де еріктісің» деп көз жұма қарауға болар еді, мына мәселені қараңыз. Кришнаиттік дін ұстанатын жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы (өзі де кришнаиттікке өткенімен, әке-шешесі мұсылмандар) қайтыс болып жатса, марқұмды қай діннің салты бойынша жерлемек? Күйеу жағы өздеріне тартатыны рас, бірақ «бауыр етін» мұсылманша жерге бермеуге әке-шешесі қалай шыдамақ? Сол секілді қос ұлттағы әке-шешенің ұрпақтары не істейді?Әке қанының желісімен тартып, әке ұлтының ұрпағы саналғанымен, отбасында екі тәрбие, екі салт, екі түйсіктің қыспағында қалады емес пе? Бұдан кейін туындайтын түсінбестіктің баланы сөзсіз адастыратыны рас. Ендеше, ұлт достығы үшін барын аямайтын халқымыздың бір сәт ұрпақ тазалығын да ойлап қойғаны жөн болар еді. Әйтпесе, қазағымның ұлттық бейнесі сақталғанымен, ұлттық болмысынан түк қалмайтын түрі бар.

четверг, 28 февраля 2008 г.
Az Nauryz, elge nur jaugyz!!!

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!
Ұлыстың ұлы мерекесiн тойлауға халқымыз биыл 13-рет дайындалып жатыр. «Ұлт жоқ. Ұйысқан Одақ қана бар» деген Кеңестiк дәуiрдiң солақай саясаты 1926 жылдан 70 жылдай ұлт мерекесiн терең зындан түбiнде бұғаулап ұстағанын бiлемiз. Одан кейiнгi ашаршылық жылдары, Ұлы Отан соғысы, ұлт зиялылары мен ұлт құндылықтарына қарсы дүркiн-дүркiн шабуылдар халқымыздың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрпының үкiсiн қисайтуға тырысып бақты. Тiптi, ашаршылық жағадан алған тұста жарапазан - жас балалардың нан сұрап жеу тәсiлiне айналғаны шындық. Елiмiздiң солтүстiк бөлiгiнде көрiсу ғұрпы санадан өшкен. Ал 31 желтоқсан түнi Жаңа жылды табалдырықтан аттатқан кейбiреу төл мейрамды мойындамайды да. Мұның бәрiн бүгiнгi жастың кемшiлiгi деу жөн бола қоймас. «Бала жасындағысын ұмытпайды». Көнекөз қариялар - салт-дәстүр сабақтастығының соңғы буыны. Ал 70 жыл идеология құрбаны болған мерекенiң көптеген ырым-жоралғылары кейiнгiлерге таныс емес.
Наурыз - кей бiлгiштердiң жаңалық ашып, онысымен жұртты адастырып жүргенiндей, дiни мереке емес. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бүкiлхалықтық Жаңа жыл. Оны Иран, Ауғанстан, Үндiстан, Кавказ және Орта Азия халықтары төл мерекесi ретiнде тойлайды. Алайда, «Әр елдiң салты басқа, итi қара қасқа» демекшi, дәстүр өзгешелiгi де орын алған.
Халқымыз жаңа жылға ертеден дайындалатын. Қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға саламын деп сақтаған.
Жас келiндер, бойжеткендер болса, кесте, орамал тiгiп, бозбалалар жағы ағаштан тұрмыс бұйымдарын жасап, темiрден сәндiк бұйымдарын соққан. Мұның бәрi - күн мен түн теңесетiн шақта кәдеге асатын «ұйқыашар», «селт еткiзер» жоралғыларының сый-тартулары. Көктемгi «өлiара» өтiсiмен, ата-бабамыз үй айналасын тазартып, қалың қар тiгiсi сөгiлген жайылымға мал шығарған. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сенiм бойынша, үй-iшiн де қағып-сiлкiп, отпен аластайды.
Көне деректер көзiне сүйенсек, наурыз тоғыз күн тойланады екен. Ол той «Наурызнама» деп аталады. Әдетте, наурызнаманы бай, ауқатты кiсiлер жасаған. Бiрақ әр шаңырақ өзiнше наурыз көже пiсiрiп, ақ толы аяғын босағадан аттағанның бәрiне ұсынған. Ауыл ақсақалдары үй-үйден дәм татып, үйдегiлерге ыдыспен сыбаға тасып жүрген. Ол сыбаға iшiлместен бұрын қазанға құйылады. Бұл «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық» дегеннiң белгiсi.
Ұлыс келер түнi Қызыр бабаға арналып әр үйдiң төрiнде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелерi бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. Жылдың алғашқы күнiнде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Ертеректе ауыл адамдарын ұйқысынан тұрғызу үшiн қолданылған мынадай қызық дәстүр болған. Жастар асау тайыншаны құрықтап, оған ерттелген ашамайға зор қуыршақты таңып байлап, ауыл iшiне бос жiбередi. Мөңкiп тулаған асау ауылды азан-қазан етсе де, ешкiм бұған өкпелемеген. Күлiмдеп көрiнген күнге сәлем берiп, шаруаға кiрiседi. Наурыз күнi көзi ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егiлген талдың саясы мен жемiсi мол болады деп сенген. Жаңа сап түзеген шыбықтарға ақ шашу да жақсы ырым.
Ұлыс - жақсы тiлектер күнi. Араздасқандар төс қағысып, татуласады. Бұл күнгi қайын ата мен келiн, күйеу бала мен қайын ата арасындағы әзiл де жарасымды. Жастар алтыбақан құрып, тойдың сәнiн кiргiзедi. Бойжеткендер соғымның соңғы етiн уызға салып пiсiрiп, ұнатқан жiгiттерiне тартады. Бұл салт қазақта «ұйқыашар» аталады. Ұйқыашардың қарымтасына жiгiттер «селт еткiзер» рәсiмiн жасайды. Яғни қалауынша айна, тарақ, әтiр суын сыйлайды. Айна - пәктiктiң, жастықтың, тарақ - әдемiлiк пен сұлулықтың, ал иiссу - жаңа бүршiгiн жарған жауқазындай құлпыр деген белгi.
Наруыз күнi думан-тойды аталарымыз наурызнама атаған. Ұйытқысы, әрине, - жастар. Содан болар, ән мен би, ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Халқымызда «Ақ боран», «Қалтырауық қамыр кемпiр» ойындары бар. Онымен қатар бұл күнi наурыз жыр, наурыз жұмбақ, наурыз айтыс, түрлi әзiл-қалжың, мадақтау өлеңдерi айтылады.
Сең жүредi көктемде астан-кестең,
Ақ атанның бауырын арқан кескен.
Ұлы күнi ұлыстың бас қосқанда
Өлеңiңдi айт, құрбыжан қатар өскен,

- деп, қос-қостан жұптасып, айтысқа түседi.
Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. Қыс қылышынан аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек жақсы тiлектер тiлейдi. Көңiлдiң жаңаруы деген осы. Бұл күнi наурыз көжемен қатар, ауыл адамдары өгiз сойып, қазан көтеретiн болған. Мұның тарихы өз алдына қызық аңыз. Ежелгi жыл санаушылардың есебiнше, үркер күздiң басында шығыстан, қыстың басында төбеден, көктем кезiнде аспан етегiнен көрiнiп, ал жазда тiптi батып кетедi екен. Бұл шақ қырық күнге созылып, оны халқымыз «қырық күн шiлде» немесе «үркердiң жерге түсуi» деп атаған. Көктем кезiнде, яғни наурызда күн жолы үркердiң үстiмен өтiп, үркердiң қос жұлдызы бұқаның мүйiздерi құсап күн жолының екi жағынан қылтиып көрiнедi. Бұған орай халқымыздың «әлемдi көк өгiз мүйiзiмен көтерiп тұр» деген нанымы да бар.
Өгiз етiн арнайы нарқазанда балбыратып пiсiредi. Нарқазанның тарихы да жақсы ырымдармен астасып жатыр. Ежелгi сақ дәуiрiнде халық арасын алауыздық жайлап, ел татулығын тұман басқанда көсемдер келiсiп, үлкен қазан құюға шешiм шығарады. Алайда, қазан соғарлық мыс табылмай қалады да, бүкiл сарбаз жебелерiнiң мыс масағын жинатып, содан нарқазан құйдырады. Осы қазанда қайнатылған астан дәм алысқан араздасушылар өкпе-назын ұмытып, елде татулық орнапты делiнедi аңыздарда. Осындай тай, нарқазандарда қалың қауымға дәм татқызу кейiн үрдiске айналып, ол «шүлен тарту» аталып кеткен. Өгiздiң шекесi ауыл ақсақалдарына тартылады. Бұл сыбағаның аты - «бел көтерер». Ертедегi дәстүр бойынша наурызнама тоғыз күн тойланатын болса, соның сегiзiншi күнi «той тарқар» болады. Мұнда бұған дейiн өнерiн ортаға салып, оза шапқан дарабоздарға, қарсыласының жауырынын жерге тигiзген балуандарға, тiптi тайы озып келген жас балаға да «ат терi» деп сыйлық берген.
«Той тарқарда» жаңа көзi ашылған қайнардың суына қант қосып, оны қауым болып iшiседi. Көзi қарақтылар «салдама» аталатын кiтапты оқытып, ақсақалдар бата бередi.
Айта берсең, наурыздың жөн-жоралғылары өте көп. Қазақстанның төрт түкпiрi түрлiше тойлайды. Бiрақ, қалай болғанда да, жақсылықтың аты - жақсылық, тойдың аты - той.

«Korkyttyn kobyzyn» tekseru kerek

Қазақ сәулет өнерiнiң айрықша орны бар үлгiлерiнiң бiрi – Қорқыт ата ескерткiшi екенi рас. Биiктiгi 8 метр болғанымен, ескерткiштiң басты айырмашылығы – оның бiрде сыңсыған, бiрде күңiренген жұмбақ әуез – қобыз сарынын төгетiндiгiнде. Қобыз бейнесiн елестететiн төрт стелланың түйiсер тұсындағы 40 металл түтiк мұңды әуеннiң қайырымын салып, жаныңызды тебiрентедi. Қазiрде ескерткiш жанынан амфитеатр, қонақ үй нысандарымен бiрге Қорқыт баба өмiр сүрген кезеңнiң тарихынан, мәдениетiнен сыр шертетiн мұражай ашылған. Бүгiнгi әңгiменi осы ескерткiшке орнатылған музыкалық құрылғының авторы, профессор Совет Исатайұлымен жүргiзiп отырмыз.
- Совет аға, негiзгi әңгiмеге көшпес бұрын, мектеп оқушылары «миым ашып кеттi» деп жиi айтатын пән – физика саласына қалай келгенiңiз жайына тоқталып кеткенiңiз дұрыс болар.
- Мен еңбекке жетi жасымнан араласқан адаммын. Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында ауыл ұстаханасында жұмыс жасадым. Кейiн ғой, соғыс бiтiп, оқуға көңiл бөлгенiмiз. Студенттiк шақта жасаған тұңғыш аэродинамикалық құбырым – алғашқы ғылыми жаңалығым едi. Мен физиканың гидроаэродинамика және жылу физикасы салаларымен шұғылдандым. Бұған бала кезгi авиаконструктор боламын деген арманым да үлкен септiгiн тигiзген болар деп ойлаймын. Оған қоса техника ғылымдарының докторы, профессор Лев Вулистiң менiң ғалым болуыма тигiзген үлесi зор деп бiлем.
- Қорқыт ата ескерткiшiне қобыз тартқызып қойған ғалым өзiңiз боласыз. Осы бiр ойға келмес құрылғыны қалай жасағаныңызды әңгiмелеп берсеңiз.
- Бұл сұраққа жауап берерде аңыз бен тарихқа тереңдемей болмас. Анасы жарықтық Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтерген деседi. Босанар сәтте үш күн, үш түн бойы ойнақшыған дауыл күннiң бетiн жауып, жер бетiн қап-қара түнек басады. Сәби дүниеге келген сәтте оның бәрi сап тыйылып, қариялар жағы «Бұл нәресте өзi қорқытып келдi, аты да Қорқыт болсын» деп, алақан жайған екен.
Бiрде Қорқыт қалғып кетсе, құлағына «Егер өлiмдi есiңе алмасаң, мәңгi өмiр сүресiң» деген аян естiледi. Содан өлiмдi ойламай жүрген Қорқыт бiр жолы қашқан баспақты қуып жүрiп «өлсем де ұстаймын» деп қалады. Осы мезетте Әзiретәлi кеп «өлiмдi неге аузыңа аласың, ендi өлетiн болдың» дейдi. Содан Қорқыт мәңгiлiк бақытты ғұмыр кешетiн жерұйықты iздеген ғой. «Жер кiндiгiн тауып қана тiрi қалуға болады» деген аян жетегiнде жер кезiп, ақыры «мәңгi өмiр туған жерiмде екен» деп Сыр бойына келедi. Толқыған өзен арнасының ортасына кiлемiн жайып, көкiрек шерiн қобызбен баян етедi. Сарнаған қобыз әуенiнiң сарынымен су бетiндегi кiлем тербетiлiп батпайды екен. Қобыздың жан толқытар үнi ұлы даланы әуезге бөлеген жылдарда адамдар бақытты ғұмыр кешiптi дейдi аңыздар.
Мiне, даланың осындай ұлы тұлғасына ескерткiш орнатудың оңайға соқпағанын шамалап отырған боларсың. Ескерткiштi орнату жұмысы белгiлi сәулетшi Бек Ибраевқа жүктелген екен, ол ақылдасуға маған келдi. Аэродинамиканың маманы болғаным мұндай жақсы болар ма, желден басқа ештеме жоқ жапан далаға желқобыз жасау керек деген ойға келдiм. Жасаған құрылғыма Қорқыт бабаның мұңды күйлерiне ұқсас үн шығаратын нота таңдау керек қой, бұл жөнiнде музыка маманы, профессор Мұхитовпен ақылдасуға тура келдi. Бiрлесе отырып, жақсы әуен құрастырдық. Мәскеуден тот баспайтын арнайы материалдар алдырып, ақыры музыкалық құрылғыны өз ұстаханамда жасап шықтым.
1979 жылы шiлде айында құрылысшылардың көмегiмен ескерткiш бiр апта iшiнде орнатылды. Сәттi бiткен iстен соң желдiң соғуын күтiп ек, үп еткен жел болмады. «Аспаптың үнiн ести алмайтын болдым-ау» деп алаңдағанымша ызың еткен үн шықты. Жiгiттердiң бiрi «Қорқыт ата қобызының құлағын бұрап жатыр» деп қалжыңдағанша болмай, қобыз үнi сарнап қоя бердi. Сол сәттегi жан тебiренiсiмдi айтып жеткiзе алмаспын.
Ендiгi мақсат – ескерткiшке орнатылған музыкалық құрылғыны бiр тексеруден өткiзу керек. Жиырма алты жыл бойы аспап тесiгi шаң-тозаңға толып, тиiстi үн шықпауы мүмкiн. Бiр тазалап қойған артық болмайды. Бұл жөнiнде Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университет басшыларына сәлем айтып жiбергенiммен, Сыр елiне барудың жолы түспей-ақ жүр.
- Дегенiңiзге жетiңiз. Әңгiмеңiзге рахмет, аға!

Kibise kunnin keremeti men kelemeji

2008 жыл – кібісе жыл, яғни бұл жылда әдеттегідей, 365 емес, 366 күн бар. Тарихта кібісе жыл жайында жақсы көзқарас жоқтың қасы. Көбіне бұл жылы апаттар мен ауыр қайғылы оқиғалар жиі болған екен. Содан ба, кібісе жыл жайлы деректер көзі де аз. Ақпанның жиырма тоғызы – Юлиан күнтізбесінің алпысыншы күні болып келеді. Әрине, төрт жылда бір мәрте ғана. Оның тарихы Рим императоры Юлий Цезарьдың есімімен байланысты. Жыл санаудағы ретсіздікті зерттеп, жоюды император астроном Созигенге тапсырады. Астроном әр жылдың 365 күн және 6 сағаттан тұратынын анықтайды. Егер бұл сағатты сызып тастаса, болашақта үлкен ауытқушылықтар болатынын болжаған Созиген үш жылды 365 күннен, ал қалған 6 сағаттарды жинап, төртінші жылды 366 күн етіп есептеуді ұсынады. Ал артық күнді қыс пен көктемнің түйісер тұсы – ақпанның соңына кіргізуді жөн көреді. Міне, содан бері әлемде жыл санау Юлиан күнтізбесі бойынша дәл осылай жүргізіліп келеді.
72 жылда – 18 жас
Кібісе күні дүниеге келгендер үшін туған күн мерекесін тойлаудың өзі бір ғанибет. Есептеп қарасақ, олар жетпіс екі жыл өмір сүргенде ғана 18 жасқа толады. 29 ақпанда туғандар үшін туған күнді тиімді тойлаудың жүйесін неміс ғалымы, профессор Хайнрих Хемме ұсынған екен. Оның жүйесі бойынша «кібісенің» ұл-қыздарына төрт жылда бір туған күн кешін жасаудың еш қажеті жоқ. Егер қуаныш иесі түске дейін дүниеге келген болса, ол қалған үш жылдың алғашқы екеуін 28 ақпанда атап өтіп, соңғысын көктемнің алғашқы шапағымен мерекелейді. Ал түстен кейінгі уақытта туған болса, керісінше, алғашқы жылы 28 ақпанда тойлап, кейінгі екі жылда наурыздың бірінде туған күн кешін өткізеді. Әлемнің көптеген елдерінде Х.Хемменің жүйесі қолданылғанымен, кей жандар төрт жылда бір мәрте ғана мерекелеуге дағдыланған. Дегенмен оларды құттықтауға келгендер бірден төрт сыйлық алуға мәжбүр. Үшеуі – қарыз жылдардың несібесі. Әлем статистерінің зерттеуінше, кібісе күні дүниеге келудің мүмкіндігі – 1:1461 екен. Бұл есепті негізге алғанда, әлемде 4 миллионға жуық «4 жылда бір жасайтын» жандар барына көз жеткізуге болады. Ресей эзотерик психологы Татьяна Седованың зерттеу еңбегіне қарағанда, кібісе күні тегін адамдар дүниеге келмесе керек-ті. Олардың жұлдызы – балықтар. «Балық жұлдызындағылар арасынан әсіресе, психологтар, мұғалімдер көп шығады. Ол кібісе күнге де тән» деп жазады Т. Седова. Оны біздің қазақстандық психолог-эзотерик Гүлзат Сәрсембина да қуаттап отыр. «Мұндай адамдар көп жағдайда жалқау болып келеді, оларды шығармашылық, карьера аса қызықтыра қоймайды» дейді маман. Десе де, біз кібісе күні туған белгілі телемаман, нағыз шығармашылық адамы, «Хабар» арнасының бас продюсері Серік Аббас-шахты әңгімеге тарттық. Ол туған күнін өзіндік әдіспен тойлайды екен.
«Үш жыл – 10 минут, кібіседе – 3 күн»
– Серік аға, әдетте кібісе күндері қызықты бір оқиғалар болып тұрады екен... Сіз туған күні осы тектес ерекше оқиға болып па?
– Менің анам өмірінде ұзын саны он төрт рет құрсақ көтерген жан. Өкінішке қарай, олардың тоғызы сәби кезінде шетінеп кеткен. Ерекше күні өмірге келгенімді ырым санады ма, жоқ әлде қатты қуанғаны ма, сол күні әкем жарықтық өзін құттықтаған адамның бәріне мал атап, сыйлық жасапты. Құдайдың өзіне де қызық көрінген болуы керек, менен кейін әке-шешемнің “махаббаттық өнімдері” шетінеуден аман қалып, өсіп-өне бастапты.
– Туған күніңізді қалай мерекелеп жүрсіз? Жылда ма, әлде төрт жылда бір мәрте ме?
– Әдетте ақпан айы 28 күнмен аяқталған жылдары туған күнім болады немесе болды деген көңіл күйді сезінген емеспін. Бірақ ақпанның 28-і күні түнгі 23.55-тен кейін 5 минут, наурыздың 1-і күні түнгі 00.05-ке дейін 5 минут алып, “10 минуттық туған күн” тойлап жіберетінім де бар. Өте ақылды таныстарымның бәрі көбінесе сол сәттерде құтттықтап үлгереді. Ал 29-ақпанға келсек, мұның жөні бөлек. Бұл менің нағыз туған күнім. Сондықтан да мүмкіндігімше атап өтуге тырысамын. Бірақ бір күнде тойлап тастауға үлгермей, бұл шараның кейде екі-үш күнге дейін созылып кететіні бар.
– Қазіргі жеткен биігіңізге шығуға осы бір күні туғаныңыз себеп болды деп ойламайсыз ба?
– Туған күнім шығармашылығыма әсер еткен жоқ деп айта алмаймын. Жасым келсе де, шығармашылығымда әлі даналықтың исі де жоқ, балалық қиял, тентектік ойлар басым. Мүмкін, мұның бәрі ақылымның кірмегендігінен шығар? Туған күнімді төрт жылда бір тойласам, жасымның он бірге енді толғаны ғой...
Шотландияның шатақ салты
Кібісе жылды басқа-басқа, бірақ Шотландияның қыздары асыға күтсе керек. Өйткені шотланд дәстүрі бойынша, бұл жылы құда түсу билігі ер адамдардың қолынан әйелдерге көшеді. Ал құда түсіп келген қалыңдығынан бас тартқан күйеу айыппұл төлеуге міндетті. Ата дәстүрдің азабынан қашқан шотланд жігіттері кібісе жыл жақындағаннан-ақ үй болуға асығады екен. Ал үлгермегендері, амал жоқ, «қалыңдығым қашан құда түсіп келеді» деп «оң босағада отыруға» мәжбүр. Ресейде сонау патшалықтан бұрынғы кезеңнен бері кібісе жыл мен аталмыш күнге шошына қарайды. Олар бұл күнді – әулие Касьян күні деп атайды. Аңызға сенсек, Касьян періште кезінде шайтанның арбауына еріп, оған Құдайдың бар құпиясын жеткізіп қояды. Соған ашуланған Құдай Касьянды жазалап, өзге бір періштеге Касьянды үш жыл балғамен маңдайына соққылап, төртінші жылы бостандыққа жіберуді тапсырады. Осыдан да орыс халқы кібісе күннен еш жақсылық күтпейді. «Кібісе жылы жылқының жалы өспейді», «Касьян шаруаны ұнатпайды» дейді орыс халқы. Ресейде кібісе күн жайында бұдан да өзге аңыздар өте көп. Бірақ барлығы да Касьянның кәрі туралы түйінге әкеп тірейді. Кей аңыздар Касьянды Кощей деп те суреттейді. Дәстүр бойынша, Ресей халқы ақпанның 29-нан наурыздың 1-не қараған күні таныстарына жұмыртқа беріп, оны жаруын өтінеді. Ертегі бойынша, Кощейдің жаны жұмыртқада болады ғой. Сондай-ақ бұл халықта «Егер кібісе күні туған жұмыртқаны жарып тастаса, көктем суық болмайды» деген де сенім бар.
Сандар да сӨйлейді
Кібісе күні туғандардың мінез-құлқын сандар арқылы да анықтауға болады екен. Нумеролог мамандардың зерттеуінше, 29 – өте ауыр сан. Яғни ол күні туған адамдардың да мінезі ауыр келмек. Оның үстіне, 2 мен 9 бір-біріне қарсы сандар болып шықты. 2 – пессимистік көзқарасқа ие сан болса, 9 – шатақшыл сан екен. Екеуін бір біріне қоссаң, 11, 1 мен 1-ді қоссаң, тағы да 2 шығады. Ал Күн мен Айды қосып есептегенде 2+9+2, тіпті 13 саны шығады. Бұл санның да кереғар мінезі жайлы әңгімелер көп. Яғни көп ретте «кібісенің ұл-қыздарының» өз-өзіне сенімсіздігі бойларын билеп кете бермек. Мамандар мұндай жанның өз мақсатының ұлы күрескері екенін, бірақ кішкене кедергінің өзі оның рухын құлатып тастайтынын айтады. «Осы Өмірге ылайық...»Кібісе күні отау құруға ниет білдіретін жастар аз болғанымен, кездесіп те жатады. Әрине, Алматыдағы «Жас Отау» АХАЖ бөліміне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты жастардың көңілін біле алмадық. Дегенмен «Жас Отау» қызметкері Ләйлә Айтжанованың айтуынша, жылда бұл күні екі-үш қана жұп отау құрады екен. «Онда тұрған ештеңе жоқ. Сандардың қасиетіне сене берсе, жастарға үйленетін күн де қалмас. Есесіне, алдағы кібісе күн жұмаға сәйкес келеді. Ал жұма – жұптасу үшін ең бір сәтті күн» дейді Л. Айтжанова. Ресейдің көптеген қалаларында АХАЖ қызметкерлері жастардың отау құруға осы күнді таңдауына жаппай қарсы шығып жатыр. Мәселен, Екатеринбург қаласында алдағы жұмада АХАЖ бөлімдері тіпті де жұмыс істемейді. Олар «қызыл күнді» қолдан жасап алып отыр. Есесіне, жастар күміс той, алтын тойларын уақытылы жасайтын болады.
***
Айта берсе, кібісе күннің кереметі де, келемежі де жетіп жатыр. Қазақ даласына бұл күн қандай өзгеріс әкеледі екен? Оған амандық болса, куәгер боламыз...
29 АҚПАНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ТАНЫМАЛ ЖАНДАР:
1784 жыл – Лео фон Кленце – атақты неміс сәулетшісі.
1792 жыл – Джоаккино Россини – итальян сазгері.
1796 жыл – Ламбер Адольф Жак Кетле – бельгиялық белгілі әлеуметтанушы, ғылыми статистика негізін қалаушылардың бірі.
1829 жыл – Антонио Бланко – Венесуэланың экс-вице-президенті.
1840 жыл – Джон Филипп Холланд – суасты қайығын жасаған американ ғалымы.
1860 жыл – Герман Холлерит – Электронды есептеуіш машиналарының (ІBM) негізін салушы.
1900 жыл – Йоргос Сеферис – атақты грек ақыны, Нобель сыйлығының лауреаты.
1936 жыл – Джек Лусма – американ астронавты.
1948 жыл – Ирина Купченко – Ресей халық әртісі.
1952 жыл – Раиса Сметанина – шаңғы жарысы бойынша бірнеше мәрте әлем чемпионы.
Тақырыпқа орай қалжың:
– Сенің туған күнің қашан?–
29 ақпан.
– Кібісе жылы дүниеге келгеніңе шүкір ет. Әйтпесе тіпті де өмірге келмес ең!
воскресенье, 24 февраля 2008 г.
Kara bult
Бақыт басын жастықтан әрең көтердi. Көздерi бұлаудай боп iсiп кеткен. Таңға жақын бiр-екi сағат қана ұйқтағанымен, тым бастығырылып қалыпты. Жайсыз түс көрген секiлдi, есiнде жоқ. Еске түсiргiсi де келмедi. Үй-iшi алакөлеңке екен. Әлсiз денесiн ерiксiз сүйрете балконға беттедi. Түнiмен жаңбыр жауған болатын. Көктi көмкерген қалың бұлттың әлi тiгiсi сөгiлмептi.
...
Бақытқа бұлт үнемi қайғы әкелетiндей көрiнетiн. Анасының айтуы бойынша, бұл өмiрге келетiн күнi де аспанды қара бұлт жапқан екен. Үйде жалғыз қалған ана тыстағы дүние-мүлiктi жаңбырдан қорғалап жүрiп, iшiне күш түсiрiп алды ма, кешкiлiк қатты толғақ қысады. Сол түнi көршi кемпiрдiң дем-демiмен жетi айлығында осы Бақытты босаныпты. Уақытынан ерте туылған сәби аурушаң боп өстi. Ауылдың шаң-құмы, желi де балаға жақпайтын. Қызының қамын ойлаған әке үй-iшiн қалаға көшiрiп әкелген-тiн. Бақыттың денсаулығы қалада да жақсарып кете қоймады. Сәл қатты жүрсе болды, басы айналып, ентiгiп қалады. Әсiресе, бұлтты күндерi қызуы көтерiлiп, түнiмен сандырақтап шығатын. Қара бұлт Бақыттың тек денсаулығы мен көңiл-күйiне ғана емес, тағдырына да таңулы тұрғандай. Неге екенi белгiсiз, мұндай күндерi алға басқан аяғы артқа кете бередi. Мектепте де аспан түнерген күнi мұғалимадан мақтау естiп көрген емес. Не достарымен ренжiсiп, не керегi табылмай, әйтеуiр, жолы болмайтын. Тек кешегi күн... Жас қыздың өмiрiне деген қара қазандай өкпесiн быт-шыт қып талқандып, тағдырын түбегейлi өзгертiп жiбергендей едi. Бұл күн де бұлтты болатын. Бiрақ, бүгiнгi бұлт Бақытқа ерекше сұлу көрiндi. Түсiнiксiз бiр сезiм оны көк жүзiне телмiрттi де қойды. Жанары биiкке қадалған ару желмен жалаңаштанып қалған талдың тамырын байқамады. Қатты жығылды. Қос алақаны мен оң аяғының басы тыз еткенiн сездi. -Бәрi алдамшы... Аузынан ытқыған ыстық леппен бiрге жанарынан екi-үш тамшы жас үзiлiп те түстi. Шиедей ернiнде тұрып қалған жасты сүйрiктей саусағымен сүртiп жатқанда, жанына бiреу таянғанын сездi. Жалт бұрылғанда дәл алдында қолын ұсынып жас жiгiт тұр едi. Бақыт жiгiттiң жүзiнен көз ала алмай қалды. Мiне ғажап! Әлгiнде ғана бұлт бетiнен көрген сұлулықтың жiгiттiң жанарында жасырынулы тұрғанын байқады. Не деген ұқсастық! Не деген сұлулық! Бақыт тiптi бiр сәт аяғының ауырғанын да ұмытып кеткендей болды. Тек содан соң ғана көп қадалып қалғанына ұялды ма, тезiрек тұруға ұмтылды. Мұнысына болмаған жiгiт оны қаңбақша үйiрiп, көтерiп алды. Бақыт бейтаныс жанның құшағында мұздай ерiп, талықсып бара жатқанын сездi. Жiгiт оны жақын ауланың орындығына отырғызды да, керi айналып, жоқ болды. “Қайда кеттi?” деп алаңдағанша болмады, тез оралды. Қолында - екi балмұздақ. Бiреуiн ашып, қызға ұсынды да, келесiсiн өзi жеместен Бақыттың күмпиiп iскен тобығына баса қойды. Есiмi – Арман екен. Бақыттан есiмiн, үй-жайын сұрағанда, бұл бетмоншақтанып, берекесi кете бердi. Сұрағына жөндi жауап та бере алмады. Арман такси тоқтатып, үйiне жеткiзiп салды. Бесiншi қабатқа шейiн көтерiп те апарды. Бұл оқиғадан соң Арман күнделiктi кеп, Бақыттың хал-жағдайын сұрап кететiн болды. Қызықты әңгiмелерiмен қызды көңiлдендiрiп кететiн. Бақыт жiгiтпен танысқаннан кейiн құлпырып, ашыла түстi. Баяғы тоңмiнез қалпы ұмыт болғандай. Оған ендi аспанды ешқашан бұлт торламайтындай көрiндi. Алтын күн мәңгiлiк жарқырап, нұрын төгiп тұрар болса керек. Арман бүгiн де келдi. өзi аса көңiлдi. Әдеттегiдей қыздың денсаулығын сұрап, әзiлдерiн де айтып отырды. Тек кетерiнде ғана төс қалтасынан бiр жапырақ қағаз шығарып қызға ұсынды. Бұл – шақыру билетi болатын. Иә, Арман үйленгелi жатыр едi... Бұл күнi Бақыт түнiмен булығып, жылап шықты...
...
...Бақыт әлi балконда тұр. Бет- әлпетiнен ауыр сырқат табы сезiлгендей. Томсырайып, түнерiп алған қара бұлтқа жақындай түскiсi келдi. Орындық үстiне шығып, балконға асыла бердi. Қос қолын көкке созып: -Не кiнәм бар саған, қара бұ-ұ-ұлт!- деп ышқына шыңғырды. Арудың өксiкке толы сөздерiн үйiрiле соққан жел iлiп әкеттi. Кенет, қыздың ауру аяғы икемге келмей, орындығы шайқатылып кеттi. Бақыттың көз алдында – аспан төңкерiлiп бара жатты...
Нұрболат Аманжол
четверг, 21 февраля 2008 г.
«Basyn jurttyn kosuga - Aral tolyp keledi...»

Арал қасiретi әммеге аян екенiн мойындаймыз. Әлемдегi ең iрiлердiң қатарынан саналатын, Орталық Азиядағы бiрден-бiр тартылудың тырнағына iлiнген iшкi теңiз - осы Арал. Толқынды теңiздiң сонау жетпiсiншi жылдары суы сарқылып, тұз көлемiнiң күрт артуына оның осы ағынсыздығы әсер еттi десек те, саясат пен экономиканы дұрыс реттестiрмеудiң де тигiзген зияны жетерлiк. Күрiш пен мақта егiстiктерiне ешқандай тас плиталарын төсеместен Сыр мен Әмуден қара жердi қақ тiле жүргiзiлген каналдар да теңiздiң көз жасының топыраққа сiңуiне өз үлесiн тигiзбей қалған жоқ. Теңiзбен қоса жылаған Арал халқының дәл бүгiнгi жұбанатын сүйiншiсi - Арал қайтып келедi, ағайын!
БАЛЫҚ БАССЕЙНI БОЛҒАН
Тылсым теңiз тарихы ондаған мың жылдарға созылып жатыр. Мыңжылдықтар легiнде Аралдың бiрнеше рет қайтып, қайта толысқаны ғылым мен тарихқа аян. Оның ұзақ жылдар бойы iрi балық өндiретiн бассейн болғаны да белгiлi. Сонау жылдары Аралдың қалай аталып, Каспиймен жерастылық қандай байланыс жолдары болғанына тереңдемесек те, теңiздiң Ұлы Жiбек жолы керуендерi үшiн тынығып, түйенiң мұрындығын ағытатын «оазис» болғанын, кеңестiк тұста В. Лениннiң бiр хатына орай Балтық жағалауы елдерiне 24 вагон балықты 24 сағат iшiнде жылдам тиеп жiбергенiн сөз етпеске болмайды. Арал ауланатын балық көлемi бойынша Каспий, Азов теңiздерiнен кейiнгi үшiншi орынды иеленген. 50-жылдары балықшылар шеберлiк шыңына жетiп, жылына 42 мың тоннаға дейiн балық аулаған. Теңiз жағасындағы Арал қаласы iрi балық өндiру орталығына айналып, аудан көлемiнде көптеген балық өңдеу зауыттары болған. Арал теңiзi мәселесi бойынша сарапшылық жасап жүрген Батыс Мичиган университетiнiң профессоры Филип Маклин «Осыдан үш мың жыл бұрын Арал ауыл шаруашылықты аймақ болатын. Әмудiң ұзына бойына ағаштан жасалған арналар тартылып, шағын егiстiктер суғарылған» дейдi. Бұл деректердi ауылдың көнекөз ақсақалдары да өз аталарының әңгiмелерiн еске ап растап отыр. Ал 1558 жылы Ұлыбританияның патшайымы Елизавета I жiберген елшi Энтони Дженкинсон да «300-400 жылдан соң бұл аймақ шөлейттi жерге айналып, су тапшылығы халықты тарықтырады» деп айтқан екен. Таң етерi - осының бәрiн бiле тұра кеңестiк империя мен жергiлiктi билiк басшыларының мақта мен күрiш егiстiктерiн суғару жұмыстарына жүргiзген каналдарға ешқандай тас плиталар жүргiзбеген. Осының нәтижесiнде де қос теңiздiң суы топыраққа сiңiп, онсыз да iшкi теңiздiң тұздылығы күрт арта түскен. Қос өзеннен теңiзге құятын су мөлшерi 56 млрд. текше метрден 4 млрд. текше метрге, яғни 14 есе азайған. Теңiз ауданы болса 66458 шаршы шақырым аумақтан 30 мың шаршы шақырымға қысқарған. Тұздылық 10-11 мг/литрден 30 мг/литрге артып кеттi. Теңiз бастапқы деңгейiнен 11,4 метрге төмендеген. 1975-1979 жылдары балық шаруашылығы тоқтап, теңiз жанындағы Авань, Қасқақұлан, Қарашалаң халқы атажұртын тастап, ауа көшуге тура келдi.
Қазiргi таңда Арал теңiзi Үлкен және Кiшi бөлiктерге бөлiнiп кеткен. Оңтүстiкте орналасқан Үлкен Арал кiшiсiнен 12 есе үлкен. Жыл сайын жалаңаштанған теңiз табанынан 150 мың тонна топырақ пен тұз желмен көтерiлiп, жүз мыңдаған шаршы метр жер шөлейттену үстiнде.

«КҮМIС КЕРУЕН» КЕЛЕДI
Дағдарысқа ұшыраған экологиялық жүйе шұғыл жақсарту жұмыстарын тiледi. Әрине, «анасын жылатып қоятын адам жоқ». Жан-жақтан келген ғалымдар мен эколог зерттеушiлер өз жобаларын әкелiп, ұсыныстарын айтумен болды. Олардың көптiгi сонша, егер әрбiр ғалым келерiнде бiр шелек су әкелiп құйып тұрса, теңiз қалпына келген де болар едi. Алғашқы қарастырылған жобалардың бiрi - құны 40 млрд. долларды құрайтын «Солтүстiк мұзды мұхитына құятын өзендердi Аралға тарту жобасы» қаржының жоқтығынан сөре үстiнде шаң басып жатты. Тек кеңестiк үкiмет құлағаннан кейiн ғана ауыл тұрғындары бiрлесiп, қос теңiздiң арасына топырақтан бөгет жасады. Алайда 90-жылдардың аяғында бұл бөгеттi су өзi-ақ шайып кеттi. Кейiн дүниеге келген «Сырдария арнасын реттеу және Кiшi Арал теңiзiн сақтап қалу» жобасы бүгiнде өз жемiсiн бере бастады. Жалпы құны 85,79 млн. АҚШ доллары тұратын жобаның 64,5 миллионын дүниежүзiлiк банк көтерсе, қалған 21,29 миллионын республикалық бюджет есебiнен қарастырылды. Көкарал бөгетiнiң құрылысы 2005 жылдың тамызында тәмамдалды. Содан кейiнгi сегiз айдың iшiнде су деңгейi 38-ден 41 метрге көтерiлiп, шөлден қаңсыған 500 шаршы шақырым аумақ жер сумен жабылды. Бұл теңiзге құйылған 8,5 млн. текше метр судың берген нәсiбi десек те болады. Ал үстiмiздегi жылдың ақпанынан бастап, теңiзден балық аулауға мүмкiндiктер көзi ашыла бастады. Ауыл балықшыларының жылыммен теңiзден қайта-қайта балық суырып жатқанының өзi неге тұрады. Тұрғындар «өлi теңiз» атап үлгерген Аралдың 30 жыл бойы камбаладан басқа балық бермегенi және бар. Оның өзiн Атлант мұхитынан әкеп жерсiндiрмегенде, теңiзде iлiп жейтiн ештеме болмаған-ды. Сырдың суы құйылып, теңiз суының тұздылығы литрiне 14 граммға дейiн кемiдi. Ал қалалық бас дәрiгер Асанбаевтың айтуынша, әйелдер арасындағы анемия теңiз толғалы 70-80 пайыздан елу пайызға дейiн азайған. «Бастысы - БҰҰ бiрнеше жыл бұрын болжағандай, 2020 жылға шейiн түбегейлi тартылып кетпейтiн болды» деген Арал тұрғындары қуаныштарын жасырмайды.
КӨЛ АСТЫНДА ҚАЛДЫ
Тоғыз рет қайтып, сонша рет қайта толысқан алып айдынның табанында қала мәдениетi болғаны бүгiнде белгiлi. Кей тарихшылар тiптi Сыр бойындағы қалалар санын қырықтан асырады. өкiнiштiсi жүргiзiлген зерттеулер жоқтың қасы. Әйтеуiр 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттiк университетi мен Әлкей Марғұлан атындағы Археологиялық институттың ғалымдары қатысқан «Арал-2001» экспедициясы теңiз табанында болғанын бiлемiз. Бұл зерттеушiлер тобы тым кiшкене аумақты ғана қамтыды. Қалғаны игерiлмеген тыңдай бар сырын iшке бүгiп, үнсiз жатыр. Бiрақ соның өзiнде де ғалымдар Арал ауданындағы Қаратерең қыстағынан 75 шақырым жерде орын тепкен «Кердерi» кесенесiн тапты. Бұл ескерткiштiң ұзындығы - 23, енi - 8 метр екен. Алайда күмбезi, қабырғалары қирап, бiраз бүлiнуге ұшыраған. Мұның теңiздiң асау толқындарының нәтижесi, не түрлi әскери флот мүшелерiнiң iсi екенi тағы да жұмбақ.
Жалпы алғанда Арал маңының тарихы әлi де жазылмаған құпия кiтап. Тек сол аймақтың балықшылары мен аңшыларының айтқан аңыздарын тыңдап, ой қорытасың. Ғылыми түйiндер, негiздемелер, қорытындыларды емге табу қиын. Сыр бойы, арал аумақтары экологиялық апат аймағы екенi бесенеден белгiлi. Құм, тұз көшкiнi желмен жарыса кеп көзге тығылады. Тұрғындардың денсаулығы да нашар. Оның үстiне «Возрождение» аралында болған биологиялық-бактериологиялық полигонның зардабы өз алдына әңгiме боларлық тақырып. Мұның бәрi кеп ғалымдарға үрейдей көрiнедi. Шынымен-ақ кiм тыныш мекенiн тастап, ғылым үшiн денсаулығын қатерге тiксiн? Жоғарыда айтылған экспедиция мүшелерiнiң өзi айға әрең шыдап, сыр бере бастапты. кейбiрi тiптi «аллергияның» ақыретiне де ұшыраған екен. Көкарал бөгетi құрылыс жұмыстары тәмамдалды. Кiшi Аралды сақтап қалудың көрнектi жобасы тарихқа бiршама тосқауыл болды. өйткенi жоба бойынша Кiшi Аралдан артылған су Үлкен Аралға құлайтын тұста тарихи мекендер орны бар. Яғни бұл мекендер тағы да бiршама жылдарға су астында қалды. Рас бұл орайда теңiзге айтар айыбымыз жоқ, тек бұл мәселе бұдан бұрын да көтерiлгенмен, саусақ ұшын қимылдатпаған тарихшыларымызға өкпемiздi айтамыз.

БАРСАКЕЛМЕСТІҢ БАҒЫ ТАЙДЫ
Теңiздегi қос iрi арал - «Возрождение» мен «Барсакелместiң» де тағдыры талқыға түскенi белгiлi. «Возрождение» аз сөз боп жатқан жоқ, әлi де шешiлмеген мәселелерi көп. Бiрақ Барсакелместiң де жағдайы жақсы болмаса да оның әңгiме қалтарысында қап жатқан жайы бар. Аңыз бойынша осы өлкенi мекендейтiн Кiшi жүздiң Әлiм атасының Асан бұтағынан тарайтын Құрбан есiмдi кiсi бұл аралға ерте көктемнiң әлi бұзылмаған мұзының үстiмен келiп, күн жылығасын ақ егiс егедi. Бiр күнi қалың сексеуiлдi, алуан түрлi шөп өсетiн мекенде ұйқтап жатқан алып жыланның үстiнен шығып, қолында шитi мылтығы бар Құрбан жыланды екi рет басынан атады. Ауыр жарақаттан аласұрып, айналасын құйрығымен сабаған жылан сол төңiректегi iрi сексеуiлдердi шалғымен қиғандай жапырып жiберген көрiнедi. Ұзындығы сегiз метр болған айдањар жылан аралға ешкiмдi жолатпағаннан кейiн де көп заман осы төңiректi мекендеген жұрт бұл жердi Барсакелмес атаған екен.
Көлемi 16795 гектар болатын Барсакелмеске 1939 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесiнiң шешiмiмен қорық мәртебесi берiлген. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы қаулысына сәйкес, теңiз суы тартылғасын, су ортасындағы аралдың құрлықпен шектесiп кеңеюiне орай қорық көлемi 1 млн.608 мың 260 гектарға ұлғайған. Теңiз деңгейiнен 100 метр биiктiкке орналасқан қорықта дүниежүзiлiк қызыл кiтапқа енген құландар өмiр сүрген. Сирек кездесетiн қарақұйрықтар, сүтқоректiлердiң 23 түрi өсiп-өнiп жатыр. Мұнда iшiне енген түйелi кiсi жасырынатын сексеуiл орманының алқабы, құстардың 175-тен астам түрi бар. «Барсакелмес» мемлекеттiк табиғи қорығының директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, мұнда 1953 жылы Түркiменстанның Бадхыз қорығынан әкелiнген құландар жерсiнiп, көбейiп, өсiп, өнiп кеттi. Олардың 260 басы Арал теңiзi тартыла бастаған соң Қапшағайға әкетiлген. Қалған 50 бас құлан қазiр 215 басқа жетiп, көбейiп келедi. Дәл қазiргi таңда «Барсакелмес» қорығы үлкен қамқорлыққа зәру күн кешуде. Мұнда ауыл шаруашылығы министрлiгi бiрсыпыра жағдайлар жасағанымен, аң-құстарды қорғауға бөлiнген 9 мотоцикл, 2 «Нива» автокөлiгi, 2 «УАЗ» және 1 «Беларусь» тракторы мен рация ғана бар. Қару-жарақ жағы аз болмағанымен, соған тиiсiнше сұқ көздер де жетiп артылады. Былтыр мұндай сұғанақтарды ауыздықтаудың 16 дерегi тiркелген.
Экологиялық жағынан да қорықтың қайыр тiлейтiн жөнi бар. Қазiр құландар мен қарақұйрықтар көктемнен қалған қақ суларын талғап жұтады. Қорықта 50 жыл бұрын қазылған жалғыз скважина ғана бар. Оның да суы баяғы бұрқаған екпiнiнен басылып, тамшылап қана ағып тұр. Айналасы мыңдаған гектар болатын үлкен қорықтың аумағында бұл жыпырлаған аң мен құстардың көп ұзамай шөлден қырылуына әкелiп соғатын апатты жағдай.
Көкарал бөгетi көлдi сақтап қалудың көрнектi жобасы болды дедiк. Ендi жобаның екiншi бөлiгiнiң нәтижесiн күтемiз. Яки Сырдария арнасын реттеу жұмысы. Құмға толған арнаны тазалау шарасы теңiзге құятын су көлемiн арттырумен бiрге дария бойын мекендейтiн ауылдарды су тасқынының басып қалу қаупiн төмендетерi хақ. Ең бастысы - толысқан су тұзды топырақты жауып, Аралдың экологиялық ахуалын жақсартпақ. Әйтпесе созылмалы науқастар саны артып, дiмкәстiң жаңа түрлерiн дамытқан тұзды тұрақтың тағдыры тым нашарлап кеткен-дi. Қайта оралған теңiзге ұзағынан сүйiндiрсiн дегiмiз келедi!

Sen kurmette ony

Тағдыр бұларға келгенде аяушылық танытқан жоқ. Бірін аяқтан, бірін тілден, енді бірін құлақтан айырды. Бала күнінен оқуға, білім алуға мүмкіндігі болмаса да, талабын шыңдауға көп қиындықтар кедергі келтірсе де, олар қоғамнан өз орнын таба білді. Қазақстанда бүгінде тіркеуге алынған 400-ден аса мүмкіндігі шектелген мүгедек жан болса, оның бәрі бірдей оза шауып, бәйге алып жатқан жоқ. Көпшілігі мүгедектігін «мандат» қып, көшеде қайыр тілеп жүр. Осыдан да қоғамда мүгедектер – масылдар деген теріс пиғыл қалыптасқан. Ал бұлар осы пиғылға қарсы күрескен жандар. Біз сөз еткелі отырған бүгінгінің ерлері әлі өрімдей жас. Ал жеткен белестері аяқ-қолы балғадай, он екі мүшесі сау азаматтардың ісіне бергісіз. Біз оларды үлгі етуге тиіспіз. Өйткені олардың еңбектері еленуге тұрарлық.
Анар Венгрияға аттанды
21 жастағы суретші Анар Әбжанова осы күндері Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан халықаралық көрмеге қатысып жатыр. Ол онда 3 шығармасымен аттаныпты. Бірі – қазақ қызының бейнесі, екіншісі – Алматы көрінісі де, үшіншісі – Италия кешінің көрінісі екен. Анасы қызының бұл сыннан да жүлдесіз оралмайтынына сеніп, сүйіншісін сайлап отыр. Анар үш жасына дейін жүре алмай қиналса, одан кейін еркін сөйлеу мен естудің бақытын сезіне алмай өсті. Құлағы әлсіз еститін балаларға арналған мектепте білім алған оның сурет салуға ептілігін анасы 5 жасынан-ақ байқапты. Содан 7 жасында қызының өз өтінішімен оған бояулар мен қылқалам әпереді. Құлағы естімейтін суретші А. Уткиннің студиясына беріп, одан суретшілік өнердің әліппесін игеруіне көмектеседі. Бүгінде Анар Голландия, Италия, Корея сынды елдерде өткен бірқатар халықаралық көрмеге қатысып, жүлдегер, жеңімпаз боп оралды. Оның есімі қазірдің өзінде әлемнің танымал кәсіби қылқалам шеберлерінің тізіміне еніп үлгерді. «Өткен жылы Анар өзінің «Трибуна» аталатын тұңғыш жеке көрмесін өткізді. Алпыстан аса суретін көрермен назарына ұсынды. Ашынатынымыз – дарынды қызға елімізде демеушілік танытып, қол ұшын созатын жан табылмайды. Ал оны АҚШ, Корея, Италия өздерінде білім алуға, еңбек етуге шақырып жатыр» дейді анасы Базаргүл. Анардың ерекше қабілеті өзіндік «менін» қалыптастырды. Соның арқасында ол өзін ешқашан мүгедек сезінген емес. Ол тағдырдың тауқыметін өзінше жеңіп келеді.
Айманның арманы
Айман қазір өзі құрған «Қайсар» мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мен қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Өзі қоларбамен қозғалса да, жұмысты жылдам, тиянақты атқарады. Ол балғын шағын құлынша шауып өткізген еді. Тек 11 жасында орталық алаңда құрылған алтыбақанда тербелген сәтінде жығылған бақан астында қалып қойып, қос аяғы зақымданған еді. Содан бері міне, 14 жыл қоларбаны сүйеніш етіп келеді. Перзентінің саулығын ойлаған ата-анасы Бақыт пен Қарлығаштың Айманды көрсетпеген ақ халаттысы жоқ. Бірақ аяғына ем қонбасын білген қыз бақытты басқа бағыттан іздеді. Талай жыл «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінде ерікті болып жұмыс істеген ол шет тілін меңгеруге ерекше ден қойды. Қиын болса да, Қызылорда қаласындағы академиялық университеттің экономика-экология және құқық факультетін бітіріп, кейін Ақтөбедегі сал ауруларын қолдау қоғамынан біраз тәжірибе жинаған соң, жоғарыда аталған мүгедектерді қолдау қоғамдық бірлестігін құрды. Атқарып жатқан шаруасы аяқ-қолы сау адамның сыбағасынан аз емес.
«Құлақтан кіріп, бойды алар...»
Алматыдағы «Квадро» әншілер тобының өнері де тамсантпай қоймайды. Тумысынан сөйлеу де, есту де қабілетінен айырылған Цхай Рамиль, Ерғалиев Рүстем, Құнанбаев Еркен, Бабашев Төребек бала күнінен қолмен, қимылмен ән айтуға дағдыланған. Мүгедектер, есту қабілеті шектелген жандардың мерекелерінде ән айтып жүрген «Квадро» енді ірі кештердің сахнасынан да көріне бастады. Жақында ғана «Алтын жүрек» сыйлығының марапаттау рәсімінде көрермендердің көзайымына айналғанына куә болдық. Жігіттермен Рүстемнің анасы Аманбике арқылы тілдескенімізде, олардың арманы – Республика сарайы сахнасында өнер көрсету екенін аңғардық. «Репертуарымызда орысша да, қазақша да әндер бар. Республикалық «Көгілдір құс», Астанада өтетін «Назар-Взгляд» сынды фестивальдерде еліміздің әнұранын, «Ана» әндерін орындап жүрміз. Біз үшін айтатын ән таңдаудың өзі ерекше. Өйткені көп әндер қол қимылына келе бермейді. Ал біз әнді тек құлағы естімейтіндер үшін ғана емес, барлық адамдарға арнап айтқымыз келеді» дейді жігіттер. Топтағы төртеу де қазір Алматы сервис колледжінде стилист-модельер, шаштараз мамандықтары бойынша білім алуда. Алдағы уақытта дизайн студиясын ашамыз деген армандары да бар. Оған қажетті құралдар мен техникаларды әзірден-ақ сайлап қойған.
Құтты шаңырақ
Бірақ бәрінен де ер тұлғалы Руслан Құттымұратұлының ерлігі еріксіз елжіретеді. Шаңырағында бүгінде үш қыз сәбидің шат күлкісі сыңғырлайды. Бірақ бұл бақытқа Руслан қандай қиындықпен жетті десеңізші?..Оны қатал тағдыр 1 жасында-ақ құрығына іліндірген еді. Қос аяқтың жансыздануы балаға адым ашуға мүмкіндік бермей, тым құрығанда еңбектеудің де бақытын сезіндірген жоқ. Аурудан айықтыратын ақ халаттыны іздеп, Арқа асса да, Алматы барса да қайран болмады. Руслан өзі сол күннің қияметін қинала еске алады. «Анам мен әкем менің жүруімнен бұрын бақытты болуымды тілеген болу керек. Бірақ біз ол кезде бақытты тек жүруде деп түйсінген екенбіз. Бақсы-балгер іздеп, бармаған жеріміз жоқ. Ақыры жылдар өте келе екі аяққа жан бітпесін білдік те, бір Алладан медет тілеп, намаз оқи бастадым» дейді ол. Алла аяққа қуат бермесе де, басқа бақыт берді. Руслан үйленді. Өзі секілді тағдыр аяғын тұсаған Құралай есімді қызды жар қылып, табалдырықтан аттатқызды. Алайда дәрігерлердің барлығы Құралайдың бала босануына қарсы болған еді. Десе де, Руслан мен Құралайдың кейін шегінетіндей тағдырдан көрген теперіші аз емес болатын. Аллаға сыйынып, алғашқы сынақтан өтті. Құралай Рахима есімді қызды аман-сау дүниеге әкелді. Тағдырды жеңген жұбайлар өмір сынағына тағы да екі рет түсті. Өмірге Кәрима мен Мүслима есімді қыздар дүниеге келді. Қазір құтты шаңырақ үш періштенің күлкісімен ажарланған.
Түйін:
Мүгедек болса да, мүмкіндігі шектелсе де, асқақ арман, ерен еңбектің арқасында қоғамнан өз орнын тауып жатқан жандар жетерлік. Олар біреуден қайыр не көмек тілеп үйренбеген. Дегенмен оларға демеу керек. Анар өз суреттерін сатып, жаңа бояулар алуға, халықаралық көрмелерге шығуға қаржы тапқысы келеді. Бірақ оны сататын студиясы не арнайы орны жоқ. «Тіпті базардың бір бұрышы да жетер еді» дейді анасы. Анар тіпті суреттің өзін үйде салуға мәжбүр. Айман болса, өзі ғана емес, барша мүгедектің мұңына ортақтасып, олардың өз кинотеатрын, өз мәдени ошақтарын, өз медициналық орталықтарын ашқысы келеді. «Квадроның» жігіттеріне келсек, қаржы болса «қатырайын» деп тұрған жобалары жетерлік. Дизайн студиясын ашып, жеке кәсіпкерлікпен айналысу да ойларында, сондай-ақ қолмен ән айтушылар үшін арнайы курстар жүргізілсе деп те армандайды. Руслан мен Құралайға жаңа қоларбаның өзі үлкен қуаныш болар еді. Әйтпесе ескісі сынып, жол ортасында қапы қалдырып жүр. Иә, мұның бәрі олардың өз аузынан шықпаған мұңдары. Біз жанарынан оқып қана жазып отырмыз.
Нұрболат Аманжол
Munymdy menin kim ugar?

Соңғы деректер жаға ұстатарлық. Кейінгі жылдары ана мен бала денсаулығына кеңінен көңіл бөліне бастағанына қарамастан, олардың арасындағы өлім-жітім мен түрлі сырқаттар саны едәуір жоғары. Оның ішінде есту қабілеті шектелген сәбилердің үлестік пайызы жыл санап еселеніп келеді. «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы берген мәліметтерге сүйенсек, үстіміздегі жылы Қазақстандағы есту қабілеті шектеулі жандардың саны 155 мыңға жетіп отыр. Бұл сан осыдан он жыл бұрынғы көрсеткіштен 3 есе жоғары. Қабілеті шектелген жандардың әлемдік көрсеткіштері де жоғары. «Вайдекс» есту қабілеті шектелген жандардың халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, олардың саны соңғы жеті жыл ішінде 200 миллионнан 500 миллионға бір-ақ жеткен.Саңырау мүгедектер санының күрт өсуін экологиялық жағдайдың нашарлауымен ғана сипаттап қоюға болмайды. Олардың көпшілігі дәрігерлердің сауатсыздығынан туындап жататын жағдай. Ананың жүкті кезі мен баланың буыны қатаймаған сәби шағында оның иммундық қорғаныс жүйесімен сәйкеспейтін дәрі-дәрмектер беру болашақта баланың есту қабілетінен айырылуына әкеп соғып жатыр. Ал есту жүйесінде мүлде саңылау жоқ жандарға ем қонбайтыны белгілі. Ал дыбыс қабылдау мүмкіндігі төмен жандарға жасалатын операция құны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен баға бойынша 30 мың АҚШ долларын құрайды. Ал дәл осындай операцияны Ленинград және Санкт-Петербург қалаларында 2,5 мың АҚШ долларына жасатуға болады. Өкініштісі, мамандардың айтуынша, Қазақстанда операция жасатқан жандар бәрібір шетелде үш жыл сайын бір мәрте тексеріліп, дыбысты жоғарылатып отыруы тиіс. Өйткені Қазақстанда операциядан кейінгі реабилитация жасайтын мүмкіндік жағы қарастырылмаған. Ал елімізде операция жасатып үлгергендердің саны әзірге 23:3 ересек жан және 20 бала. Әрине, өзі мүмкіндігі шектеулі жан үшін операцияға 30 мың доллар табу аса қиынға соғады, тіпті мүмкін емес десек те болады. Көрші елмен салыстырғанда операция құнының 12 есе жоғары болуы мүгедектерге жасалған жеңілдіктен гөрі, оларды қанауға көбірек ұқсайды. Саңырау мүгедектердің басындағы басқа да шешусіз, ескерусіз қалып жатқан проблемалары шаш етектен. Ең алдымен олардың өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне тосқауыл болатын кедергілер көп-ақ. «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығының төрайымы Аманбике Өсербайқызының айтуынша, ең басты кедергі – мүмкіндігі шектеулі жандардың білімсіздігі болып табылады. «Қазақстанда саңырау балаларға бастауыш және орта білім беру ошақтарының саны жеткілікті. Олардың көбісі Кеңес дәуірінде салынып, дәстүрлі оқу процесіне машықтанып алған мектептер. Дегенмен оларда сапалы маман кадрлары жоқ. Кейбір салалық пәндерді оқытатын мұғалімдерді мүлде емге де таппайсыз. Әсіресе ағылшын, тереңдетілген математика пәндерін қазір балаларға қол-қимыл тілінен хабары жоқ ұстаздар үйретіп жатыр. Олардың әдісі сол – тақтаға сөздің ағылшыншасын және орысша не қазақша аудармасын жазып қояды. Ал оның не мағына беретінін оқушыға қолмен жеткізуге мұғалімнің қарымы жетпей жатады. Сондай-ақ елімізде саңырау мүгедектердің жоғары білім алуы жолға қойылмаған. Бұрын жастардың Ленинград, Санкт-Петербург қалаларында білім алуына арнайы жолдама берілетін. Қазір оның бірде-бірі жоқ. Ал Кеңес дәуірінде салынған арнайы жоғары оқу орындарының бәрі шекараның арғы жағында қалды. Ал Қазақстанда есту қабілеті төмен балаларға арналған орындар мүлде аз», – дейді А. Ерғалиева. Дегенмен мұндай балалардың еліміздің іргелі оқу орындарында білім алуында сәл де болса ілгерілеушілік байқалады. «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы кейінгі екі жылда тендер ұтып алу арқылы балаларға гранттар сыйлап жатыр. Өткен жылы 84 орын жеңіп алса, биыл 83-тің белесі бағындырылыпты. Сол арқылы мүгедек балалар Алматы сервис колледжі, Алматы политехникалық институты, Таңсықбаев атындағы көркемөнер колледжінде білім алуда. Өкініштісі, Алматы сервис колледжінен өзге оқу орындарында балаларға сурдоаудармашы қарастырылмаған. Сондықтан ата-аналар балаларына өз қаражатына аудармашы жалдауға мәжбүр болып отыр. Ал мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдік – әр мүгедекке жылына 30 сағатқа бөлініп берілген сурдоаудармашы оның қажетінің бір бөлшегін де өтей алмайтыны сөзсіз. Қазақстанда сурдоаудармашы маманның жоқтығы да өз алдына үлкен проблема. Оның басты себебі – республикада сурдоаудармашылар даярлайтын жоғары оқу орны түгілі, арнайы факультет те жоқ. Тек дефектология бөлімін бітірген бірсыпыра жастар ғана өз қызығушылықтарымен сурдоаудармамен айналысып жүр. Олардың өздері де отбасында не туыстары арасында саңырау азаматтар бар болғандықтан, осы қиындыққа қарсы тұруға талаптанғандар. Ал нақты сурдоаудармашы мамандар елде жоқтың қасы екен. А.Ерғалиеваның айтуынша, бүкіл ел бойынша қол саусақтарымен қимыл жасау арқылы сөйлесуді үйрететін тәжірибелі мамандар саны екі-үштен де артылмайды. Ал қалғандары өздерінің шала білімдерін балаларға сабақ деп үйретіп жүргендер көрінеді. Өйткені оларды реттейтін бірыңғай стандартты сөздер жинағы биыл ғана жарыққа шыққан. Ал бұған дейін мүгедек балалар баяғысынша ресейлік бағдарламамен оқып келді. Бұл бағдарламаны 30-35 жыл бұрын Мәскеу және Ленинград қалаларындағы Сурдопедагогика институтында қызмет жасайтын мамандар бірлесіп әзірлеген болатын. Әрине, оның қазіргі дербес еліміздің мемлекеттік мүддесіне мүлде сай келмейтіні белгілі. Сондай-ақ арадағы 30-35 жылда дүниеге келген он мыңдаған сөздің қол-қимыл нұсқасы еш жерде бекітілген жоқ. Осының нәтижесінде де әр мұғалім өзінше қимылдар жасап, оларға балама тауып жатыр. Қазір мұндай диалектінің көбейіп кеткені соншалық, республиканың әр аймағындағы есту қабілеті шектеулі жандар бір-бірін түсінбейтін дәрежеге жеткен. Сурдоаударма ісіндегі осындай шалағайлықтар нәтижесінде де мүгедектер өзге елдерден келген сурдоаудармашылардың көмегіне мұқтаж болып отыр. Алайда оларға қолғабыс беруге келген сурдоаудармашылардың көбі – түрлі діни секталардың өкілі. Кришнаит, Иегова, «Жаңа өмір» сынды діни ұйымдарға тартылған саңыраулардың қайта қоғамға араласып кетуі неғайбыл нәрсе. Өйткені бұл діни секталарда ешбір мереке атап өтілмей, науқастанған жағдайда дәрігерге баруға, ем-дом қабылдауға тыйым салынған. Осыдан да олардың балаларының шетінеп кетуі жиі ұшырасып отыр. «Кейбірін алдап, астындағы баспанасын тартып алғандары да табылып жатыр. Қазір біз солардың мәселесімен прокуратураның есігін тоздырып жүрміз. Әзірге нәтижесі жоқ», – дейді орталық төрайымы. Баспана мәселесі мүгедектер үшін әлі күнге даулы түйін болып қалып келеді. «Мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы» Заң бойынша барлық мүгедектердің тегін баспаналы болуға құқығы бар. Алайда «Тұрғынүй қатынастары» Заңы тек 1 және 2-топтағы мүгедектерге ғана үй берілетінін алға тартады. Осыған байланысты есту қабілеті шектеулі жандардың бәрін 3 топқа ғана жатқызады екен. Дегенмен екінші топқа іліккендерінің өзі үй түгіл, оның мұржасының иісін де сезіне алмай келеді. Айталық, 1982 жылдан бері отбасылық жатақханада тұрып келе жатқан қала тұрғыны Бимәдиев Қайырғазының отбасы осыншама жылдан бері үй кезегінде тұр. Әлі 50-орынға да ілікпепті. Өзі, әйелі, екі баласы – төртеуі де есту қабілетінен айырылған 2-топтағы мүгедектер. Заң бойынша ол баспаналы болуға әбден құқылы. Алайда жұмыстың атқарылуы барысындағы шалағайлықтар еш нәтижеге жеткізбей отыр. Осындай қиындықтарға қарсы тұрған «Үміт» саңырау мүгедектер орталығы бүгінде бірқатар жұмыстарды алға қойып үлгерді. Ең алдымен есту қабілеті шектеулі жандарға арналған «Қол қимыл сөздігін» шығарса, жылына 2-3 мәрте жастарға тегін сурдоаударма курсын жүргізеді. Дәл қазіргі таңда 40 қыз аударма ісіне машықтанып жатыр. Алайда орталықтың аядай ғана қос бөлмесі мүгедектердің бар қажетін өтеуі мен жаңа жоспарларын іске асыруына мүмкіндік бермей отыр. Әйтпесе өнерлі өрендер фото, дизайн, көркемөнер студиялары мен сән салондарын ашатын бірқатар жобаларды әзірлеп тастаған. Әттеңі – қолдайтын демеушілер табылмай отырған көрінеді. Шарасыздықтан «Үміт» орталығының тарлау келген екі бөлмесі бір күн көрмеге, бір күн мектепке, енді бір күн сән салонына айналып отырады. Ұйымның жақында сурдоаударма орталығын ашсақ деген ойы бар. Бірақ тағы да ғимарат пен қаржы жағы қинайды. Әрине, орталық үкіметтік емес ұйым болып табылатындықтан, Үкіметтен ешқандай көмек болмайтыны белгілі. Ал қайырымды мекемелерден түскен қаражат белгілі бір акциялар өткізуден артылмасы анық. Есту қабілеті шектелген жандардың сырын ұғып, мұңына ортақтасатын қайырымды жандар табылса игі.
Нұрболат АМАНЖОЛ
Нұрболат АМАНЖОЛ
среда, 20 февраля 2008 г.
Zharyk aina

ДҮЙСЕНБI. Ол жанарын жарық айнаға қадады. Бiрақ қанша үңiлсе де өзiнiң бет-жүзiн көре алар емес. Оның орнына тырмаласаң да татым бермес қу тақыр дала жатты...Ол жуыла-жуыла түсi оңған жасыл жейдесiн үстiне жапсырды да, жүгiре жөнелдi. Бағыты – Сейфуллин көшесi. Қолтығына қысып келген қара дорбасын жанындағы тал бұтағына iлiп едi, сырғи түсiп сау ете қалды. Тал екеш тал да мұны жатсынады, артық көредi. Оның үркек көздерi төңiректi тiнткiлей бастады. Анадайда топтанып, карта қызығына түскендер бұған ауылдың аш құрсақ азу тiс иттерiндей елестеп кеттi. Дабырласып, даурығысып бiр-бiрiнiң қоң етiн жұлып жеуге де бар. Мұны көрген ол өзiн бұралқы иттей сезiндi. Қайырымды бiреу мүжуге сүйек тастаса, ана қызыл көздер бұған бұйыртпасы анық. Кешке дейiн көше күзетiп, нәр татпастан жатақханаға кеп жығылды. Терезенiң пердесiн ысырып жапты.
* * *
СЕЙСЕНБI. Ол жанарын жарық айнаға қадады. Биiк болса да, жемiс бермейтiн талдар көрiндi. Күн мен желден қорғар саясы болғанымен, жапырағын шайнамасаң, жұғым бермейдi...Ол тысқа шығып, турасынан аялдамаға тартты. Хабарландырулар тақтасына алыстан көз тiгiп едi, жанарына сарғайып бiткен сайлау қағаздары iлiндi. Оның бiр сәт додаға түскен дөкейлердiң күн қақтаған кескiндерiн қызықтағысы келiп кеттi. Жақын барғанда ғана байқады, үгiт үнпарақтарының үстiне түнгi клубқа күндiзгi күзетшiлiкке шақырған жапырақтай жарнама жапсырылған екен. Ол iштей «Е-е-е, депутаттарымыз жұмысты осылай тауып бередi екен ғой» деп күлдi. Жымиысында ащы ызаның табы бар едi. Күзетшiлiк қызметке тез келiстi. Кешелi берi нәр сызбаған қарынның бұлшық етке берер қайраты қайсы? Iздегенi де осындай жеңiл жұмыс болатын. Кешкiлiк қанағатсыз қарынды бiр тойдыруға да жеткiлiксiз тиын-тебенiн уыстап, жатағына оралды. Терезенiң пердесiн ысырып жапты.
* * *
СӘРСЕНБI. Ол жанарын жарық айнаға қадады. Ерке күй тербеген егiстiк алқабы елестеп кеттi...Ол бүгiн бақытын базардан iздедi. өгiз өмiр. Тай-тай жүк тиелген ауыр арбамен арпалысып бақты. Дегенiне көнбеген көлiкпен күрес көп қиналтты. Әйтсе де ол бүгiн ерекше бақытты едi. Тапқаны пұл болып жарытпағанымен, ең бастысы таза еңбектiң наны болатын. Терезенiң пердесi бүгiн баппен ысырылды.
* * *
БЕЙСЕНБI. Ол жанарын жарық айнаға қадады. Бүгiн оған тағы медиен дала көрiндi. Тек көз ұшында жемiсi жерге төгiлген алма ағашы бұлдырайды. Ғажап көрiнiс. Әлде... сағым ба екен?..Ол ұйқыдан тұрғанда, денесiнiң болдырып қалғанын сезiндi. Сүйретiле басып, тағы Сейфуллин көшесiне кеттi. Орнын өткендегi топ төбеттен аулақ сап, оңаша жердегi үйдiң iргесiне құйрығын басты. Түс ауа жергiлiктi нәзiк жынысты тұрғындар – түнгi көбелектер пайда бола бастады. Оның күлкiсi келдi. «Бұ шiркiндердiң де қызметi тәулiгiне 24 сағат болып кеткенi ме?» Алайда әлгiлердiң ашық-шашық денелерiне көз тастап отырып, ойы он құбыла бердi. өзiн нар мiнез санап жүргенiмен, нәпсiсiнiң алдында қара құл екенiн ендi ғана сезiндi. Ақырында, бiрiн ақшасыз-ақ айналдырып көрмек боп едi, онысынан түк те шықпады. Құр әуремен күндi ұясына батырып, қайтып келе жатқанда әйелдердiң шағын сөмкесiн тауып ала қойғаны. Iлiп әкеттi. Тар мекенiне жетiп, сөмкенi ашып қалғанда, бiр бүктелген мың теңгелiктер көзiне оттай басылды. Терезенiң пердесiн өмiрiнде дәл бүгiнгiдей тез ысырып жаппаған болар.
* * *
ЖҰМА. Ол жанарын жарық айнаға қадады. Бүгiн оған табиғат көрiнiсi емес, жаюлы дастарқан елес бердi. Арақ-шарап, түрлi салат толы үстел үстiнен қасиеттi нан көрiнбедi...Ол ертемен кафеге барып, тыңқия тойып, тамағын ащы суға тырнатқан соң, «жұмыс орнына» тартты. Кешегi келiспей қойған келiншектерге: «Кеселiңнiң емi осы ғой, мiне, қылғыт!» деп уысындағы ақшаны лақтыра бердi, лақтыра бердi.Ол бүгiн жатақханаға түн ортасы ауа әрең жеттi. Теңселе басып, төсегiне құлады. Терезенiң пердесiн жартылай жабуға ғана шамасы жеттi.
* * *
СЕНБI. Ол жанарын жарық айнаға қадады. Таң рауандап атып келедi екен. Апыр-ау, мынау таң емес, қызыл қан ғой!..Ол бүгiн төсектен басын әзер көтердi. Басы мең-зең. Қалтасын қарманып едi, соқыр тиын да таппады. Не iстеп, қайда жұмсағаны да есiнде жоқ. Ауыр тартқан басын қос қолымен қысып, көшеге шықты. Бұрылыстағы кафеге кiрiп, арақ сұрады. Ақшасын төлеместен қашуды ойлаған ол айқара ашылған есiкке ұмтылғанда, күзетшi кесе-көлденең тұра қалды. Оны көкiректен соғып құлатып, бөтелкемен басқа қойып қалды. Шағылған шөлмек шыңылы мен күзетшi ыңқылы қатар естiлдi. Терезенiң пердесi бүгiн күн батпастан-ақ ысырылған едi.
* * *
ЖЕКСЕНБI. Ол жанарын жарық айнаға қадады. Бiрақ бүгiн ол ештеңе де көре алмады. Айна бетiн қалың тұман басқандай...Бүгiн ол базарға барып, бiраз жұмыс iстегiсi келдi. Түсi оңған жасыл жейдесiн үстiне iлiп, жүгiре жөнелдi. Аялдамаға қарай бұрыла бергенi сол едi, кешегi күзетшi кезiгiп қалды. Қолында – жалаңдаған өткiр кездiк...Бұл күнi... терезенiң пердесi жабылмай қалды.

Подписаться на:
Сообщения (Atom)